Сыныптан тыс шара ?зін-?зі тану ?мірі? ?з ?олы?да (6-10 сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Шорға елді мекені
«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Сапаргалыйева Аяужан Муратбековна
Тақырыбы: Өмір өз қолыңда
Сынып:6-10
Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: өз - өзімен әділ болу, жаман әрекеттен жақсы іс әрекетті ажырата білу, елжандылықмақсаты: Өмірдің ақ – қарасын түсіну арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашуМіндеттері: Білімділік: Өз өзімен әділ болуға үйретуТәрбиелік: Жаман әрекеттен жақсы әрекетті айыра білуге тәрбиелеуДамытушылық: Елжандылық қасиетін дамыту
Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі 6-10 сыныптар арасында «Өмірің өз қолыңда» тақырыбында пікірталас өтпекші. Ең алдымен сыныптарды конфет арқылы 3 топқа бөліп аламын.
ІІ.«Гүл теру» стратегиясы. /әр топқа 3 сұрақтан беріледі/
-Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?
-Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
-Өмір адамға несімен қымбат?
- Сен бақыттысың ба?- Сені не қобалжытады, сондай кездерің болады ма?- Өз - өзіне қол жұмсау ерлік пе, әлде әлсіздік пе?- Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса, сен не істейсің?- Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің?
ІІІ.«Әңгімелесу» бөлімі
«Өмір деген тұрмайды қап-қарадан» Ш. Сариев өлеңін оқу
Өмір деген тұрады:таң мен кештен,Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.Құпия,жұмбақ,сырлы дүниеге,Адамдар Армен келіп,Армен көшкен.Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.Бір таяздап өмірде,бір тереңдеп,Бір лайланып,өмірде бір тұнамыз.Күн десең де,тірлікті түн десең де,Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,Жолында жолығатын қос тағдыр бар:Жусан - Жантақ, гүл - Тікен,гүл мен Шеңгел.Өмір дәмі,екі дәм: Ащы - Тәтті,Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.Жолында жолығатын екі тағдыр,Күтеді Адам үшін сын сағатты.Өмір дәмі - екі дәм: улы – усыз,Тірлік татып жатады шулы - шусыз.Кез келіп тағдырына келеді Адам,Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз.Қолға түспес дүние жұрт таласқан,Кітап - Өмір парағын құнттап ашқан.Сезінер жүрегімен,жаныменен,Өмір әр кез ашық Күн,Бұлт та басқан.Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан.Өмір деген тұрады:ақ - қарадан,Ақ - Қара,екі арасын ашып өтіп,Арымен өз бақытын тапқан Адам!
-Мына өлең шумағында не туралы айтылған?
- Өмір неден тұрады?
- Ақын «ақ» және «қара» деп нені мегзеп отыр?
- Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?
- Әрқашан ақты қолдау неге әкеп соғады?
- Өлең мазмұнында шындық туралы не айтылған?
- Өмірде әрқашан жақсылық жасау, кішіпейіл болу, қамқорлық жасай білу қай қасиетке тән?
