Внеклассный урок по казахскому языку на тему «Т?рбие бастауы-отбасында !»
«Тәрбие бастауы-отбасында !»
Мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан,топ бастайтын отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту.Үш тұлға ата-ана бала ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру.Жас жеткіншектерді ата-ананың қәдірін,қасиетін ,өнегелі өмірін ,үлкеннің ақыл кеңесін тыңдауға ,инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.Баламен дұрыс тіл табысуға ,сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.Бала тәрбиесіндеата-ананың орнының ерекше екендігін түсіну.
Көрнекілігі : слайд,ұлағатты сөздер ,мақал –мәтелдер.
Отбасы –адамзат бесігін тербеткен ұя болса,баланың бас ұстазы –ата-анасы.Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын,тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып,жағымды қасиеттерге баулиды.Себебі ,отбасы-таным бесігі,отбасы-үлгі,өнеге бастауы.Ата-ананың үйдегі қарым қатынасы,мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі. «Ұяда не көрсе ,ұшқанда соны іледі.»Бала отбасында «Әкеден -ақыл,анадан-мейір алады». «Әке асқар тау болса,ана-бауырындағы бұлақ,ал бала-жағасындағы құрақ.»Осы үш сөз әке,ана,бала –отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Қоғамдағы әр тың шаңырақ босағасы берік, мерейі үстем болмай, мемлекетіміз мықты болыуы мүмкін емес. Бала-ата-ананың игі істерін жалғастырұшы болашағы. Балалы үй базар,баласыз үй мазар дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы,отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы-бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсіуі ,жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Жаны асыл аналарым аяулы,
Түсірмейік көңлімізге қаяуды.
Қыздарыңыз өздеріңді сүйетін,
Аялап ,сүйіп ән шырқайтын қуанып.
дей отырып,қыздарымыз бүгінгі сабағымызға керемет бір ән дайындап келіпті. Гаухар Әлимбекованың « Перзент сыры»
Бала тәрбиесі – бесіктен демекші ертеде бір кісі балалы болып,баласы 6айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан ,қалай бастайтынын сұрапты .Сонда әлгі данышпан егер балаң 6 айлық болса ,онда сен тәрбиені бастауға 6 айға кешігіпсің деген екен.Сондықтан да әрбір ата-ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып,баланың артық қылығын бақылауға алып,бос уақытына назар аударып,барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.Ал балаларымыз да өзін ойландыратын мәселені ата-анамен бірге ақылдасып шешу керек,артық қылықтың ата-анаға әсер ететінін,ата-ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек.
Өлеңдер
Үлкендер-кішілердің ақылшысы.Ана өз баласына: “Жаман істен,жағымсыз сөзден аулақ бол”, “Егіннің соры-арамшөп, жігіттің соры-жалқаулық”деп үйретеді.Кішілер ата-ананың,аталар мен әжелердің және басқа туыстардың жәрдемшісі.Отбасының әр мүшесі өз міндетін,өз ісін атақарады. Отбасындағы бірін-бірі құрметтеу және бірін-бірі жақсы көру көптеген қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Би Қыздар төбы
Отбасы-біздің мемлекетіміздің,халқымыздың бір бөлігі.Отбасына қамқорлық-мемлекеттің басты мақсатының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында: “ Отбасы,ана,әке және бала мемлекеттің қорғауында болады”деп көрсетілген.Бұл мемлекет ата-аналарға балаларды өсіруге және тәрбиелеуге жәрдемдеседі деген сөз.Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын бағып-қағуға міндетті.Олардың тәрбиесіне,білім алуына және денсаулығына қамқор болуы тиіс.Олар өз балаларының іс-әрекеттері үшін жауапты.Ал есейгеннен кейін ата-анасына қамқорлық жасап,көмек көрсету-балалардың парызы.Толыққанды отбасында өзара сыйластық орын алады. Отбасының татулығы қоғам дамуы үшін өте маңызды.
Мақалдар
Осы жерде «Жалғасын тап» ойынын ойнайық . Мен сендерге мақалдардың басын айтамын сендер жалғасын табасыңдар.
Алтын ұяң – Отан қымбат.
Құт береке, атаң қымбат
Аймалайтын анаң қымбат
Асқар тауың әкең қымбат
Бәрінен де ұят пен ар қымбат
Көрініс.
Әр бала-дара тұлға.Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып,балаға үлгі бола алсақ жан-жақты дамыған,шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер ,шешеге қарап қыз өсер»дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы.
Осы жерде мен сіздерге бір «Әсерлі оқиғаны»қойып тамашалатқым келіп отыр.
Осы көрген оқиға балалар сендерге қандай әсер қалдырды.
Ұл балдарымыздың аналарына дайындап келген керемет «Анашым қартаймашы» атты әндері бар екен көңіл қойып тыңдайық.
Әке –шешенің ең үлкен бақыты баласының жақсы азамат болып өсуі .Сондықтан да оқушылар әке шешенің осы бақытын баянды ету үшін сендер барлық күштеріңмен оқып ізденіп,еңбектеніп, жақсы азамат болуға тырысуларың керек екен.Ал ендеше бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз осымен өз соңына жетті.
«Қарнақ »жалпы орта мектеп.
5- «Г» сынып
Сынып жетекшісі:Ю.Моминова.
2016-2017оқу жылы.