Айтыс ?нері ж?не опера ашы? саба?
Желтоқсанның 11-і Сабақтың тақырыбы: Айтыс өнері және опера
Сабақтың мақсаты: Қазақ музыка өнерінің жарық жұлдызы Мұқан Төлебаев туралы айту. Біржан мен Сара операсын толық меңгерту. Өнерге деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Мұқан Төлебаев -аса көрнекті қазақ композиторы. Қазіргі Алматы облысының Бөрлітөбе ауданына қарасты өңірде 1913 жылы дүниеге келді. Мұқан жастайынан ән-күйге құмартып , анасы Тәжібалының тәрбиесінде өседі. Анасы суырып салма ақын, әрі әнші болған. 1951 жылы Мәскеу консерваториясының композиция сыныбын бітірді. Композитор шығармаларында халық музыкасы кеңінен пайдаланылады.М.Төлебаев –қазақ музыка өнерінің жарық жұлдызы. Өзінің аз ғұмырында артына көп мұра қалдырды.
Біржан сал мен Сара ақын Сара суырып салма ақын. Сара бейнесі өмірден алынған . Сара бейнесін композитор“Гүлдер ай”, “Шұбар ағаш”, ой жайлау әннің әуенімен албырт мінезді, әсем сұлу Сараның бейнесін айқын суреттейді. Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасындағы айтысАңыз болып кеткен. Біржан ақын қызбалы, өр көңілді болған.
Операдағы Біржан сал бейнесі. Біржан салдың “Айтбай”, “Адасқақ” әндері суырып салма ақынның жан дүниесін , мәдениетін ой-арманын көрсететін әндер.
Операның басты кейіпкерлері Біржан сал Сара ақын Біржанның әкесі Қожағұл Сараның жұбайы Жиенқұл Степняк уезінің болысы Жанбота
Сұрақтар: 1. Көрнекті қазақ композиторы кім?2. Сара бейнесін композитор қандай әндермен суреттеді?3. Мұқан Төлебаевтың операсы қандай?Композитор қай жылы дүниеге келген?