Классный час Мені? Отаным — ?аза?стан


Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, бейбітшілікке жетелеп, патриоттық сезімдерін арттыру. Оқушыларды өз елін, Отанын, жерін, тілін сүйіп, құрметтей білуге баулу. Көрнекіліктер: суреттер, шар, конверт, нақыл сөздер.
Өтілу түрі: араласБарысы: 
- Сәлеметсіздер ме балалар?
- Балалар, бүгінгі іс-әрекетіміз біздің көңіл күйімізге байланысты.Олай болса бүгінгі сәтті күніміз үшін бір-бірімізге, ата-аналарымызға жылы лебізімізді
арнайық. «Шаттық шеңбер»
- Балалар сендердің тілектерің қандай тамаша, рахмет сендерге.
- Балалар жаңа біз бір-бірімізге тілек арнағанда бақыт, бейбітшілік деген сөзді айттық.
Ой қозғау.
- Шынымен «Бақыт», « Бейбітшілік» деген не ?
Сендер қалай түсінесіңдер?
- Ал олай болса «Бейбітшілік» сөзінің мағынасын тереңірек білу үшін ... мен папасына кезек берейік.
(олар «бейбітшілік» сөзінің мағынасын ашып береді)
- Өте тамаша. Мінекей балалар ата-аналарыңның бақыты сендер екенсіңдер.Сондықтан да ата-анамыздың тілін алып оларға қолқанат болу сендердің міндеттеріңде екен.
Бейбітшілік тақырыбына байланысты өлең оқу. 
1Айнур: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
2Сағдат: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.Татулығын жырға қосам ұлттардың,Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
3Арузат: Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз..Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
4Алина: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,Қайта тудым өмірге қайта келдім.Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмескеАйта бергім келеді, айта бергім.
- Балалар біз қандай елде тұрамыз?
- Елімізде қандай ұлттар тұрады?
Айнур: Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.(Қазақстанда тұратын ұлттар суреттерін көрсету)
- Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз?
- Дұрыс балалар біздің еліміз көп ұлтты мемлекет қатарына жатады. Біз Қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым-қатынастамыз. Олар біздің елімізде тұрса да өз тілдерінде сөйлеуге, салт-дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп айта алады.
Сұрақ–жауап: 1) Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? Неше жыл болды? (15ғ, 550 жыл)
2) Қай жылы республикамыз егемендік алды? ( 16 желтоқсан 1991 жылы)3) 16 желтоқсанда Қазақстанда қай мереке аталып өтеді? (Тәуелсіздік күні) 4) 25 Қазанда Қазақстанда қай мереке аталып өтеді?( Республика күні )5) 30 Тамызда Қазақстанда қай мереке аталып өтеді? (Конституция күні )
6) ҚР Конституция қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда) 
7) Қазақстан қандай мемлекет? (көп ұлтты)
8) Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? ( 130 астам)
9) Қазақстан халқы Ассамблеясы қашан құрылды? ( 1995ж)
10)Қазақстан халқы Ассамблеясына неше жыл? (20 жыл)
“Бейбітшілік”, “бейбіт өмір” деген сөздің мәні неде, қандай ұғымдар?
( Кластер салу)
Әлем бейбітшілігі жолында күресу дегенді қалай түсінесің?
Менің бейбітшілікке қосар үлесім қандай?
Бейбітшілік кезеңіндегі бейбітшіліктің сақталмауы.
Оқушылар бейбітшілікті қолдай ма?
«Шығармашылық жұмыс» - «Туған еліме тілегім».
Қазақстан картасының суретін тақтаға іледі.
Балалар алдына гүл, күн, көгершін суреттерін үлестірмелі түрде тастайды
Өздері таңдаған суретті Қазақстан картасының бетіне жапсырып не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы білдіреді.
Қорытынды:
Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл 20 жыл толды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - ХХІ ғасырдың ең басты заңы – татулық дейді.Ал сіздер осы бейбітшілік,татулық жайлы өз ойларыңызды айтып көріңдерші.

Келісілді: Бекітемін:
Мектеп директорының «Меңдіқара ауданы әкімдігі
оқу-тәрбие ісі жөніндегі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев
орынбасары атындағы Боровской орта мектебі»
Э.Е.Дүйсенбаева_________ ММ-нің директоры:_____________
« » «____» 2015-2016 о.ж. « » «____» 2015-2016 о.ж.
1 қыркүйек – Білім күніне арналған тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Менің Отаным - Қазақстан»
Сынып: 7 «А»
Өтілу түрі: аралас
Сынып жетекшісі: Серикпаева А.Т.
2015-2016 оқу жылы