Саба? жоспары Оркестрді? ??рамында?ы аспаптар
Сабақтың тақырыбы: Оркестр құрамындағы аспаптар.
Сабақтың мақсаты: Балалардың мамандығына кәсіби бағдар беру.
Білімділік мәні :Үлкен ұжым – ұлттық оркестрдің құрамымен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың жан – жақты білімдерін арттыру.
Тәрбиелік мәні: Ұлттық музыканың, ұлттық аспаптың ұрпақтан –ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге, оны құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Үй жұмысын тексеру: «Домбыра және қобыз аспаптарының түрленуі»
Семантикалық карта
№ Жауаптар Домбыра Қобыз
1 Альт + +
2 Прима + +
3 Бас + +
4 Секунда + 5 Нарқобыз +
6 Қылқобыз +
Жаңа сабақ: Оркестр құрамындағы аспаптар.
Оркестр құрамын үрмелі және ұрмалы аспаптарсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан оркестр құрамы басқа да аспаптармен толықтырылады. Қазақтың көне үрмелі сыбызғы аспабы Еуропаның флейта және гобой аспабымен, сырнай аспабы кейіннен орыстың баян аспабымен, ең көне ұрмалы дауылпаз аспабы Еуропаның литавра аспабымен ауыстырылды. Оған қоса оркестрге Еуропаның барабан және үшбұрыш аспаптары енгізілді. Сөйтіп, оркестр құрамында жаңа аспаптар тобы пайда болды. Қазіргі уақытта оркестр құрамы негізгі бес топтан тұрады.
Оркестр құрманыдағы аспатар сан алуан болады.
Мысалы: Домбыра, шертер, прима-домбыра, бас-домбыра, контрабас-домбыра, қобыз, прима-қобыз, альт-қобыз, бас-қобыз, контрабас –қобыз, жетіген, сырнай, сазсырнай, дауылпаз, асатаяқ, тұяқтас және т.б.
Шертер – 2-3 ішекті ағаштан жасалады. Беті көн терімен тартылып, ішегі жылқы немесе қой ішегінен жасалады. Бұрын мойнында перне болмаған. Құлақ күйі оң және теріс бұрауға келеді. Ұзындығы 600-700 см. Кейіннен пернелер тағылып, бетіне жартылай тақтай жабылып, ішектеріне капрон немесе нейлон қолданатын болды. Соңғы жылдар жасалған аспаптар ұзындау.
Прима домбыра 3 ішекті ағаштан жасалады, ішектері сымнан тартылады. Ұзындығы бойынша шертерден сәл кішілеу және дауысы ашық .
Бас- домбыра – 3 ішекті домбыра көлемі жағынан примадан үлкен дыбысы жуан.
Контрабас-домбыра – 3 ішекті үлкен домбыра дыбысы жуан.
Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған.
Қобыз — әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті көне музыкалық аспап. Қобыздың екі ішегіне және ысқышына аттың құйрық жалының қылы тағылады. Қобыз адамның денесін шымырлатып, жүректі тербейтін қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз күйлері халықтың мұңы мен қуанышын, ішіндегі сырын айқын суреттейді. Ерте заманда қобызда жыршылар, бақсылар, емші — балгерлер ойнаған. Қылқобыздың қазіргі замандағы түрі — прима қобыз.
Прима-қобыз аспабы – үнділігі, дыбыс қамту, оркестрге қосылу мүмкіндіктері мен көлемінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл қобызда бұрыннан қалыптасқан тырнақтың сыртымен, көбісімен ойнау әдісі сақталды. Бұл әдісі дүниежүзіннде жоқ. Теріқақпақ бар.
Альт қобыз – прима-қобыздан сәл үлкендеу. Ал үні сәл төмен.
Бас-қобыз – бұл аспапты жасауда үлкен өзгеріске ұшырады. Бар гәп оның көлемін үлкейтудан туған. Көлемін үлкейткендіктен аспаптың дауысы жуан. Бірақ оның мойны алға қарай еңкеймей, түзу әрі шалқақ жасауды талап етті. Бұл эксперименттің нәтижесінде бас-қобыз виолончельге ұқсас болды. Ойнау тәсілі де виолончельге ұқсайды.
