Презентация на тему ХІХ ?асырда?ы Франция


«Франция»Academic Lyceum under Westminster International University in Tashkent Жоспар:Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ФранцияР.Пуанкаренің саясатына халықтың наразылығыФранциядағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктеріФранцуз фашизмінің ерекшеліктеріХалықтық майданның қалыптасуы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франция Соғыстың зардаптары:Соғыстан кейін мемлекеттің жағдайы ауырлай түсті. Себебі: бұл соғыста 1,4 млн француз қайтыс болса, 750 мың адам дене жарақатын алып, мүгедек болып қалды. 3 млн 250 мың жер жарамсыз болып қалды. Франция қарыз беретін елден қарызға белшесінен батқан елге айналды. 1920 жылы мемлекет қарызы 300 млрд франкті құрады. Германияны жеңген соң, мемлекеттегі жағдай шовинистік сипатта болды. Франция Ұлыбританиямен бірге Батыс Еуропадағы жетекші елге айналып, 5 млн тұрғыны бар Эльзас пен Лотарингияны қайтарып алды. Франция отарларының қатарына Африкадағы Того мен Камерунның (неміс иелігі) бір бөлігі, Таяу шығыстағы Сирия мен Ливан (бұрынғы Турция отары) қосылды. Францияның ең басты мақсаты: Францияны еуропа континентіндегі ең мықты державалардың қатарына қоса отырып, басқа Еуропа елдерінің саясатына үстемдік ету болды. Партия «Ұлттық блок» 1919 жылы қараша айында «Ұлттық блок» құрылды. 1920 жылы президент болып Александр Мильеран (1859-1943 гг.) сайланды. А.Мильеран саясаты:Революциялық, жұмысшы қозғалыстарын басуға тырысты;Әлеуметтік реформа жүргізуге және жұмысшыларды (социалистік партия) өндірістегі өнімді бөлуге қатысуға уәде берді. Бірақ уәде орындалмады 1920 жылдың желтоқсан айында Рур қаласында өткен жиналыста делегаттардың көпшілігі Коммунистік Интернационалды жақтап, Франция коммунистік партиясын құрды. Съездің екінші бөлігі социалистік партияда қалды. Ішкі саясат «Ұлттық блок» ішкі саясатта Франция беделін Еуропада ұстап қалу күшін аямады. Оның бұл саясаты АҚШ және Ұлыбританияға ұнамады. Елдер арасы суй бастады. Ұлыбритания да Еуропаға үстемдік етуге таласқан еді. Франция беделін асырмау үшін алып державалар « Дауэс жоспарын» жасады. Алайда бұндай жоспарларға қарамастан Франция экономикасында өз беделі артып, франк құны тұрақтанды. Өндіріс орындары жанданды, ал бұл халықтың әл ауқатының көтерілуіне алып келді.. Экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері:Дағдарысан әсіресе тоқыма өнеркәсібі, қымбат бұйымдар өндірісі, шарап өндіру зиян шекті. Дағдарысты фашизм ұйымы оңтайлы пайдалануға тырысты. Дегенмен Франция мықты республикалық –демократиялық дәстүрі бар мемлекет болатын. Сондықтан да фашистік ұйымдар бытыраңқы болып, 1934 жылы 6 ақпандағы парламентті басып алу әрекеті полиция күшімен тоқтатылды. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Францияны айналып өтпеді. Бұл аса ауыр және қиын өтті. Ол 1936 жылға дейін жалғасты. Халықтық майданның қалыптасуы1934 жылы 12 ақпанда фашизмге қарсы ереуілдер басталды. Оған 1.5млн адам қатысты. Бұл ереуілдер “Фашизм жойылсын!” деген ұранмен өтті. 1934 жылы 27 шілдеде ФКП мен социалистік партия қимыл –бірлігі- Халықтық майдан құру туралы пактіге қол қойды. Антифашистік қозғалысқа радикалдар партиясы, демократиялық ұйымдар және мәдениет қайраткерлері қатысты. ҚорытындыБірінші дүниежүзілік соғыста Франция жеңіске жетіп, ішкі саясатты реттегенімен сыртқы саясатта Франция ақыры дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шыға алмады. Жетекші державалар үстемдігі нығайып, халықаралық жағдай шиеленісе түсті. Еуропада жаңа дүниежүзілік қаупі туды. Франция екіжүзділік танытып, фашизмнің құрбанына айнала бастады.