О?ушыны? шы?армашылы?ы Дина Н?рпейісованы? 155 жылды?ы


Домбырашы қыз
Биік шыңдай бәрінен биік тұрған,
Қуат алған қыранның қанатынан.
Қарапайым күйші атанған қазағымның,
Дина қызы ерекше дара тұлғаң.
Әкесі күйшілікке көп баулыған,
Қорған болған асу асқар көк тауынан
Бұл өнерге бет бұрған Дина қызы
Ол кезде 8-жасар бұл балдырған.
Сабырлы жан берік еткен ұстамдығын,
Сөз мәнінісі ұғар терең астарлығын.
Дина қыздың қанатын қаққызған жан,
Танытты құрманғазы ұстаздығын.
Күйшілікке бет бұрды домбырамен
Ұстазынан тәлім алды жолында тең.
«Күйші қызы» атанған заманының
Шіркін-ай, Дина апаммен жолығар ма ем?
Күй шығарды жанға жайлы күмбірлетіп,
Келетұғын адалдықты жүген етіп.
Халқының күйшілігі байқалады,
«Байжұма», «Бұлбұл» атты күйінде көп.
Біз баймыз тұңғыш күйші Динаменен
Үлгі аламыз күй толған жинағымен.
Өзіндік орына бар күйші апама
Лайық көрем толтырса да сыйға кілең.
Күйіменен бүршік атқан бақтаймыз
Күйшімізбен адал, ниет жақтаймыз
155 жыл толған күйші Динаны
Жүректерден өшірмейміз, сақтаймыз.
Алтынбек Жауқазын
10 “В” сынып оқушы
Күйші қыз
Қаршадай боп домбыраға әуестенген,
Домбыраның сыңғыр үні елестеген.
Динадай күйші қыздар кемде-кем ғой,
Тобықтай тоқсан сөзді түйістірген.
“Әсем қоңыр” күйін міне жырлаған ғой,
Бауыр еті баласына арнаған ғой.
Жасы қанша ұлғайса да, көбейсе де,
Тойбастар деп 20 жылды тойлаған ғой.
Домбырашы, өнерпазы халықтың,
Дина деген түйіні ғой шарықтың.
Беріш деген рулардың ішінде,
Бесқасқасы шыққан тегі алыптың.
Тұңғышының атыменен аталып,
Құрманғазы ұстазынан бата алып.
Домбырашы болған екен Динамыз,
Күйшіліктің шерін бірге тарталық.
Бүгін міне өлеңменен өрейін,
155 жылдығыңды көрейін.
Күйші қызы қазағымның Динасы,
Құтты болсын, үстем болсын мерейің.
Тілесхан Аружан
7 “Ә” сынып оқушысы
Күй құдіреті
Күй болып күмбірлеген ұлы дала,
Сырыңды сағындырған ұғына алам.
Шәкірті Сағырбайдың баласының
Басқадан қымбатырақ құны маған.
Дина әжем шанақтан күй боратқанда,
Мұң жалғыз, бой балқуы, түрің алаң.
Құдіретін күйдің мына сезінген жан
Шынымен шыңыраудан сыр ұға алған.
“Байжұма”, “Қосалқасын” естігенде
Сілтідей тыңдаушысы тына қалған.
“Бұлбұлы”, “Жігерменен” жігерлі күш
Бей-жәй боп шыға алмайсың шырғалаңнан
Қазақтың дарын туған аймаңдайы
Шынымен жаратылған шұғыладан
Рахман Динар
9 «Г» сынып оқушысы
Арнау
Жаздым міне, Дина апама арнау арнап
Құлақ сал, сөздің парқын оймен барлап.
Дина апамның өмір жолын зерттеп алып,
Жаздым, міне, арнауымды таңдап талғап.
Ал енді Дина амапды жырлайын мен
Жырымды Дина апама арнаймын мен
Күйші апамның өмір жолын ұғынып бір
Бойлаған дара жолын барлайын мен
Шәкірті боп Құрманғазы атаның
Көп көмегі тиді сол бір батаның
Ерекше құлақ түріп күйге енемін
“Жеңіс” күйін тыңдағанда апамның
Күйші қыз деп мақтан тұтар қазағым
Тағдырдың көрсеңдағы азабын.