4. Видеоролик Әңгiмелеу (сұхбат).Аңыз әңгіме: Өзіңізге кейде не үшін өмір сүріп жүрмін деген сұрақты қоясыз ба? Көбінесе біз ата-анамызға менде анау жоқ, мынау жоқ деп шағым айтамыз. Бет әлпетімізге қарап қасым ұнамайды, тырнағым ұнамайды деп жиі өзімізден мін тауып жатамыз.Бірақ, бір сәт ойланып қарасақ тырнағы түгілі қолы, аяғы жоқ адамдар да бар ғой. Басына бір кішкентай қиындық түссе өмірден түңіліп, адасып жүргендер қаншама? Он екі мүшесі сау бола тұра, не үшін өмір сүріп жүргендерін өздері түсінбей, қаңғыбас болып кеткендер қаншама? Өзінің емес өзгенің өмірін сүруді армандаған Ник тағдырының тауқыметін талай шекті.Тіпті кейде оның өз-өзіне қол жұмсамақшы болғаны кездері де көп. Дегенмен өмірге деген құштарлық пен ата-ананың балаға деген шексіз махаббаты нағыз рухани құндылық емес пе ? Осыны ұққан бала өмірге деген жаңа көзқарас орнатып,ол үшін өн бойындағы кертартпа күшпен күресе білді.Мүмкін сізде оның есімін естіген шығарсыз? Ник Вуйчич аяқ-қолсыз дүниеге келген жарымжан екендігіне қарамастан өн бойынан өмірге деген құштарлық таба білген адам. Ни́к (Ни́колас) Вуйчич(ағылш. Nicholas James Vujicic) – кәсіби мотивациялық оратор, сирек кездесетін синдром тетра-амелия деп аталатын ауру түрімен туылған.Ол 1982 жылы 4 желтоқсанда Австралияның Брисбене қаласында Борис Вуйчич пен Душка Вуйчич отбасында дүниеге келген. Ол екі қолы және екі аяғы жоқ болғанына қарамастан дені сау бала болып өмір есігін ашқан.Сондықтан да ата-анасының талабы бойынша ол мүгедектерге арналған емес, қарапайым мектепте білім алған. 10 жасқа толған кезінде сыныптастары тарапынан көрген қорлыққа шыдамай суға батып өлмек те болыпты. Алайда оны жақындарының қандай азап тартатыны туралы ой тоқтатқан екен. Ол физикалық тұрғыдан кемістіктеріне қарамастан серфингпен айналысуға, скейтборд тебуге құмар болады. Гольф ойнағанды ұнатады. Ол есепші(бухгалтер) және қаржыгер мамандықтары бойынша екі жоғарғы оқу орнын 21 жасында тәмамдаған. 19 жасынан бастап студенттер, баларлар алдында өз өмірі туралы айтып, жастарды өмірді сүюге тәрбиелей бастаған.Ал 2005 жылы ол «Ең жас автралиялық азамат» атағын иеленді. Бұл Австралияда өте мәртебелі атақ болып саналады. 1999 жылы «Жизнь без конечностей»(ағылш. Life without Limbs) деп аталатын ұйым құрған. «Attitude Is Altitude» деген қоғамдық маңызы бар мәселелерді көтеретін компанияның президенті. Сонымен қатар бүгінгі таңда әлемнің 5 құрлығы мен 70-тен астам мемлекетін аралап, жарымжан жандар үшін қандай жағдайда да өмір сүру керек екендігі жайында баяндамалар оқыған.Әлемнің елдерін аралап мектептер мен университеттерде өнер көрсетіп, көптеген адамдардың жүрегіне үміт отын ұялата білген Ник Вуйчич жастардың өмір мәнін түсінулеріне түрткі болған атақты тұлға. Аяқ жағындағы кішкене саусақтары көмегімен компьютерде 1 минутта 43 сөз теру арқылы өзінің өмірі және мүгедек жандардың жағдайы туралы «Жизнь без ограничений» (Life Without Limits: Inspiration for a Ridiculously Good Life) деген сияқты бірнеше кітап жазып шығарған.Сонымен қатар көптеген телешоуларға қатысқан,2009 жылы «Цирк бабочек» («The Butterfly Circus») деген мүгедек жанның тағдыры туралы фильмге де түскен. Қолы жоқ бола тұра 1 сағатта 1749 адамды құшақтап рекорд орнатқан болатын.Сұрақтары:1. Бұл адамның өмірі қандай құндылыққа негізделген?2. Бұл адамның тағдыры қандай өнеге береді?3. Ник Вуйчичтің өміріне қандай баға берер едіңіз?4. Кез келген істің байыбына жету үшін қандай әрекет жасау керек?
6. «Шығармашылық жұмыс» әр топқа тапсырма беріледі.
1-топқа «Өмір» туралы өлең шығару
-«Өмір» дегенде не елестейді көздеріңе? Сурет салу
- Өмір мен үшін қымбат себебі.... осы сөйлемді жалғастырыңдар
7. Қорытынды «Фостер қорғау» бүгінгі сабақта ұққанымыз.
8. Топпен ән айту.
ӨМІРІҢЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМА
Сөзі: Серік СЕЙІТМАН
Әні: Сәкен ДӘРІБАЕВ
Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақша басың айналса да бақыттан.
Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Сын сағатта сақтау үшін өз басын
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өмірңе немқұрайлы қарама
Айдын көлге айналса да көз жасың