Конспект мероприятия для класса предшкольной подготовки Даярлы? топпен ?оштасып,біз мектепке барамыз
Тақырыбы: Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Мақсаты: Балалардың даярлықта алған білімдерін тексеру, қорытындылау. Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Балалардың білімдерін пысықтау, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру.
2. Сөздік қоры мен тіл байлықтарын дамыту.
3. Үлкендерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: шар, гүлдер, мерекелік жазулар.
Әдісі: Ертеңгілік.Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )– Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Өтті қызық көп күндер,Алты жасқа жеттіңдер.Барасыңдар мектепке,Бір белестен өттіңдер.Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Тәрбиеші:Өсті міне бойларыңӨсті ақыл-ойларыңҚуанышқа ортақпын,Құтты болсын тойларың!
ҚР Гимні айтылады- Құттықтау сөзі және түлектерге қоңырау тағу міндеті – директордың оқу жөніндегі орынбасары---- Шильдебаева Айнұр Қиятовнаға беріледі.
Айналайын, балалар,Алда мектеп- ана бар.Өздеріңнен өседі,Өнерпаздар, даналар
-Мектепке ертең барамыз
Оқимыз сауық құрамыз
Қашық та болса арамыз
Сіздерге келіп тұрамыз
-Мен мектепке барамын
Оқып, білім аламын
Дейді мәз боп ата- ана
Жана берсін талабың
-Санамызға нұр құйған
Ұстазымыз- данышпан
Шәкірттерін ылғи да
Ұшырады алысқа
Ұстаз керек әркімге
Олсыз білім алу жоқ
Ол айтқан соң әр күнде
Сабағыңнан қалу жоқ
-Мұғалім біздің анамыз,Анамызды сыйлаймыз.Айтқан ақыл, білімінЫқыласпен тыңдаймыз.
-Баулап, баптап өсірдіңіз
Балалық етсек кешірдіңіз
Ұмытпаймыз сөзіңізді
Ұмытпаймыз өзіңізді
Ән «Біз мектепке барамыз»
(Есік қағылып , «5»-тік баға кіреді.)– Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін.Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтары тексеремін. І тапсырма Сұрақтарға жауап беру. Ойын «Сиқырлы қобдиша»ІІ тапсырма Сауат ашу сабағынанІІІ тапсырма Математика сабағынан.
І тапсырма– Біз қай елде тұрамыз?
– Сендердің ауылдарыңның аты қалай аталады?– Еліміздің президенті кім?– ҚР рәміздерін кімдер атап береді? – Неше жыл мезгілі бар?– 1 аптада неше күн бар?– Бүгін аптаның қай күні?ІІ тапсырма– Дыбыстар нешеге бөлінеді?– Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?– Дауыссыз дыбыстарды ше?– Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та, қа-ла, да-ла, ай-на, ба-ла, ма-ши-на, ба-ла-пан, са-ғат, мы-сық )– Тақтаға өз атын кім жазып береді?– «Сиқырлы қағаз» ойыны- А4 қағазын өзіне ұнаған түске бояу, шыққан буынды оқу (2 бала)III тапсырма– 1-ден 20-ға дейін тура және кері санап беріңдер?– Қызықты есептер «Шешуін кім табады»1.Төрт қаз ұшып барадыБиіктен төмен қарадыАяқ нешеу,бас нешеу:Жауабын кім табады:( Басы 4,аяғы8)2.Балапанын көгаладаСанай алмай тауық жүрЖетеуі жүр жүгіріпҮшеуі жем тауып жүрҚанша барлық балапанСанап берші балақан(10 )3.Бес қой қосу екі қойЖалпы болды қанша қойЕкі қой қайта алғанымАйтшы ,қанша қалғанын 5+2 7-24.Мама вазаның ішіне салды 8 алма,2 алмұртБарлығы неше жеміс болды? (10)
– Берілген фигураларды атаңдар?– Ойын: Сандарды ретімен орналастыр 3 2 7 5 6 4 9 10 8 1Ж а р а й с ы ң д а р б а л а л а р !
Сахнаға ойыншықтар Құрманғазы «Адай» биіне билеп шығады. (Ұлытау тобының орындауында)
1-ойыншық: (Мысық)
Мен- ойыншық мысықпын
Мейірлімін, пысықпын
Мектепте мені ойлаңдар
«Мысық- тышқан» ойнаңдар
2- ойыншық: (Күшік)
Көзі шамдай күшікпін
Көп ойынға түсіппін
Сендермен енді қоштасам
Бөбектермен достасам
3- ойыншық: (Ат)
Аттарыңмын сәйгүлік
Жүрген жоқпын жай жүріп
Сендерге жігер қосқанмын
Сау болыңдар, достарым
4- ойыншық: (Машина)
Машинамын, көлікпін
Мамандарға көніктім
Үйренген соң білімді
Білесіңдер «тілімді»
Ән: Ойыншықтар
Оқушылар тақпақтары.
-Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлайыз
Өнер білім үйреткен
Өзіңізді қимаймыз
-Ойын маған ұнайды,Көп ойнауға болмайды.Күні бойы доп қусаң,Ақыл-білім қонбайды.
- Балалар, қанеки барлығымыз ойыншықтарға рахмет айтайық. (бәрі қосылып хормен «Рахмет» деп айтады)
Сахналау «Мақта қызбен мысық» ертегісіТәрбиеші: Ендеше, қонақтарымызға Ыбырай Алтынсариннің Мақта қызбен мысық ертегі кейіпкерлерінің рөлін өздерің ойап көрсетесіңдер. Мақта қыз:
Мысық:
Сиыр: Ағаш:
Қыздар: Дүкенші:
Тауық:
Тышқан:
ӘН : «Қошақаным» орындайтын хор.
Ата- аналармен ойын: «»
Сахнаға Әліппе шығады.
Әліппе:
Сәлем гүлдей балғындар
Даярлықтан тәлім алдыңдар
Ер жеткен достар ақылды
Енді мектеп шақырды
Үлгеріңдер әр іске
Үйретемін әріпке
Үйретемін білімге
(Әліппе кітабын сыйлайды)
- Іші толы әріпке
Мынау әйбат Әліппе
Сыртын қаптап тыстаймыз
Тап- таза қып ұстаймыз
- Мен кішкентай баламынКітап оқи аламын.Дәптер, қалам, сызғыштыСөмкеме өзім саламын.
- Кітап оқу бұлағым,Оқытатын ұстазым.Кітапта бар даналық,Оқып біліп алайық.
- Қуаныш бар үнімде
Жүрегімнің түбінде
Мен мектепке барамын
Қыркүйектің бірінде
Дайын дәптер, кітабым
Бәрін таза тұтамын
Мөлдір білім кәусарын
Жалықпастан жұтамын
Балалар хормен:
Әліппені сүйеміз
Әдеппен бас иеміз (Бәрі бас иеді)
Сүйікті балғын бала шақ.Сендердікі болашақ.Озат болып оқыңдар,Ойға білім тоқыңдар
Мұғалім: «Батамен ел көгерер» дейді дана халқымыз. Бізде жақсы оқу, үлгілі болу үшін үлкендердің ақ тілек баталарын, тілектерін алып, болашаққа жол бастайық. Сөздің кезегі ақ жаулықты үлкен дана әжемізге беріледі.Қорытынды – Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.