М?нерлеп о?у сайысы Та?ырыбы: «Жаса, жайна, ту?ан жерім!» (1-4 с)


Тақырыбы: «Жаса, жайна, туған жерім!»  
Мақсаты: Қазақтың поэзиясымен тілдесу. Туған жер туралы өлең-жырларын оқушыларға жаттатып, білімдерін одан әрі шыңдауына үлес қосу. Оқушылардың еліміздің табиғатына, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Слайд, суреттер
Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі «Жаса, жайна, туған жерім»  тақырыбында болатын мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!
Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым
Алабыңнан арманыма нәр алдым – дей отырып, мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік. Бұл сайыс 1- 4 сыныптар аралығында өтеді. Олар:
Достанова Айжан 2 «А» сынып.
Панфилова Эвелина 1 А сыныпЗима Ирина 1 А сыныпМедеубаева Элина 1 А сыныпЕрпенова Жания 1 Б сынып Мусина Томиристың орындауында «Отан менің асқарым» әні
Баекеева Гаухар 1 Б сыныпОмарова Эмма 1 Б сыныпТурабаева Дильназ 1 Б сыныпЛевченко Александр 2 А сыныпАяганова Шарапат 2 Б сынып Агбаев Алмастың орындауында « Мен сурет саламын» әні
Дуспанов Ельжас 2 Б сыныпАленова Адия 3 А сыныпАхмедова Айгерим 3 А сыныпАкбаев Алмаз 3 А сыныпБабенко Настя 3 Б сынып
Агатаев Алмаз 3 Б сынып
Нурхажаева Камила 3 Б сынып
Аскарова Нурайым 4 А сыныпЕсенжолова Рамина 4 А сыныпЖуматаев Амир 4 А сыныпЕң алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылармен танысайық:
1. Мектеп директоры  -------------------------------------------
2. Оқу ісінің меңгерушісі ----------------------------------------------------------------
және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: -----------------------------------------------
Ал енді сайысымызды бастайық.
/----------------------------------------/» 
Ал қазір «Туған жер» туралы әнін қабыл алыңыздар.
Енді кезекті сөз әділ-қазыларға береміз. Қорытынды: Осымен мәнерлеп оқу сайысымыз аяқталды, назар қойып тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет! Келе жатқан Наурыз мейрамы құтты болсын!
 
«Жітіқара ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мәнерлеп оқу сайысы
Тақырыбы: «Жаса, жайна, туған жерім!»
1 - 4 сынып арасында
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Макашева Г.О
2015 жылы

Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер
1-оқушы
1. Ел мен жер егіз.
2. Жұрт дегенде жұмылып,
Ел дегенде егіліп.
3. Елшіге өлім жоқ.
4. Елшінің қылышы – тіл.
5.Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.
6. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
7. Ел болам десең, бесігіңді түзе.
8. Отан – елдің анасы
Ел – ердің анасы.
9. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
10 Отанды сүю – от басынан басталады
2-оқушы
1. Пәлен жерде алтын бар,
Өз еліңдей қайда бар.
2. Ер елінде,
Гүл жерінде.
3. Отансыз адам –
Ормансыз бұлбұл.
4. Егілмеген жер жетім,
Елінен айрылған ер жетім.
5. Ел іші алтын бесік.
6. Жері байдың елі бай.
7. Отан –қуат,
Отбасы – шуақ.
8. Есің барда елің тап.
9. Туған жердің ауасы да шипа.
10. Елің - панаң,
Жерің – анаң.
3-оқушы
1. Өз елің өзекке теппес.
2. Елуінде ер дана,
 
Елу жылда ел жаңа.
3. Өз елің - алтын бесігің.
4. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңе ұлтан бол.
5. Ит тойған жеріне,
Ер туған еліне.
6. Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.
7. Өз елім - өлең төсегім.
8. Алтын деген - жер сыйы,
Алғыс деген - ел сыйы.
9. Ел даусыз болмайды,
Ер жаусыз болмайды.
10. Ел құлағы елу.
4-оқушы
1.Елдің жаманы,
Батырын жамандар.
2. Аңқау елге - арамза молда.
3. Отан – оттан да ыстық.
4. Елге бай құт емес, би құт.
5. Ерінен айрылған көмгенше жылайды,
Елінен айрылған өлгенше жылайды.
6. Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен   жақсы.
7. Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе өзің жеткенің.
8. Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.
9. Ерден аспақ болса да,
Елден аспақ жоқ.
10. Ел жасымен көрікті,
Тау тасымен көрікті,
11. Үйде оңбаған,
Түзде де оңбаған.  
Саттар Сейтқазин
 «Алтын көл»
Көз жасындай мөлдірейді Алтын көл
Құзардағы шыны мұздай салқын көл.
Сұлап жатқан сұлулықтың төресі,
Көк аспандай мәрмәр қалпын көр.
Айнала тау, айнала орман маңайы
Ақшыл тастар көлге жұққан қалайы
Судың түсін мың құбылтып тұрады
Ерте шыққан алтын күннің арайы  
Мұқағали Мақатаев  
  
«Отан туралы»
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған
Бәрі маған «Отан!» деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық да
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан! Отан!
Бәрінен биік екен
Мен мәңгілікке сүйіп өтем.
 
Қасым Аманжолов
«Атамекен»
Сүйем сені туған ел – атамекен
Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.
Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің
Сенен артық не табам, қайда кетем.
Іздеймін деп  «Жерұйық» желдей желген,
Асанқайғы емеспін, Қасыммын мен.
Қорқытта емеселсізде, көр басында
Қобызымен сырласып еңіренген.
 
Дулат Бабатайұлы
«Аягөз қайда барасың?»
Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,
Аягөз қайда барасың?
Тарбағатай тауынан,
Тоқсан сала қосылып,
Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен жосылып.
Ағының тасты ағызып,
Арнаң қалды осылып.
Міржақып Дулатұлы
«Шешенің балаларын сүюі»
Кім сендерді балалар сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.
Бетін жуған жасымен сорлы анаңа,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
 
   Мектебімізде 2012 жылдың 12 желтоқсанында халық жазушысы, жерлес ақынымыз Қалижан Бекқожиннің шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатымен қалалық деңгейде «V  Қалижан оқулары» өтті. Бұл сайыста «Менің жырым өрен тасқын» мәнерлеп оқу  номинациясынан Қ. Бекқожин атындағы №12 мектептен қатысқан 6-сынып оқушысы Мағажанова Диана
II дәрежелі II орын дипломымен марапатталды. «Туғаннан тың ғасырмен мен сырласпын» жас ақындарноминациясынан шығармашылығы үшін 8-сынып оқушысы Тілеуберген Бұлбұл II дәрежелі II орын дипломымен марапатталды. «Қалижан Бекқожин поэмаларының тілі» оқушылар арасындағы қалалық ғылыми жоба сайысында 8- сынып оқушысы Бәкен Аяулым I орын алғаны үшін мақтау қағазымен мараптталды.
Мәнерлеп оқу сайысы