?аза? тілі саба?ы Та?ырыбы: ?аза? отбасында?ы бірінші талап


9-сынып қазақ тілі Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасындағы бірінші талапСабақтың мақсаты: оқушыларға коммуникативтік бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, коммуникативтік дағдысы мен білігін қалыптастыру.Сабақтың міндеттері: білімділік - есте сақтау қабілетін ұлғайту, жаңа сөздерді меңгеруге , қысқа әңгіме айта және жаза білуге үйрену; дамытушылық – тақырып бойынша өз ойын айта білу, ауызекі сөйлеу және сауатты жазу қабілеттерін арттыру; тәрбиелік – ата-анасын,бауырларын ардақтауға , қадірлеуге , әдепті болуға тәрбиелеу.Түрі: дәстүрлі , типі : аралас ,әдісі : түсіндіру, әңгімелесу, сөздік, мәтінмен жұмыс,интерактивті оқыту .Көрнекілігі: топқа қатысты суреттер, слайд, тапсырмалар жазылған қиықшалар, интерактивтік тақтаОқыту формасы: жеке-дара, жұптық, топтық. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөліміІІ.Ауызекі сөйлесу-Балалар, біз қандай тарауды өтіп жатырмыз? -Қазақ отбасында кімнің орны ерекше? Неге?-Кім шаңырақ иесі?-Қара шаңырақ кімге қалады? Қай ұл баласына?-Қазақ отбасында неге аса көңіл бөлінген?ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.( ойын арқылы тексереміз) Үш топ өздеріне таңдап алады: «Сенім»-мен сендерге сенемін, сабақ сұрамаймын,сендер сұрақ қойып отырасыңдар; «Өкіл» - топтан бір өкілді жауап беруге шығарасыңдар; «Бәрі» –барлығыңыз жауап бересіңдер. ( «Ата айтады» өлеңін жатқа оқу),6-тапсырманы ( слайд арқылы – бір оқушы)«Сенім» тобының қойылатын сұрақтары: -Өлеңде қандай салт-дәстүр туралы айтылған? -Үлкенді сыйлау – ол қандай дәстүр екен?-Өлеңде қандай көмекші есімдер берілген? т.б.ІV. Жаңа сабақ.1.Мұғалімнің сөзі: А)Тілдесім. -Сонымен ,балалар, халқымызда үлкенді сыйлау – ұлылық , үлкенді сыйласаң, алғысқа бөленесің, үлкендердің батасын аласың. -Сендер, балалар, үлкендерді сыйлай білесіңдер ме? Кәне ,айтайық.-Сендердің отбасыларыңда бірінші талап қандай?( Әке мен ананың сендерге қоятын ең бірінші талап-тілегі қандай?)2.Сабақтың мақсаты айту. -Қазақ отбасындағы да бірінші талап қандай екен, мәтінді оқып талдаймыз.( өздері таңдап алған суреттері бойынша топқа бөлінеді)1-топ «Бесік» , 2-топ «Шаңырақ» , 3-топ «Ұя» топтары3.Сөздік жұмысы. Ә)Тыңдалым.Оқылым. 5 минутҚұлағына құйып өсірген( тұрақты сөз тіркесі) –жақсылап айтып түсіндірген , тіл алғышИмандылыққа, тиянақты, көргенсіз болма, ұқыпты ( сөз тіркесі, сөйлем құрастыру) Б) оқылым. Мәтінмен жұмыс (оқулықтың 52-беті)- 8 минут* жақсы оқитын оқушы немесе мұғалім мәтінді оқиды;4. Топтық жұмыс. Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.І топ: 1) мәтінді түсініп оқу, 2) мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастыру,3) «әдептілік», деген зат есімге «болады» деген етістікке морфологиялық талдау.ІІ топ: 1) мәтінді түсініп оқу, 2) мәтіннің мазмұны бойынша тірек сызба дайындау, 3) Көмекші есімдерді пайдаланып екі сөйлем құрастыру.ІІІ топ: 1) мәтінді түсініп оқу, 2) мәтінді мазмұндау, 3) Тәрбие көрген бала өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шығады деген сөйлемге толық синтаксистік талдау жаса.5.Оқушылардың жұмыстарын тексеру. 5 минут6. Мақал-мәтелдердің,ұлағатты сөздердің екінші сыңарын сәйкестендіріп, оқыған мәтінге сәйкес келетінін түсіндіру.-2 минут1.Атаңа не көрсетсең дос,ақылыңа ақыл қос.2.Тәрбиесіз берілген білім алдыңа сол келер.3.Ашу-дұшпан, ақыл- әдепсіз бала – сорлы бала 4.Әдепті бала – арлы бала,.. . адамзаттың қас жауы.V. Сабақты бекіту,қорытындылау. ( 5 минут)Топ атаулары бойынша қорытынды жасау. -Топ атауларыңа байланысты қандай мақал-мәтел айтып сабағымызды қорытындылаймыз.Мысалы, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», (мазмұнын түсіндіру).Ұл бала- қара шаңырақ иесі. Тәрбие тал бесіктен басталады. т.б. Сөзімізді қорытындылай келе, ұлы ойшыл әл-Фарабидің : Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі деген ақылымен сабағымызды аяқтаймыз. Осы оймен келісесіңдер ме? Өз ойыңды дәлелде.VI. Бағалау.( 2 минут) Топтар бір-бірін бағалайды-Кімге, кімнің жауабы ұнады? Қандай баға қояр едіңдер. Неге? VII. Үйге тапсырма: 53-бет,5-тапсырма (деңгейлік тапсырма).