“Тойбастар” күй шалқығында даламда
Ұмытады жүректегі жарасын.
Әбдікәрім Мадина
6 “Б” сынып оқушысы
Арнау
Шабытым менің жаныма медеу сырласым,
Шабытым менің жабыққан кезде мұңдасым.
Дина апам көгімде менің қалықта
Жырласын жүрек өзңіз жайлы жырласын.
Мәңгілік өзің есімде, ылғи ойдасын
Қазақтың жаны, барлығы сені ойласын
Құрманғазы атам шәкірті еткен қызығып,
Дина апам менің қолымыз жетпес айдасын.
Өлеңмен әрлеп жеткізе білген айласын
Қазақтың нағыз жанашыры қайдасын?
Қасиетті күйдің сырын жеткізетін балаға,
Тастамаған, ластамаған қазақ күйін далаға.
Әр күйіне арқау болған қос ішекті домбыра,
Ей, жас ұрпақ өнеге ал , мәңгі оны бағала
Домбыраның қыр-сырларын кім білмеген ерлерден,
Айтыста да қайыспаған сөз жарысып ерлермен
Мойындатқан өзіндің ол орны барын өнерде
Барлығында шақырды да қияу Шығыс елдермен
Сыршыл оның күйлерінде ұйқас емес нұр тұнған
Құрманғазы тәрбиесі көрінетін сыртынан
Дина апам шертетұғын қос ішекті алтынды
Домбыраны ойлап тапқан айналайын ұлтымнан
Қай кезде таудай тулайды менің жүрегім
Оныңды мәнін мен дағы жақсы білемін
Дина апам шерткен қасиетті күйлерден
Таусылмас тайдай шабытты алып келемін.
Маңдайға біткен елдің қайран бағы
Ұмытса өлең күйін тайған бағы
Көңімде қазағымның шарықтамақ
Дина апам сыршыл күйдің пайғамбары
Рысжан Динара
10 “Б” сынып оқушысы
Дина Нұрпейісоваға арнау
Жариялап жауһар күйдің жамалын,
Жігерлене желбіреткен жалауын.
Жүйіткітіп жүйелі күй жорғасын
Жадыратқан қазағымның жанарын.
Жауһар күйді жырлағанда жалынды,
Бойың жылып, жайландырар жаныңды.
Күйіңнің жарқылынан жалықпай,
Қазағым жырына әркез малынды
Ізгілікті қашанда мұрат білдің,
Күйіңмен сәулелі нұр ап тұрдың.
Дүлдүлдердің додасын делебелеп,
Құрманғазы күйіне құлақ түрдің.
Айтыстан жүлделерді тізгіндедің,
Домбырадан әрқашан қол үзбедің.
“Әйгілі күйші қыз” боп атанғаның
Жасаған, жалықпаған сол еңбегің.
Беделіңіз бүгінде жер жарады
Маңдайдағы жұлдызың жарқырады.
Күйімен аты шыққан сіздей жанмен
Қазағым мақтанып, еске алады.
Бұрхан Маралбек
10 сынып оқушысы
Қайран шешем
Домбыраны серік еткен жанына
Домбыраны балап өскен бағына
Ұлы аспаптың қасиетіне табынып
Домбырамен серік өскен бағы да
Құрманғазы тәлімінен үлгі алған
Жүрегінің үнін тыңдап үлгі алған
Дина апамыз Жамбылмен де шын дос боп
Еліне арнап талай күйді шығарған
Мазмұнды күй өнерін бағып келген
Күйші менен ақын аман тұрғанда
Ер қазақтың бойына шабыт келген
Жасай бергін, ұмытпаймыз Дина апамды
Жасай бергін ұлықтаймыз Дина апамды
Дина деген қызы болған қазақтың
Таңқалдырған күйіменен жер-жақанды
Сәбит Сымбат
8 “Д” сынып оқушысы