?зін-?зі тану п?нінен сыныптан тыс іс-шара
Сабақтың тақырыбы: «Өзін – өзі тану еліне саяхат»
Сабақтың мақсаты:- Оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқушылардың өзін - өзі тануда және өзін - өзі іске асыруда шығармашылық қажеттілігін, оқу іскерліктерін дамыту.Көрнекі құралдар: АКТ, суреттер, ертегі кейпкерлерінің суреті.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел, балалар күлейікКүлкіменен түлейікКүлкі көңілді ашады,
Күліп өмір сүрейік!
СаяхатМұғалім: Балалар, біз бүгін өзін-өзі тану әлеміне саяхатқа барамыз. Балалар, саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?Балалар : Ия, саяхатқа шыққанды ұнатамыз.Мұғалім: Саяхатқа немен шыққанды ұнатасыңдар?(Балалардың жауабы)Мен мотоциклмен шыққанды ұнатамын.Мен ұшақпен шығар едім. Ал мен түйемен саяхатқа шыққанды ұнатар едім.Мұғалім:Бүгін біз сендермен саяхатқа пойызбен барамыз. Сендерге жолсерік мен боламын. Саяхатта бізді көгілдір аспан, мейірімді күн қарсы алады. Балалар, біздің саяхатымызда көптеген аялдамалар болады, сол аялдамаларда бізге арналған тапсырмалар бар екен, сол тапсырмаларды орындайық.
аялдама «Таңдау»
«Таңдау» аялдамасында жағдаяттар шешеді
1-топ: 1. Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Ақылбек сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойынауға шықты. Футбол алаңына барса, Асылбек те ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Асылбек:
-Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы,-деп өз өтінішін Ақылбекке айтты...
2-топ: Төртінші сынып оқушылары арасында өткізілетін «Өнерге қанат қаққандар» атты жарысқа достары Әлиханды ұсынып, үлкен сенім артты. Жарыс болатын күні Әлихан сабаққа келмей қалды. Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады.
3-топ: Қаңтардың қара суығы. Мұхит екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Мұхиттың аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Көрші тұратын Айдос терезеден қарап тұрды.
Мұғалім: -Бұл аялдамадан қандай адами құндылықтарды таңдайсыңдар?
2- аялдама «Белес»
Сіз деген-әдеп Ағашты әсемдеу. Жапырақта берілген сөздерді оқып түсіндіру
Мұғалім: -Егер осы ізгі сөздерді өмірде пайдаланып жүрсеңдер, белестерден сүрінбей өтесіңдер.
3- аялдама «Таным»
1-тап: Коллаж «Достық» жасау
2-топ: жақсы мен жаманды ажырату
3-топ: «Достық» кластер
4 –аялдама «Өрлеу»
«Қызыл телпекті қыз», «Бауырсақ», «Ешкі мен түлкі»
(Осы ертегілерді сахналап, өз нұсқаларын ұсынады).
-Ертегілерді сомдап, сахналап, желісін өзгерту арқылы сіздер, өрлеу шыңына жеттіңіздер
5-аялдама «Жақсылардың жақсысы»
Қораптағы заттардан керегін таңдап алады.
-Сыпайы сөздер кітапшасы
-Ерекше компас жақсы іс-әрекет жасасаң көк түс, жаман іс-әрекет жасасаң қызыл түс көрсетеді
- күн сәулесін шашатын фонарь
-жақсы көңіл-күй қолшатыры
-қошемет сөздер қаламы
-пайдалы кеңестер дәптері
Пайдалы заттардыңкөмегі тие берсін! Өз ризашылықтарыңды білдіріп жүре беріңдер!
Мұғалім: Ендеше, балалар, біз сендермен осы пәнге ризашылығымызды білдірейік.
Ризамын саған, «Өзін-өзі тану әлемі».
Ризамын саған, Отаным менің әдемі.
Ризамын саған, «Өзін-өзі тану әлемі».
Сүйеміз біз, қоршаған бар әлемді.
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!
Өзін-өзі тану пәнінен оқушылар шығармашылығы