Саба?ты? та?ырыбы: О? ж?не теріс сандар. Координаталы? т?зу


Математика Сабақтың тақырыбы Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша бөлу тәсілдері.
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі 1. Көп таңбалы сандарды ауызша көбейту жне бөлу тәсілдерін үйрету, 2. Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, ойлау, сте сақтау қабілеттерін дамыту; 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Топқа бөлу Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз. Сол суреттерге байланысты төрт топқа бөлініп отырады
Ынтымақтастық атмосферасы Күн жарығын алақанға саламын.
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Бағалау парақшасымен таныстыру Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген. Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады
Үй тапсырмасын пысықтау
№ 8 есепті тексеріп шығу.
Жан-жақты білім тексеру: Кім тауға бірінші шығады?
-Жолаушы жолда 2 тәулік және 6 сағат болды. Жолаушы жолда неше сағат болды?
-960-ты 3 есе кеміт. -76 мен 54 сандарының қосындысын 10 есе кеміт. Оқушылар дәптерге орындайды
Жаңа сабақ №1 Бөлуді ауызша орындау. Жаңа сабақ өткен сабаққа ұқсас түсіндіріледі. №2 Жазба мен есептеу тәсілін түсіндіру.
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша бөлу кезінде алдымен бөлінгіш пен бөлгіштегі нөлдерді теңдей алып тастап, содан соң бөлуді орындау қажет.
Оқулықпен жұмыс. № 3 есепті мұғалімнің басшылығымен оқушылар тақтада түсіндіре отырып орындайды.
548100 : 90 4200 ∙ 70
326840 : 40 3260 ∙ 300
507000 : 60 15300 ∙ 80
№4 теңдеуді шеш. Тақтада орындату.
№5 Есептің шешуін амалдар бойынша немесе өрнек түрінде орындау.
S=250 ∙ (250 + 150) = 100 000м2
Сергіту сәті «Қаражорға» биі Оқушылар әуенге билеп,сергиді
Ой толғаныс № 7. 1- бағанын өз бетімен орындау тапсырылады, соңынан тексеріледі.
№ 9. Логикалық есепті шығару барысында сызба қолдану.
Шығармашылыққа тапсырма 2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?
2 сағат ойнайды 
Үй тапсырмасы № 8,№ 7-нің қалған бағаны Оқушылар күнделіктеріне жазады
 Бағалау Кері байланыс :«Екі жұлдыз, бір тілек» Бағалау парақшасын толтырады
Кеі байланыс Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Мақсаты: көп таңбалы сандардың өтілген есептеу тәсілдерін бекіту; оқып-үйренген тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтау және түзетулер жүргізу.
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау
Көбейту кестесін сұрау Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ
Зейінділік ойыны:
№ 1. Кестені толтыр. Есептеуді қалай тиімді орындауға болатынын ойлан.
А 200 15 6 120
B 30 30 40 5
С 5 9 100 15
D 4 2 4 3
( а + b +с) ∙d 940 108 584 420
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
№ 2.(а). Қосындыны санға қалай көбейтуге болады?
(а + b) ∙ с = а ∙ с + b ∙ с
с ∙ (а + b) = с ∙ а + с ∙ b
қосындыны санға қалай көбейту үшін, әр қосылғышты сол санға көбейтіп, содан шыққан көбейтінділерді қосу керек.

(1 000 + 200 + 30 + 4) ∙ 2 = 1 000 ∙ 2 + 200 ∙ 2 + 30 ∙ 2 + 4 ∙ 2 = 2 000 + 400 + 60 + 8 = 2 468
1 234 ∙ 2 = 1 000 ∙ 2 + 200 ∙ 2 + 30 ∙ 2 + 4 ∙ 2 = 2 000 + 400 + 60 8 = 2 468
№(ә). Қосындыны санға қалай бөлуге болады?
(а + b) : с = а : с + b : с
Қосындыны санға бөлу кезінде әрбір қосылғыш осы санға бөлінетін болса, онда тиімді есептеу үшін әр қосылғышты санға бөліп, алынған нәтижені қосуға болады.

Түсіндіріп шығару.
(2 000 + 400 + 60 + 8) : 2 = 2 000 : 2 + 400 : 2 + 60 : 2 + 8 : 2 = 1 000+ 200 + 30 +4 = 1 234
1 234 : 2 = 617
Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару: жұптық жұмыс.
