Саба? жоспары Саба?ты? та?ырыбы: ?айталау
Математика 3- сынып мерзімі___________
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: Өткен материалды қайталау және жеке қиындықтарды анықтау, түзету жүргізу;
Ауызша көбейту, үш таңбалы сандарды жазбаша қосу, азайту дағдыларын жетілдіру;
Дәптерге ұқыпты, әдемі жазуға баулу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік, өткенмен байланыс, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, суреттер, оқулық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
-амандасу
-оқушыларды түгендеу
-сабаққа дайындықтарын тексеру
Психологиялық ахуал: -Балақайлар, орнымыздан тұрып мені тыңдап , соңымнан қайталаңдар.
Армысың асыл күн
Армысың асыл жер,
Армысың досым
Міне менің қолым-деп бір-бірінің қолдарынды ұстап, іштей жақсы тілектер тілеңдер.
Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Сабақ ауызша есептеу, көбейту мен бөлудің кестелік жағдайынан тексеруден басталады.
«Калькулятор »ойыны. Тақтада қиықшада жазылған сандар мен амал таңбалары көрсетілген. Ойын көбейту кестесін пысықтауға ,зейінді дамытуға бағытталған. (Мұғалімнің айтқан мысалдарын оқушылар ауызша шығарады. )
Осыдан соң мұғалім математикалық диктант жүргізіледі.
1- қосынды 5және7 сандарының көбейтіндісімен берілген,
2- қосынды 40 саны.
Бөлінгіш 8 және 3 сандарының көбейтіндісімен берілген. Бөлгіш-6.Бөліндіні табыңдар.
36 және 6 айырымын 6-ға бөліңдер.
Содан кейін №1 тапсырма ауызша орындалады.
№2 есепте алдымен көбейту амалы, содан соң қосу немесе азайту амалы орындалады.
8*6-9=39 60-8*4=28 72:8+25=34 8*8+36=100 8*9+28=100
Сергіту сәті
-Балалар,сендер шаршаған боларсыңдар.Онда тынығып алайық
-Қане,бәріміз орнымыздан тұрамыз.Және менің соңымнан қайталандар.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Бекіту.
Амалдардың орындалу тәртібі туралы алған білімдерін бекіту үшін практикалық жұмыстар орындалады.
Ол үшін оқушыларға №5 тапсырма беріледі.
526+18:2=535 346+18:2=355 6*2+18:3=18 284+77-25=336
Өткен тақырыппен жұмыс.
№3 тапсырма мұғалімнің басшылығымен тақтада және өз орындарында орындалады. Есептің шарты мұғаліммен бірге талқыланады.
№4 тапсырма (а және ә) мұғалімнің жетекшілігімен орындалады, ал б) бөлігін оқушылар өздері шығарады да, соңынан тексеріледі.
Тіктөртбұрыштың периметрін анықтау дағдыларын бекіту және кеңістік жөніндегі түсініктерін дамыту үшін №5 тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманың сұрақтарына жауап береді, сурет бойынша жұппен өз сұрақтарын құрастырады.
Өздік жұмыс ретінде №6 теңдеуді шешу (1-бағаны) ұсынылады. №7логикалық тапсырманы оқушылар өздігінен орындайды, содан кейін өз шешімінің дұрыстығын дәлелдейді.
Үйге тапсырма беру Үйде орындауға №6 (2-3-бағаны) тапсырма беріледі.
Сабақты қорытындылау.
Сабақта нені қайталадыңдар?
Қандай тапсырма ерекше қызықты болды?
Қандай тапсрмада қиындық туындады?
Сабақта кімнің жұмысын атап өткілерің келеді?
Жарайсыңдар, осымен сабақ аяқталды.
Бағалау