Баяндама «Ойна да ойла»
Балалардың ойнап отырып,ойлауға деген қызығушылығын арттыруда салауатты өмір салтын еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жеделдету кезеңінде білім беру мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағытталған білімділік деңгейіне көтеру басты мақсат болып отыр.Балалардың ойын арқылы ойлауға деген қызығушылығын үш түрде бөліп қарау болады.
1.Балалардың қызығушылығы яғни оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде оқушының ойлау қызығушылығын дамыту маңыздылығы айқындалды.
2.Оқушы алдына керемет пайда келтіретін немесе бір нәтежеге жетейін деп алдына мақсат қоймаса да, уақыт өткізу үшін ол ойлану ағымына қызығуы мүмкін.
3.Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеуде олардың ойнап отырып,ойлауға қызығушылығын арттыру.
Оқушы өзінің өмір салтын еркін тандаушы,өзінің денсаулығын болжап,қарым-қатынастарын санаулы түрде ойлауға қызығушылықтары оянады.Баланы өз бетінше шешім қабылдауға үйретіп және өзіндік дүниетанымын қалыптастырып,жұмыс істейтіндей деңгейге алып келу қажет.
Даярлықтан алдық біз білім нәрін, Бар білімің жиналған шырын балын. Бала деген ұстазға тартады екен, Осы менің мектаптен ұғынғаным-дей тұра ойна бағытын әр түрлі бағытта ойнатуға болады.Мысалға:логикалық сұрақтар,жүйрік болсаң шауып көр,кім тапқыр?бос орынға тиісті пішінді салу,көршісін тап,т.б. 1.Логикалық сұрақтар:5 бұтақты қайында,бұтақ сайын бір алма. 1-еуін Сайынға,сонда қалмақ неше алма?(қайында алма өспейді) Әтеш алдымен 5 жұмыртқа,сосын тағы 1 жұмыртқа салды,Барлығы неше жұмыртқы салды?(әтеш жұмыртқа салмайды)
Қорыта айтқанда ойна да ойла бағыты балалардың қызығушылығын оятуда және өз бетінше шешім қабылдауға, мінез-құлқын өзгертуге іс-әрекеттін қалыптасуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.Осы аталған игі шараларды қолдану арқылы оқушылардың ойнауға және ойлауға деген ой өрістерін кеңейтуге болады.Сонымен қатар жеке тұлғаны тәрбиелеп,дамытатын ұстазцың өзі ұзақ ізденуімен үздіксіз еңбек нәтежесінде ғана жақсы жетістікке жетері анық.Бұл дегеніміз болашақтың бастауы балаларымыздың тәрбиесіне немқұрайлы қарамау керектігі,ұстаздың үнемі ізденіс үстінде болу керектігін ұғындыру еді.Себебі, жыл сайын жаңа, тың ақпараттар,жаңалықтар енеді.