Музыка Ба?та?ы б?лб?л дауыс (6сынып)
Музыка 6 сынып
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Бақтағы бұлбұл дауыс.
Сабақтың мақсаты: Бақтағы бұлбұл дауыс жайлы әңгімелеу.Білімділік: Бақтағы бұлбұл дауыс жайлы таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық - іс әрекетін дамыту, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту.Тәрбиелілігі: Бақтағы бұлбұл дауыс жайлы таныстыру арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейірімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.Түрі: Жаңа сабақӘдіс – тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру,сергіту сәті.Көрнекілігі: Сурет,үнтаспа,әуен.Пәнаралық байланыс: Әдебиет, өнер,музыка тарихы.Сабақтың барысы:І. Қызығушылығын ояту.1. Әнұранды орындарынан тұрып, жатқа айту.2. Психологиялық тренинг.- Мен мықтымын,- Мен әдемімін,- Мен өнерлімін,- Мен білімдімін,- Мен қиындықтың бәрін былай жеңемін!
Бақтағы бұлбұл дауыс.
Әншілік өнер әр заманда өзінің жарық жұлдыздарын тудырып келеді. Көптеген әншілер бұлбұл даусымен ел есінде сақталып, қазақ мәдениеті үшін өздерінің зор үлесін қосуда. Әншілік шеберліктің негізін қалап, ұлтымыздың мақтанышына айналған Күләш Бәйсейітова мен өнерін екі дәуірге жалғастырып, халқымыздың сүйікті әншісіне айналған Роза Бағланова және «Қазақтың бұлбұлы» деп халқы еркелеткен Бибігүл Төлегенова. Ал бүгінгі таңда жезтаңдай әншілердің жолын қуып, елімізге танымал болған Майра Мұхамедқызын ерекше атауға болады.Майра Мұхамедқызы әлемдік деңгейдегі опера әншісі. Әншінің ұлттық спектакльдердегі кейіпкерлердің партиясын орындауы мен классикалық шығармалардағы бейнелерді ерекше сомдауы Қазақстанның кәсіби өнеріне қосқан зор үлесі болды. Әнші өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды.Сахнадағы әрбір көркемдік бейнені шыншыл да, асқан шеберлікпен орындайды. Майра Мұхамедқызы әлемге танымал көптеген опералардағы негізгі партияларын орындап келеді. Ол «Травиата» операсынан
Виолетта, Дж. Вердидің «Риголетто» операсынан Джильда, Ж. Бизенің «Кармен» операсынан Микаэла, П.Чайковскийдың «Орлеан қызы» операсынан Иоанна және Г. Доницеттидің «Лючия ди Ламмермур» операсынан Лючия бейнелерін сомдаған. Сонымен қатар, Майра Мұхамедқызы халқымызға кеңінен танымал Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы Жібек және А.Жұбанов пен
Л.Хамидидің «Абай» операсындағы Ажар партияларын орындауда асқан шеберлік танытты.Майра Мұхамедқызы ТМД мемлекеттерімен қоса Еуропа, АҚШ және Шығыс елдерінде гастрольдік сапармен өнер көрсетіп келеді.Майра Мұхамедқызы
өміріндегі ең маңызды оқиға әлемге танымал Париждің Гранд-опера театырмен ұзақ
мерзімді келесім шартқа отыруы болатын. Бұл оқиға қазақтың опера өнерінің биік
деңгейде екенін дәлелдей түсті. Әнші әлем сахналарында жиырмадан астам классикалық опералардың басты партияларын асқан шеберлікпен орындап жүр.
Дегенмен, әнші үшін Абай атындағы опера және балет театры ең сүйікті сахнасы болып есептеледі.Өйткені Майра Мұхамедқызы өз халқының тыңдармандарын аса құрмет тұтады.
Музыка тыңдайық:
Майра Мұхамедқызы орындауында қазақтың халық әні «Ағажай, Алтай».
Ойлан да айт:Қалай ойлайсың, не себепті Астана қаласында Күләш Бәйсейітова атындағы екінші опера және балет театры ашылады?
Сұрақтар:
1. Не себепті Н.Үсенбаеваны әлемдік деңгейдегі опера әншісі деп атаймыз?
2. Н.Үсенбаева қандай шет мемлекеттерде өнер көрсетті?
3. Әнші қазақ операларындағы қандай бейнелерді сомдады?
4. Қандай опера әншілерін білесің?
Үйге тапсырма:
1. «Бақтағы бұлбұл даусы» тақырыбын оқып кел.