Презентация по воспитательной работе на тему Жаса, жайна ту?ан ел — Егеменді ?аза?стан


Жаса, жайна туған ел – Егеменді Қазақстан! Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18 күндері оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы.ҚР президенті Н.Ә.НазарбаевАлматы, 1991 жыл 12 желтоқсан Егемендігімізге қарай ең алғаш дабыл қаққан осы оқиғаның өткеніне 20 жыл толуына орай Алматыда “Тәуелсіздік таңы” ескерткіші салтанатты түрде ашылып, рәсімге Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысты.
Тәуелсіз боп артты халқым сеніміМұз боп қатқан қайғы – мұңым еріді.Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,Кең тыныстап, ұлы далам кеңіді. Мемлекеттік ту мен елтаңбаның эталондық даналары
ppt_xppt_y Жер бетіне қайта шықты алтыны,Көлдерімде жүзді аққу, қалқыды.Толқын атып дарияларым тасыды,Тау өзені, ақбұлақтар шалқыды. Тартса тағдыр тауқыметі азабын,Сонда – дағы көрдік өмір ғажабын,Бәріне де Тәубе бүгін, шүкір деп,Майдан салар елдігі үшін Қазағым! Тауымыз бар таңырқатқан шыңымен,Ұл – қызындай даламыз бар – ұлы кең,Алдарыңда басымды иіп өр халқым,Құттықтаймын Тәуелсіздік күнімен!!! Қазақстан… Елбасы… Астана… Бұл үш ұғымсыз бүкіл елімізді елестету мүмкін емес. Ойы жүйрік, зердесі сарай кім болмасын, осы үш-ақ ұғымға ұлан-байтақ Қазақстан Республикасы, оның әлем танып, түркі дүниесі бас иіп, құрметтеген Елбасымен қатар Отанымыздың жүрегі Ақордалы Астана сыйып тұрғанын бірден түсінері хақ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты”, – деп Тәуелсіздік құнын тереңнен толғай келіп, айрықша тұжырымдаған. Ф. Майор, ЮНЕСКО-ның бас хатшысы: “Н.Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасын тұрғызып, мықты қадам жасады. Астана – жас мемлекет – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жарқын рәмізіне айналды”(Астанаға “Әлем қалалары бейбітшілік жолында” жоғары наградасын тапсыру салтанатында сөйлеген сөзінен, 2000 жылғы 17 ақпан) Астана – ару, арман қала! Қазақстанның кіндігі – Ұлы даланың жон арқасынан “күндіз күміс, түнде алтын” болып ағатын, шәрбат Есілдің жағасында лағыл-інжудей түрленіп, “өзіне өлердей ғашық етер, тал бойында бір міні жоқ сылаңдаған сұлудай” бой түзеген шаһарға келу мен қызықтауды кім армандамайды дейсіз?! “Астанаға бардым!”, “Астанадан келдім!”- деп, барғанымызда, келгенімізде сондай бір айрықша қуаныш сезіммен айтсақ, астаналықтар: “Мен – астаналықпын!”- деп, мақтанышпен айтады. Уақытпен қатар ажарланып, айшығына өрнегі жарасқан әсем де жас қаланы аралап, Бәйтерекке бір көтеріліп қайтуға еліміздің түкпір-түкпірінен еңкейген кәріден еңбектеген жасқа дейін толассыз ағылып, келіп жатады. Төрткүл дүниенің төрт бұрышынан келіп-кетіп жататын шетелдік саяхатшылардың өзі қаншама! Иә, гүлдене бер, Астана! Тауымыз бар таңырқатқан шыңымен,Ұл – қызындай даламыз бар – ұлы кең,Алдарыңда басымды иіп өр халқым,Құттықтаймын Тәуелсіздік күнімен!!!