?зін-?зі тану п?ніне арнал?ан сыныптан тыс іс-шара


Москалев орта мектебі
Өзін-өзі тану сабағы
Тақырыбы:
«Отбасы- бақыт мекені»

Мұғалім: Нурпеисова А.И.
2014 жыл
lefttop


Нұрпейісова Айткүл Ибраивна
Жұмыс орны: Москалев орта мектебі
Білімі: жоғары Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Еңбек өтілі: жалпы педагокикалық өтіл 36 жыл,өзін-өзі тану пәні бойынша 5 жыл
Санаты:екінші
«Отбасы –бақыт мекені» сабағының құрылымына
түсінік хат
«Отбасы-бақыт мекені» сабағын өткізудің негізгі мақсаты «отбасы» құндылығы туралы түсініктерді,отбасы туралы ұғымды кеңейту,ата-ана қадірін бағалай білуге оны сүйе білуге тәрбиелеу.
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі.Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі- бала.Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі,өнегелі,ынтымыақты отбасының ықпалы мол.Сол себепті де сабақта Республикалық «Мерейлі отбасы» жарысының жүлдегері,жерлесіміз Жанбуршинов Зейнулла Абайұлының отбасы туралы материал пайдаландым.Сонымен қатар отбасы жылуын көрмей өсіп жатқан балалар туралы да айта кетуді жөн көріп, «Перзент арманы» атты музыкалық клип пайдаландым. Өмірде кездесетін осындай жайларды салыстыра отырып, оқушылар бойында отбасының берекелі,тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық,бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алу керектігін ұғындыру және тәрбиелеу.
Оқушы сабақта берілген ақпараттан мынадай ұғымдар мен тұжырымдарды есте сақтауы тиіс: -Отбасылық өнеге махаббатта,сыйластықта,береке мен бірлікте екенін есте ұстау. - Елдің, ұлттың болашағы, даму деңгейі отбасынан басталады. -Отбасы-тәрбие бесігі,ұрпақтың жақсылығы мен жамандығы отбасында қалыптасады.
Мектеп: Москалев орта мектебі
Мерзімі: 21.10.2041ж
№1
Тақырыбы: Отбасы-бақыт мекені Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: жақсы көру және кішіпейілдік,бауырмалдық,отбасындағы сүйіспешілік. Сынып: 9 «А» Оқушылар саны:10
Сабақтың мақсаты: Дәйексөз және видио материал талдау арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: -отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерін кеңейту;
-отбасы қадір- қасиеті туралы айта отырып,өз ара сыйластық,бауырмалдық,кішіпейілдік сезімін жетілдіру және дамыту;
- махаббатқа ,мейірімділікке ,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: (материал
дар,дерексөздер)
жұмыс дәптері,
интрактивті тақта,
үнтаспа
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»
Өздеріңіз байқағандай бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
«Отбасы-бақыт мекені»
2.Жағымды ой-пікір (дәйексөз)
«Ана көрген – тон пішер, ата көрген – оқ жонар» мақалды
оқимыз, дәптерге жазамыз.
3.Мұғалімнің сыйы: Балалар сіздер «Мерейлі отбасы» атты
жарыс туралы білесіздер ,міне осы жарысқа қатысып,өлкеміз-
дің намысын қорғаған және жоғарыда мақалда айтылғандай
ата кәсібін жалғастырушы және өз ұрпақтарының бойында
осы қасиеттерді тәрбиелей білген жерлесіміз Жанбуршинов Зейнулла Абайұлының отбасы туралы видио материал
қарайық.Материал қарағаннан кейін талдау.Сұрақтар:
Отбасы бақыты неде деп ойлайсыңдар?
Отбасы құндылығы нелер арқылы көрінеді?
Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыңдар?
Елімізде осындай бақытты отбасылары көп болсын,дегенмен
әлде де балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан балалар да аз
емес ,сондықтан енді балалар сіздердің назарларыңызға
«Перзент арманы» атты вдиоклип ұсынамын.
Осы әнді тыңдағаннан кейін балалар өз пікірлерін айтады.
1.Перзент арманы не?
2.Оның армандары орындалуы мүмкін бе?
Болашақта осындай балалар болмау үшін қандай тілек айтар
едіңдер,алдарыңдағы гүл күлтесіне жазыңдар.Күлтелерді
тақтадағы гүл түйнегіне жапсырамыз.
4.Шығармашылық жұмыс: жазушы ,ақын болып «Менің
отбасым» атты шағын әңгіме,өлең жазу (таңдау бойынша)
5.Топпен ән айту: «Ата -әже» ән айту
Ата-әже
1.Қалмасын деп қатардан, Ойлайтынын сезем мен Айналайын атамнан Айналайын әжемнен Мақтанбаймын бекер мен Өшпейсіңдер санамнан Айналайын әкемнен Айналайын анамнан Күн сияқты ашылар Қамқорымда осылар
Қайырмасы:
Ата-әже Мен сіздерді сүйіп өсемін Ана-әке сыйлаймын ғой бәріңді Мен сіздерге қарап өсемін
2.Қанша көрдім дегенмен Көрмегенім көп менің Қанша білдім дегенмен Білмегенім көп менің Мен дегенде ештеңе аямайтын осылар Таңертең де, кешке де аялайтын осылар Қалай жаман боламын Мен бақытты баламын
6.Соңғы тыныштық сәті
Балалар көзімізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Ескертулер
Нұрпейісова Айткүл Ибраивна
Москалев орта мектебі