№ 3. Түсіндіре отырып есепте. Көрсетілген теңдіктерді пайдалан.
4 ∙ 6 = 24 4 ∙ 6 000 = 24 000 7 ∙ 7 000 = 49 000 4 000 ∙ 8 = 32 000
№ 4. Есепті шығар.
Ш: 500 000 – 700 ∙ 2 = 500 000 – 1 400 = 498 600 Ж: арақашықтығы 498 600м.
Ш: (45 + 38) + 50 = 83 + 50 = 133 Ж: барлығы 133м
№ 5. Өздік жұмыс. Тіктөртбұрыш, шаршы сыз.
Ой толғаныс БББ кестесі Оқушылар толтырады
Сабақты бекіту Шығармашылық тапсырма.№ 7. Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Үй тапсырмасы № 6. 53 - бет. Оқушылар күнделіктеріне жазады
 Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма?Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. Бағалау парақшасын толтырады
Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Пайдалы қазбалар
Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру. Қазақстанда жер қойнауын зерттеген ғалым, академик Қ. И. Сәтбаев туралы әңгімелеу, Алматыдағы геологиялық мұражайлар туралы мағлұмат беру;Дамытушылығы: Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата білуге баулу, логикалық ой - өрісін дамыту, ізденушілік қабілеттерін арттыру.Тәрбиелілігі: Еліміздің қазба - байлықтарын мақтан ете отырып, оны үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге баулу, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс тәртібі жазылған нұсқау, сабақтың ұраны, түрлі фигуралар (ұпай жинауға қажетті), «Ұяшық таңдау»ойыны (цифрлар), сызба – нүсқалар, түрлі суреттер және көмір, саз, құм, ас тұзы, мыс, алюминий, темір, әктас, Қ. И. Сәтбаевтың суреті, шартты белгілер, өлең шумағы «Бақытты ұлы Отан», Қазақстанның физикалық картасыТехникалық құрал: слайдСабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндірмелі, әңгімелеу, көрнекілік, ой қозғау, тестПәнаралық байланыс: ана тілі, музыка, математика
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал Бүгінгі сабақта қолданатын ұранымыз:Дүниетану сөзіЖер - Ана, кен - байлық, табиғатты сүйетінӘрбір сабақҮйрену, ұғу, іздену, көп ғибрат алатынӘрбір ісімТірлік, бірлік, адалдық пен шыншылдықӘрбір күнімБілімге зейін салатын,- дей отырып, сабақта үнемі есте боларлық ережені еске салып өтейін1. Бір - бірімізді тыңдау, қатысу2. Уақытты үнемдеу3. Ойымызды еркін айту4. Тақырыптан ауытқымау5. Анық, нақты сөйлеу Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар үлестіріледі
Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.
Қызығушылықты ояту «Ұяшық таңдау» ойыны арқылы ұпайларды жинай отырып, өз білімімізді көрсетеміз және бүгінгі танысатын тақырыбымызды білетін боламыз.10 20 30 40 5010 20 30 40 50 60 7010 - Тау жыныстары дегеніміз не?10 - Тығыз тау жыныстарына нелер жатады?20 - Тау жыныстары қалай пайда болды?20 - Бос тау жыныстарына нелер жатады? Құмның түсі қандай?30 - Табиғатта тау жыныстары неше күйде кездеседі?30 - Пайдалы қазбалар дегеніміз не?40 - Гранит сөзі қазақшаға аударғанда қалай аталады? Гранит Қазақстанның қай жерлерінде көбірек кездеседі?40 - Құмтас қалай пайда болады? Құм түйіршіктері бірігіп қатуы үшін нелердің ертіндісін араластыруы керек?50 - Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыт, электр станциялары жұмыс істеуі үшін жұмсалатын қандай отын түрлерін білесіңдер?50 - Үй жиҺаздары, түрлі машиналар, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қандай пайдалы қазбалар пайдаланылады?60 - Адамдардың үй салғанын бақыладың ба? Қандай құрылыс материалдарын пайдаланылғанын көрдіңдер?70 - Ең алғаш көмірдің табылуына өз үлесін қосқан, оны жылыну үшін жағып көрген кім еді?«Қазба түрлері» деген сөз шықты.
