Тарбие сагаты 5 класс
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды ана тілін сүюге қадірлеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының бағыты: Ерлік,бірлік, татулық,достық.
Тәрбие сағатының көрнеклігі: плакаттар, буклетер, суреттер
Тәрбие сағатының жүрісі:
22кыркүйек Қазақстан халқының тілдері күні.
Қаңтарда 22 қыркүйек «Қазақстан халқының тілдер күні»болып белгіленді.
Әр халық өз тілін біліуі қажет.(Қ.Мырзалиев)
Қазақ тілі – бай тіл жане тез дами беретін тіл. Ана тіліміздің аса зор, керемет қасиетін Абай атамыз: «Өткірдің жүзі,кстенің бізі өрнегін сендей сала алмас » -деп жоғары бағалаған.
Ана тілің арың бұл,
Ұлтың тұр бетте,
Басқа тілдің барін біл,
Өз тіліңді құрметте – деп Қадір ақын айтқандай басқа тілді білу үшін ең әуелі ана тілін жақсы біліп, шешен сөйлеу ақылдықтың белгісі. “Ана тілін білмеген ақылы жоқ хиелік бас ”- деп ақын ана тілімізде жақсы сөйлей білмеу де үлкен кінә деп көрсетеді. Ананы сыйлаған бала оның тілін де құрметтеуге тиіс.
Ғабит Мүсірепов: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де, болашағынан да қол үзеді»- деген.
Муралары ішіндегі ең қымбаты «Сөз»
Сөз күн шалмас ,қараңғы көңілді шалады
Күн жылытпас, суық көңілді жылытады
Адам да, нәрсе де тозады, жоғалады,
Асыл сөз ғана мәңгі жасайды.
Мектепте өтетін тіл айлығы – Қазақстан халқының тіл мерекесіне қосатын үлесіміз. ҚР. «Тілдер туралы Заңында»: «Тіл ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген.
Тіл – ана сүтімен бойымызға сіңіп, атадан балаға жетіп отырған ұлы күш. Ол талай дәуірді, қоғамды, кезеңдісынды басынан өткеріп келеді. Ана тілі арқылы тараған халық мұраларын өзімізге өнеге етеміз.
М.Әуезов айтқан: «Қазақ тілі ары бай, әрі көркем тіл». Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, кең тіл.
Қазақ тілі – мемлекетімізді өркендеуге себепші болатын қуатты күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтеретін құрал. Адамды мұратына жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше тіл қазынасының тереңіне сүңгіп, інжу – маржан, асылдарын теріп, қыр-сырына үңілейік.
Тілге байланысты сынып сағатымыз «Ана тілі – сөздің пірі», тіл туралы өлеңді мәнерлеп оқудан басталады.
«Қазақтардың халық әдебиеті аса бай әрі жан-жақты» деген П.М. Мелиоран скийдің сөзін мысалға ала отырып, «Ойы жүйрік озар» деген бөлім мақал-мәтелдерге араналады.
Мақал-мәтелдің жалғасын тап:
- Жеті жұрттың тілін біл...
- Жол қуған кәдеге жолығады...
- Ат айналып иесін табар...
- Жақсы сөз жұбатады...
- Жақсы сөзді өлщеп пішкендей...
- Тіл тас жарады...
- Тіл сүйексіз болсада...
- Тіл қоса алар жер мен көктің арасын...
- Ат жүйрігі айырады...
Тіл тарихының тамыры тереңде.
Оқушы: «Ана тілі... жүректіңтерең сырларын басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына». (Ж. Аймауытов)
«Қай халықтың да әдебиеті сол халықтың тарихымен бірге туып, бірге қалыптасып, дамиды... Тым ерте кездерде шыққан таңбалар,әдепкі жазу-сызулар, өлеңді тіркестер, мақалды-мәтелді жолдар, толып жатқан өлеңдер, аңыз-ертегілер осылардың бәрі халқымыздың бейнелі, шешендік өнерге жетелеген дастандарды, поэмаларда, романдарды, драмаларды тудырған өлщеусіз табыстары еді.
Көркем ойдың осындай жиынтығынан әдебиет қалыптасты. Халық санасы өсіп, ойы жетіліп, тереңдеген сайын әдебиетте толысып, жетіе түсті». (М.Жолдасбеков)
1-оқушы. Алып Ер Тұңғаға арналған жоқтау – ежелгі түркі әдебиетінің алғашқы нұсқаларының бірі болып есептелген. Алып Ер Тұңға – тарихи адам. Ақыл-айласымен, күшімен, айтса сөзін өткізіп, тірессе жеңіп, елді ел қылған батыр әрі көсем. Ол қайтыс болғанда артында қалған елі жоқтау шығараған. Сол жоқтау ауыздан ауызға тарап, одан ХI ғасырда түркі ғалымы Махмұт Қашқаридің «Түркіше сөздігіне» кірген, сөйтіп біздің дәуірімізге жеткен.
2-оқушы. Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет (V-VIIIғ.).
Көк бөрі туралы аңыз.
Орхон ескерткіштері.
«Білге», «Күлтегін», «Тоныкөк» ескерткіштерінің тақырыбы, көтерген мәселесі, кейіпкерлерді бейнелеуі, көркемдігі тұрғысынан қазақтың эпостық жырларына өте жақын. Ел қамын ойлаған ерлер суреттеледі. Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк жырларын жазған кісі – Йолық тегін. Ол-Білге қағанның баласы.
3-оқушы. Оғыз дәуіріндегі әдебиет (IХ-Хғ)
Қорқыт ата.
Қорқыт Мұхаммед пайғамбарымыздың замандасы екен.Сыр бойында тұрған. Қорқыттың бейіті бүгінгі Қызылорда облысының Қармақшы стансасына 18 шаырым жерде тұрады.
Қорқыттың басынан өткен оқиғалары ХVғасырда жазылып, хатқа түскен.
4-оқушы. «Оғыз қаған жыры» ХIII ғасырдың аяғы мен ХIV ғасырдың басында хатқа түскен, бірақ соған дейін көп замандар бұрын Орта Азияда, Сыр бойында ауызша айтылып келген аңыз жырлар.
5-оқушы. Ислам дәуіріндегі әдебиет (Х-ХIIғ.).
Орта ғасырда араб халифатының ықпалында болған Азия, Африка, Үндістан мен Испанияға дейінгі жерлерде мұсылман мәдениеті жасалды. «Мұсылман өркениетін» жасауға араб халифатының қоластына қараған көптеген елдер үлес қосты. Оның ішінде түркі тектес халықтарының да айтарлықтай орны болды. Қазақ жерінен шыққан Әл-Фараби, Ахмет Йассауи сияқты ақын-ғалымдардың еңбегі айрықша.
Оқушы. «Тіл дегеніміз қай халықтың болсын кешегі, бүінгі ғана тағдыры емес, бүрсүгінгі де тағдыры ». (Б.Момышұлы)
Оқушы. «Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады». (Г.Гегель)
Тілдер мерекесіне орай түрлі шаралар өтуде. Қазір мекеме, ұйымдар тілдерді қолдау мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасымен жұмыс істеуде.
«Бір ауыз сөз», «Дариға, домбырамды берші маған» әндері, «Ата толғауы» күйі орындалды.
Жақсы сөзді жанына азық етіп, қазақ халқы жүйелі сөзге тоқтап, орнын тапқан екі ауыз сөзді ерқұнымен тең көрді. Тіл өнерін қәдірлеп, құрметтеді. Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін.