Саба? жоспары. ?а?аздан жасал?ан ыдыс-ая?тар.


Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» кмм технология пәні мұғалімі
Джылкаманова Алтынай
Сабақтың тақырыбы: Қағаздан жасалған ыдыс-аяқтар.
Пәні: Еңбекке баулу
Сыныбы: 4
1.Білімділік: Папье-маше техникасымен таныстырып, қағаздан ыдыс-аяқтар жасауды үйрету. Желімдердің дайындалуымен таныстыру.
2. Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін арттыру, қол икемін дамыту
3. Тәрбиелік: Әдемілікке, жинақылыққа тәрбилеу.Талғаммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік ,топтық жұмыс
Көрнекілігі: видео, презентация, дайын бұйымдар.
Қажетті материалдар мен құралдар: газеттер, желім пва, су, ыдыс-аяқтар, салфетка, крем.
Барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.амандасу,түгендеу. Түстер арқылы топқа бөлу (қызыл,жасыл,сары,көк,ақ.)
Балалар бүгін қандай күн екенін білесіндерма? Әрине бүгін қазақтың көрісу күні. Барлықтарың бір-бірлеріңе тілектер айтсаңдар екен деймін.

III.Жан-жақты білімін тексеру.
Қағаз ең алғаш қайда пайда болған?
Қағаздың қандай түрлерін білесіңдер?
Қағаз неден алынады?
IV.Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
V.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
Балалар ыдыс- аяқтар дегенде сендердің көз алдарыңа нелер келеді?
Ыдыстардың металдан, қыштан, шыны, пластмассадан жасалған түрлері бар. Металл ыдыстар шойыннан, алюминийден, жезден, т.б. жасалынады. Алюминий ыдыстар ыстыққа өте төзімді әрі онда пісірілген тамақтың дәмі, түсі, иісі бұзылмайды. Темір ыдыстар, жезден жасалған ыдыстар, шойын ыдыстар, фарфор ыдыстар, шыны ыдыстар, пластмасса ыдыстар болады. Папье-маше – қағаз массасынан желім, гипс араластырылып жасалған қатты нығыз бұйым. Ол француз тілінен аударғанда «жыртып немесе қиып алынған қағаз» деген мағынаны білдіреді. Папье-машеден бұйым жасау аса қиын емес, алайда ол ұқыптылық пен шыдамдылықты талап етеді. Папье-машеден әр түрлі қобдиша, маска, ойыншықтар жасауға болады. Ал біз ыдыс-аяқтар жасаймыз. Желімдердің 3-түрі бар.
1.Ұннан жасалған. Ол үшін екі ас қасық ұнды 1стакан суда араластыра отырып,қоюланғанша қайнатамыз.
2.Пва желіміне су араластыру арқылы алынатын желім.(1стакан суға 1стакан желім)
3.Крахмалды қайнату арқылы алынған желім.
Ал қазір сендерге папье-машеден жасалған ыдыстардың түрлерін көрсетемін
№1слайд ыдыс –аяқтардың суреттері.
Сергіту сәт. Сөзжұмбақ шешу (слайдта көрсетілген жұмбақтарды шешу. Сөзжұмбақты шешу арқылы ыдыс сөзін табады.)
1. Иiнiнде құлағы,
Iшiнде бұлағы.
Көмейiне от салсаң,
Ызыңдап тұрады.   (Самауыр)
2. Шеңберлi есiгi бар,
Жүздеген тесiгi бар.
Iшiне кiргендердiң,
Ұсағы жол табады,
Iрiсi тор қабады.
Ыдыс-аяқ бөлмесi,
Тазалықтың көрмесi.    (Әбдiра)
3. Сабы бар,
Басы шатыр.
Табысын өлшеп әкеп,
Құдыққа тасып жатыр.   (Қасық)
4. Көлшiкте жүзiп
Түбiн шарлап шығады.
Қауғасы сүңгiп,
Балығын аулап шығады.    (Кепсер)
VI.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
Тқе. №1 видео материал.(ыдыс-аяқты жасалу жолы көрсетіледі)
Жұмысқа нұсқаулық:
Газет немесе журнал беттерін жырт
Желім дайындап ал (50ге50 пва+су)
Жасайтын ыдысқа крем жағып шық немесе кленкамен қапта.
Қағазды жапсырмала
Желім қағаз,желім қағаз қайтала(7-8 қабат)
Жұмыс орнын жинастыр.

VII.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Топ басшылары ыдыстарын қалай жасалғанын айту.
Апай жасап келген дайын бұйымдарын көрсету.
№2 слайд. Ғаламторға саяхат.
Видео бегемоттың жасалынуы.
Сонымен балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?
Не үйрендіңдер?
Егер сабақ ұнаған болса отшашулар арқылы көрсетейік.
VIII.Бағалау. топ басшылары бағалайды. Топ басшыларының пікірімен санаса отырып бағалаймын.
Үйге тапсырма: ата-аналармен алма жасап келу.