Контрабас-қобыз – мұнда да айырмашылығы пішінінің көлемінде, ішегінің жуандығында және ысқышының ұзындығында.
Сазсырнай — саздан жасалған үрлемелі аспап. Үні ашық, нәзік болады. Сазсырнай Қазақстан аймағындағы Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Ежелде бұл аспап балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралған.
Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады.
Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 – 650 мм немесе 700 – 800 мм болады; 3 – 4 ойықты. Дыбыс қатары диатоникалық, көлемі 2 1/2 октава. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған.
Дауылпаз – қазақтың ұрып ойналатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты - өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндеп жасайды. Қазір дауылпаздың екі түрі белгілі.
Оның бірі - этнографиялық сипаттамасы бойынша қалпына келтірілген түрі.
Екіншісі - үлкен оркестрлер үшін жетілдіріп жасалған үлгісі. Ол 1933 - 34 ж. ш-да белгілі қолөнер шебері Қ.Қасымов, коми. А.Жұбанов, дирижер Ш.Қажығалиевтердің ұсыныстары бойынша жасалды. Жетілдірілген дауылпаздың жан-жағында терісін босатып не керіп тұратын, дыбысын жоғарылату немесе төмендету үшін жасалған арнаулы құлақтары бар. Ежелгі дауылпазда бұл бөлшектер болмаған. Аспаптың осы екі түрлі үлгі-нүсқасы да қазір халық аспаптар ансамбль оркестрлерінде қолданып жүр.
Асатаяқ – сілкілеп онайтын музыкалық аспап. Дыбысы жағынан шылдырмаққа ұқсас.
Тұяқтас – қазақтың музыкалық аспабы. Бұл аспап өзгелерден қарапайым тұрпатымен ерекшеленеді. Аспаптың өзіне ғана тән ерекше үні бар.
Сырнай – орыс халқының музыкалық аспабы. Гармонь, гармоника (грек тілінен аударғанда «үндестік», «үйлесімдік» деген мағына береді) клавишті-пневматикалық аспапқа ұқсас. Гармоньды 1822 жылы неміс шебері Ф.Бушман ойлап тауып, 1829 жылы өзгерістер енгізіп, аспапты жасап шығарған. Алғаш рет сырнай аспабын оркестрге белгілі сазгер, музыка зерттеушісі Ахмет Жұбанов енгізген болатын.
Балалар, қандай ұлт аспаптар оркестрін білесіңдер?
Олар Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі, «Отырар сазы»ұлт аспаптар оркестрі . Үлкен қалаларда халық музыкасын тыңдайтын арнайы концерт залдары бар. Ол- Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің концерт залы. Әндер мен күйлерді жеке аспаптарда және оркестрдің орындауында да тыңдауға болады. Оркестр құрамында көптеген аспаптар болады. Домбыра , қобыз, сырнай, дауылпаз, даңғыра, шертер, жетіген, сыбызғы, шаңқобыз, сылдырмақ, тайтұяқ т.б. аспаптардың әр түрі болады. Бұл аспаптарды 70-ке жуық адам қосылып ойнайды. Мұндай оркестрді дирижёр басқарады.
Музыка тыңдау:
Н. Тілендиев – «Ата толғауы»
«Бұл қай аспап»? ойыны.
Дидактикалық ойын «Жоғалған нотаны тап»
До, Ре, Соль, Си, Ля .... ....
Соль, Ля, Си, До, Фа .... ....
Соль, Си, До, Ре, Ми .... ....
Ре, Ми, Соль, Ля, Си .... ....
Ля, До, Ми, Фа, Соль .... ....
Ми, Фа, Соль, До, Ре .... ....
Си, Ля, Фа, Ми, Ре .... .....
Музыкалық сауат:
Соль – нотасы екінші сызықтың бойында орналасады.
Музыкалық диктант: до, ми, фа, ре, ми, ре, соль, ми, до.
Сабақты қортындылау: Оркестр құрамындағы аспатарды қайталау.
Оркестр құрамындағы аспаптарды бір-біріне пас беру арқылы атап шығу.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру: «Оркестр құрамындағы аспаптар» оқу
Музыка аспаптарының суретін салу