Ана тілім-арда?тым (Тіл мейрамына арнал?ан ерте?гілік)
Балабақшадағы тіл мерекесі.
«Ана тілін сүйеміз»
Жүргізуші:
Сәлем бердім, саған елім,
Тал бесігім, туған жерім.
Сәлем бердім бәріңізге«Қазақ тілі»-дегендердіңҚуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Өнердің түскен жолына,
Жас досым саған мың сәлем.
Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына арналған ертеңгілікке қош келіпсіздер!
Ертеңгілігімізді әнұраннан бастайық.
Әнұран: барлық балалардың орындауында.
Қонақ Кэтрин (Англиядан келген)
- Гуд монинг! Мен Англиядан келдім! Қазақ тілін үйренуге келдім.
Жүргізуші:Балалар, амандасайық қонақпен!
Жүргізуші: Сіз бізге өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтып беріңізші?
Қонақ: Англия өте әдемі, шағын мемлекет. Бас қала – Лондон деп аталады.
Табиғаты өте әдемі. Мен өзімнің туған жерімді сүйемін.
Жүргізуші: Рахмет, Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз бізде тіл мерекесі өтіп жатыр. Қонақ болыңыз! Біздің балалар Қазақстан туралы сізге айтып береді.
Жүргізуші: Балалар, біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан)
- Бас қала қай қала?(Астана)
- Біздің қаламыз қалай аталады?(Орал қаласы)
- Қай балабақшаға барамыз? (Росинка балабақшасына)
Осы кезде күй ойналып, алыстан дауыс естіледі. Айқалап атқа мінген бала: «Сүйінші! Сүйінші!» «Алақай, сүйінші!» - деп шауып келеді. Сонда алдынан бір қыз бала қолында кітабы бар алдынан шығып:
Маша: -Тіл дамыту кітабын,
Сүйіншіңе берейін,
Қандай хабар әкелдің,
Айтшы тыңдап көрейін.
Атқа мінген бала: Мемлекеттік тілімізді балабақшадағы барлық балалар үйреніп алған!!!
Бірнеше бала кезекпен: - Рас па? –Тіліміздің даңқы ассын! – Тойымыз тойға ұлассын! «Батырлар» биі биленсін!
Би: «Батырлар»
Жүргізуші: Балалар, адамға тіл не үшін керек?
(Балалардың жауабы)
- Дұрыс, тіл адам бір-бірімен тілдесуге керек. Адамдар сөйлеу үшін керек. Біз Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз, құрметтеуіміз керек. Ал қазір, балалар, тіл туралы, біздің Отанымыз туралы тақпақтарды, мақалдарды тыңдайық.
Ана тілім – менің
Әлдилеген әнім.
Ана тілім – демім,
Ана тілім жаным.
Ана тілің, арың бұл.
Ұяттың боп тұр бетте.
Өзге тілдің, бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте.
Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам,
Жарқыраған шамым.
Ел таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күнім.
Көк аспандай көкпеңбек Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Ана тілім – елім,
Қажыр, қайрат, күшім.
Ана тілім – менің,
Баста бақыт құсым.
Жанымнан да қымбат,
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі, өнеге алам.
Тілім барда мақтанам Тілім менің аппақ ән. Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сақтаған.
Ақыл-ойын дананың Ана тілден аламын. Ана тілі ардақты, Ақ сүтіндей ананың.
Ана тілім – анам, Аппақ қардай арым Мұра еткен бабам Жарқыраған жаным.
Ана тілім –елдігім Ана тілім-ерлігім. Тілді биік құрметтеп Тойлап жатыр ел бүгін
Ана тілім-тірегім Ана тілім – жүрегім. Қасиетті елімнің Тек өзің деп білемін.
Қазақ тілім – ана тілімТамыры терең – баба тілім.
Құтты болсын мерекең,
Бал татыған бала тілім.
Жүргізуші: Балалар, біз кішкене бойымызды жазып ойын ойнайық.
Қазақтың ұлттық ойыны: «Қыз қуу».
Жүргізуші: Кэтрин біздің балалардың «Рәміздер айтысын» тыңдайық.
«Рәміздер айтысы»
Жүргізуші: Бір күні үш дос кім мемлекеттік рәміздерді жақсы біледі деп жарысады. Біреуі ту болып, біреуі елтаңба болып, ал үшіншісі әнұран болып ойнайды.
Ту айтты:
- Мен ең мықтымын. Еліміздің барлық ұйымында желбіреп тұратын менмін. Барлық үлкен жиналыстарда, салтанатты кештерде, мереке - тойларда төрден орын алатын менмін.
Елтаңба болса, былай дейді:
Әрине, ең мықты менмін. Еліміздің барлық мекемелерінің маңдайшасында тұратын менмін. Мен ақша тиындарда, бағалы қағаздарда боламын.
Сонда әнұран сөзге араласты:
Босқа таласпаңдар. Ең мықты менмін. Мен, сөйлеген кезде барлық адам тік тұрып тыңдайды.
Жүргізуші: Үшеуің де дұрыс айтасыңдар. Үшеуің де мықтысыңдар. Үшеуің болмасаңдар, ешбір елдің, ешқандай халықтың қадір - қасиеті болмайды. Ешкім ол елді құрметтемейді.
І жүргізуші: Кэтрин қазақта айтыссыз той өтпейді. Ересек қазақ топ балалары соған байланысты айтыс дайындап келді.
Ақындар қайда, ақындар?
Айтыссыз той болған ба?
Енді айтыс басталсын.
Қыз бен ұлдың айтысы
(Ересек қазақ тобы балаларының айтысы)
Айтыс
Ұлбала: Ата – баба дәстүрін
Үйренуден қашпаймыз
Айтыс десе тіл қышып,
Қыздар іздей бастаймыз
Қыз бала: Біржан болып сен келсең
Ақын Сараң мен болам.
Сәйгүлік боп сен шапсаң,
Аққу құсың мен болам.
Ұл бала: Сүйсең Отан-анаңды
Сүйерсің ана тіліңді.
Қадірлесең халқыңды,
Білерсің баба тіліңді.
Қыз бала: Мемлекеттік тіліңді
Тойларсың да ойларсың
Алтыннан қымбат бағасын
Тереңірек байларсың.
Екеуі бірге: Еркем, еркем, еркем – ай
Еркелеген, еркем-ай
Бүгін болған тамаша
Болсын тағы еркем-ай
(Орындарынан тұрып, ұлдар кеуде түйістіріп, қыздар қол алысады)
Жүргізуші: Тілді дамыту үшін біз әрдайым мақал-мәтелдерді жаттаймыз.
Для всестороннего развития языка большую роль играют пословицы и поговорки.
Өнер алды қызыл тіл
Тіл – қылыштан өткір.
Басқа пәле тілден
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
Ауыз көркі тіл, тілдің көркі сөз.
Тіс тілдің қамалы.
Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.
Қонақ: Маған өте ұнады. Жарайсыңдар балалар! Сендердің өнерлеріңді көрдім. Ал, балалар, келіңдер мен сендерге ағылшын ойынын үйретемін.
Кәтрин балалармен ойын өткізеді.
Жүргізуші: Мерекеміздің соңында балалар «Ана тілін сүйеміз» деген өлең айтады.
Жүргізуші: Осымен біздің мереке аяқталды. Қонақпен қоштасайық! Сау болыңыз!