Сергіту сәті «Халықтар» биі
Жаңа сабақ Мақсатымыз: Пайдалы қазбалардың түрлерін бірнеше топқа бөле отырып, олар туралы білім түсініктерімізді кеңейтеміз«Ой қозғау»- Көмір қандай зат? Оның қасиеті (жанады)- Темір нелерден жасалады, қалай аталады? (металлдан)- Ас тұзы не үшін қажет? Жерді тыңайту үшін қандай қазбаның түрін қолданамыз?Оқушылардың ойларын тыңдай отырып, осы әрбір айтылған қазбаның түрлі топтарға бөлінетіндігін айту.Ү. Жаңа сабақМұғалім түсіндірмесіПайдалы қазбалар қолдануына қарай үшке бөлінеді(жанғыш пайдалы қазба, кенді пайдалы қазба, кенге жатпайтын пайдалы қазба)Жанғыш - тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ.Кенді - алюминий, мыс, қорғасын, күміс, мырышКенге жатпайтын пайдалы қазбалар - ас тұзы, фосфор, құм, саз, цемент- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?- Геологтар- Қазақтың тұңғыш геологі кім еді?- Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (түсіндіру)Жанғыш пайдалы қазбаларТас көмір - ең көп өндірілетін пайда қазба. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды.Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген заттар бөлініп алынады.Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.Кенді пайдалы қазбаларБұларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий сияқты металдар алынады. кенді пайдалы қазбалар орталық Қазақстанда өте көптеп кездеседі. Әсіресе, Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларОлар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс материалдары үшін өте қажетті. Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді. Мәрмәрдан әртүрлі ескерткіштер, үй баспалдақтары жасалады. Әктас, құм, саз құрылыс салу үшін өте қажетті.Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар қоры көп өндірілетін орындарды көрсету.Тас көмір - Қарағанды, ЕкібастұзМұнай - Атырау, Ақтау, Орал өңіріндеГаз - Ақтау, Орал облыстарындаАлюминий – АрқалықтаМыс кені – ЖезқазғандаАс тұзы - Қызылорда, Павлодар, Алматы өңіріндеТемір кені - Қостанай өңіріндеФосфорит - Ақтөбе, Тараз өңірлеріндеБіз осындай тамаша пайдалы қазбаларымыз арқылы мақтана аламыз және мақтаныш сезіммен« Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 - ы біздің еліміздің кен қойнауында бар. 70 элементтің қоры барланып зерттелген. Ал өндіріске 60 - тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күнге дейін минерал шикізатының 1225 түрі бар 493 кен орыны белгілі.Пайдалы қазындылар қорының көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында: күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай көмір, мыс, никель, фосфат шикізатын өндіруі бойынша – екінші, ал алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, жыл сайын мұнда 32 млн. тонна мұнай өндіріліп отырады екен»«Бақытты ұлы Отан» әнін шырқаймыз.Пайдалы қазбалардың шартты белгісімен таныстыруТас көмір -Мұнай -Газ -Темір -Алтын -Мыс -Тұз -Әктас -Саз -Алюминий -Оқулықпен жұмыс1. Іштей оқыту2. Мәтіндегі оқығаны бойынша әңгімелету3. Сурет бойынша жұмысОқулықтағы суреттер арқылы жұмыс жүргізу(суретті толықтыру арқылы қандай қазбадан жасалғанын айтқызу)Дәптермен жұмысПайдалы қазбалардың түрлерін жаздырту
Ой толғаныс Шығармашылық тапсырмаПайдалы қазбалардың қажеттілігі туралы өз ойларынан өлең шығаруКөзге сергіту (планета) Планетамызда қанша пайдалы қазбалар болса, соның бәрін біздің жерімізден, яғни жер қойнауынан табуға болады екен.Сабақты бекітуТест тапсырмалары бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, тексеруПайдалы қазбаларға................ жатады.1. Темір кенінен алынған металл2. Жер қыртысының қатты бөлігі3. Тау жынысыПайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді.1. Пайдалы, пайдасыз, жарамсыз.2. Бағалы, құнсыз, жанатын.3. Жанғыш, кенді, кенге жатпайтын.Кенге жатпайтын пайдалы қазба.1. Мұнай, газ.2. Алтын, күміс.3. Құм және саз.
Үйге тапсырма Мәтінді оқу, мазмұндау. іздену. Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар өндірілетін жерлерді көрсетуге дайындалу. Шартты белгілерін жатқа жаза білуге дайындық жасау. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс 89852567310
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады