Технологическая карта ?й ??стары


Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы
Екінші кіші топ: «Құралай»
Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Жапсыру.
Тақырыбы: «Үй құстары»
Мақсаты: Үй құстары туралы түсініктерін нығайту,олардың мекенін,тіршілігін,дала құстарынан айырмашылығын ажырата білуге дағдыландыру,үй құстарына деген қамқорлыққа баулу.Үй құстары туралы әңгіме.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Үй құстарының суреті.
Қостілділік компонент: Үй-дом- House
Құстар – птицы -Bizds
Оқу іс-әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Амандасу.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң достарым. Балалар шеңбер бойына тұрып орындайды.
Ұйымдастыру
іздестіру- Балалар қазір жылдың қай мезгілі.
- Көктем мезгілінде қандай ауа
райы өзгерістер болады ?
-Дұрыс айтасыңдар.
Балалар сендер үй жануарларын білесіңдер ме,қане атап беріңдерші.
- Өте жжақсы,балалар бүгін біз құстар туралы білетін боламыз.
- Құстар үй құстары және дала құстары болып бөлінеді.
- Үй құстарына тауық, әтеш,
қаз,үйрек,балапан жатады.
-Иә,балалар олар үй маңында аулада тіршілік етеді,адамдар оларға жем,тары береді.
Қос тілділік компонент: Үй –дом-House, құстар – птицы-Bizds.
- Өте жақсы,балалар дала құстарын айтайықшы.
- Иә,балалар бұл құстар далада орманда өмір сүреді.
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер жауабын тауып көріңдер,жарай ма?
Кеудесі қайқандап,
Жүреді байпандап.
Ол не?
-Иә,балалар міне бұл үй құстарының бірі - қаз.
Қаздың мойыны,тұмсығы ұзындау болады.Ал мынау қанаттары.
- Ал мынау- үйрек.Бұл құстар суда жүзгенді ұнатады.
Балапандарын суда жүзуге баулиды.
- Ал,мынау суретке,
қараңдаршы,бұл не?
- Тауықтың түсі қандай?
- Тауық қалай дыбыстайды.
Ал келесі жұмбағымды мұқият тындаңдар.
Бұрап қойған сағаттай
Айғайлайды таң атпай.
Ол не?
Иә,балалар бұл әтеш,ол таңертен адамдарды ұйқысынан оятады,
жан-жағына қарап ,қақпаға шығады,қанаттарын қағып қатты айғайлайды. Әтеш тауықтан
үлкен оның басында қызыл айдары бар ,солай ма балалар?
- Әтеш қалай дыбыстайды?
- Қане олай болса балалар аздап сергіп алайық.
Сергіту сәті.
Әтеш ерте оянып,
Жан-жағына қарады.
Шынықтырып денесін,
Қанаттарын қағады.

Танғажайып сәт: «Қалпақтың астында не бар?»
(қалпақтың астында жұмыртқа бар,жұмыртқадан балапан шығады)
- Балалар қалпақтың астында не бар екен ?
Түсі қандай
- Пішіні қандай?
- Жұмыртқаның сырты қатты,жерге түсіріп алсақ жарылып қалады.
- Жұмыртқаның ішінде не барын
көргілерің келе ме?
- Жұмыртқадан не шықты?
- Балапанның түсі қандай?
- Өте жақсы,балалар,олай болса,
Қазір біз балапан бейнесін жапсырамыз.
- Қараңдаршы,балапанның денесі қандай пішіндерден құралған?
Ал,мынау суретте балапан қандай
пішіндерден құралған ?
Ендеше ,осы пішіндерден
балапан бейнесін құрастырамыз.
- Қане,олай болса осы пішіндерді қолданып,балапан бейнесін жапсырайық.
- Көктем мезгілі
Күн жылынады,қар ериді ,құстар жылы жақтан ұшып келеді.
-Жылқы,қой,ешкі,сиыр,
түйе,ит,мысық.
Тауық ,қаз,үйрек,
балапан.
Қайталайды: Үй –дом-House, құстар – птицы-Bizds.
-Қарлығаш,көгершін,
торғай, қарға.

-Қаз
-Үйрек
- Тауық
- Сары
-қо-қо-қо
-Әтеш
Ку-ка-ре-ку
Балалар іс-қимыл арқылы көрсетеді.
Балалар қызығушылық танытады.
- жұмыртқа
-Ақ,сопақша
Иә.
- Балапан
- сары
Дөңгелек,сопақ,
үшбұрыш.
-Дөңгелек ,үшбұрыш
Балалар балапан бейнесін жапсырады
Балалар жұмысқа кіріседі.
Рефлексивті
түзетушілік Қорытынды:
-Өте жақсы,балалар сендерге бүгінгі іс-әрекеті ұнады ма?
-Мағанда ұнады,сендер өте жақсы қатыстыңдар, рахмет.
-Ұнады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғады: Үй құстарының түрлерін
Түсінеді: құстардың ерекшеліктерін
Қолданады: ұқыпты жапсыруды,құрастыруды.