Урок тема кавказ хал?ыны? музыкасы
Сабақтың тақырыбы: Кавказ халықтарының музыкасыСабақтың білімділік мақсаты: Кавказ халықтарының музыкалық ерекшеліктерімен таныстыру . «Шөжелерім»әнін үйрету.Дауыс жаттығуының нотасын оқыту арқылы нота сауатын бекіту. Әзірбайжан музыкасы «Еркіндік», грузин биі «Лезгинка» тыңдату. Нота сауатынан негізгі басқыштар- тоника,доминанта, субдоминанта туралы түсіндіру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:өзге халықтардың музыкасымен таныса отырып,көрші халықтардың өнерін түсінуге, құрметтеуге баулу,интерноционалдық тәрбие беру. Эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: музыкалық қабілеттері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұштау.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: саяхат сабақСабақтың жабдығы: интерактивті тақта,сурет, дыбыс қатары,баян т.б.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқу құралдарын дайындау. Түгелдеу. Дауысын жаттықтыру.
Дауыс жаттығуы
Нота сауатыДыбыс қатарындағы негізгі басқыштарТоника дегеніміз не? Дыбыс қатарындағы ең тұрақты басқыш –І басқыш, ол тоника деп аталады.
Осы І басқыш- негізгі басқыштардың бірі. Негізгі басқыштардың тоникадан басқа да түрлері бар. Олар: Доминанта және субдоминанта. Доминанта латын тілінен аударғанда үстем етуші деп аталады. Ол дыбыс қатарының – Ү басқышы. Ал ладтың ІҮ басқышы субдоминанта деп аталады. Оны қазақ тіліне аударғанда төменгі үстем етуші деген мағынаны білдіреді.
Үйге берілген тапсырма:
1 аялдама. Тәжік еліне саяхат
Музыкалық аспаптары.
ішекті: дутар, думракүрлемелі: карнай, сурнайұрмалы: дайра, даф.
Музыкалық жанрларыӘн- тақырыптары: эпикалық, тұрмыс- салт, еңбек , әдет-ғұрып-жоқтау, үйлену, мерекелік, лирикалық.
Аспаптық пьесалар.
Суреттегі халықтың аты.
Суретке қарап әңгіме құрастыр.
Музыканы тыңдап аспабын тап.
Тәжік халқының музыкасы «Еркіндік» шығармасындутар аспабының орындауында тыңдату.
2 – аялдама. Қырғыз еліне саяхат
Музыкалық аспаптары.
ішекті: қомыз, қыл қияқүрлемелі: керней, сырнайұрмалы: добылпаз, доолМузыкалық жанрларыАспаптық ән,жыр,күйлер.
Насихаттаушылар:акындар, жыршы-термешілер, манасшылар.
Суреттегі халықтың аты.
Суретке қарап әңгіме құрастыр.
Музыканы тыңдап аспабын тап.
Қырғыз халқының музыкасы «Маш ботой»
қомызшылар оркестрі орындайды.
Үйге берілген ән.
Жылқышы әніҚырғыздың халық әніМен жылқышы сен шабан,
Жайлауда жүріп ән салам.
Жаныма келші құрбыжан,
Жайлауда қойды айдаған.
Есімде осы жайлауым,
Жоқ екен ешбір байлауым.
Кездескен сәтте құрбымның,
Қалаймын әркез жайнауын.
Жаңа тақырып
Кавказ халықтарының музыкасы
3 аялдама. Әзірбайжан еліне саяхат Әзірбайжанның музыкалық жанрларыМузыка тыңдау.
Проблемалық тапсырма:
Музыка тыңдап, оның мазмұны не туралы , қандай жанрға жататындығын ажырату.
-Ән жанры. Шөжелер туралы. Иесі шақырып жем, су беріп жатыр.
Дұрыс. Бұл әннің аты «Шөжелерім» деп аталады. Музыкасын жазған әзірбайжан композиторы Г.Гусейнли. Сөзін жазған Т.Муталибов. Қазақшаға аударған М.Әлімбаев.
Слайд арқылы әнді үйрету
ШөжелерімМузыкасын жазған әзірбайжан композиторы Г.ГусейнлиӨлеңін жазған Т.МұталибовАударған М.Әлімбаев
ҚайырмасыШеп,шеп, шеп шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп, шөжелерім.
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім.
1.Көк шалғында жайылым бар, 2.Не жейсіңдер мен берейін,
Тез келіңдер жайылыңдар Су берейін, жем берейін.
Көк шалғында жайылым бар, Не жейсіңдер мен берейін,
Тез келіңдер жайылыңдар Су берейін, жем берейін.
Әй,менің шөжелерім, Әй,менің шөжелерім,
Әй,менің шөжелерім, Әй,менің шөжелерім,
Әй,менің шөжелерім, Әй,менің шөжелерімӘй,менің шөжелерім Әй,менің шөжелерімМамық жүнді шөжелерім Балғын бөбек шөжелерім.
ҚайырмасыШеп,шеп, шеп шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп, шөжелерім.
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім.
Шеп,шеп,шеп4 –аялдама. Грузин еліне саяхат
Грузин халқының музыкалық аспаптарыЧонгури-ішекті аспап Доли-ұрмалы аспап Пандури-ішекті аспап
Музыка тыңдау.
Проблемалық сұрақтар:
1. Музыкамен не істеуге болады?
2. Ол жанрдың қай түріне жатады?
Бұл музыка «Лезгинка» деп аталады. Ол Грузиннің жігерлі ,қайратты билерінің бірі.
Қорытындылау.
Қай елдерге саяхат жасадық?
Олардың қандай музыкаларымен таныстық.
* «Лезгинка» Ол қай халықтың музыкасы, қандай жанрға жатқыздық? (грузин халқының биі)
* «Шөжелерім» әні.
* Ол қай халықтың музыкасы, қандай жанрға жатқыздық?(әзірбайжан композиторы
Г.Гусейнлидің әні)
* Дыбыс қатарының І басқышы қалай аталады? (тоника)
* ІҮ басқышы қалай аталады? (субдоминанта)
* Ү басқышы қалай аталады? (доминанта)
* Бұл үш басқышты бір сөзбен қалай атаймыз? (негізгі басқыштар)
Бағалау. Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Кавказ халықтарының музыкалық жанрлары мен аспаптары.
«Шөжелерім» әнін жаттау. Негізгі басқыштарды ажырату.