Внеклассное мероприятие Мын бір ма?ал


«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №18 мектеп-гимназиясы» ММ
ГУ «Школа-гимназия №18 отдела образования акимата города Костаная»
Сыныптан тыс іс-шара
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

сынып: 6
Мұғалім: Асылханова Г.А.
Мақсаты:1. Оқушыларды «Сөз мәйегі — мақал» дегендей, ата — бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу.»Тәуелсіз ел- Мәңгілік ел» тақырыбында биыл өтілетің маңызды мерекелерге назар аударып, еске түсіріп, қайталау.
Көрнекілігі: презентация, үлестірмелі карточкалар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі мен әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.Сайысқа қатысушы топтар ортаға  шығады. Әр топта жеті оқушыдан. Топ жетекшілері сайланады.
Өтілу барысы:Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!Бүгін біздің сыныбымызда өтетін  «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойынына хош келдіңіздер.
Оқушыларды суретті жинау арқылы 2 топқа бөлу. Ы. Алтынсариннің суреті және Қазақстанның Тәуелсідігіне 25 жыл. Суреттердің мәнін сұрақ-жауап арқылы ашу.
Қайырлы күн,құрметті көрермендер,қонақтар,сайыскерлер.Бүгін біздің «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайысымыз мектепте қазақ тілі апталығының өтуімен байланысты екенін білесіздер.
Бұл сайысқа екі топ қатысады:1. «Мерген» тобы.2. «Қыран» тобы.
Сайыстың кезеңдері:
1. «Сөзге шешен»
2. «Жүйрік»
3. «Даналық ойдан дән ізде»
4. «Жалғасын тап»
5. «Суретке қарап, мақал айт»
6. «Мақал сөздің мәйегі»
7. «Мықты болсаң, тауып көр»
- 1 –ші кезеңімізге көшейік. Ол «Сөзге шешен» деп аталады. Осы кезеңде қазақ мақалына орыс мақалының баламасын тауып, айтып бересіз. Әр жауап бір балл. Бір балға, бір тәтті беріледі.
1 – топқа:
Қазақ мақалы «Сұрай, сұрай, Меккеге де жетерсің» дейді, орыс мақалы «Язык до Киева доведет» деп айтады.
Қазақ мақалы «Басқа пәле- тілден» дейді, орыс мақалы « Язык – мой враг» деп айтады.
Қазақтар «Көз-қорқақ, қол- батыр» дейді, орыс мақалы « Глаза боятся, руки делают» деп айтады.
Қазақ мақалы «Бір ағаш орман болмайды, бір кірпіш қабырға болмайды » дейді, орыс мақалы « Один в поле не воин» деп айтады.
Қазақ мақалы «Айтылған сөз -атылған оқпен тең» дейді, орыс мақалы «Слово не воробей, вылетит не поймаешь» деп айтады.
2 – топқа:
Қазақ мақалы «Аз сөз-алтын, көп сөз- күміс » дейді, орыс мақалы « Молчание – золото» деп айтады.
Қазақ мақалы «Балықшы балықшыны алыстан көреді» дейді, орыс мақалы «Рыбак рыбака видит издалека» деп айтады.
Қазақ мақалы «Темірді қызған кезде соқ» дейді, орыс мақалы «Куй железо, пока горячо» деп айтады.
Қазақ мақалы «Адам досыммен, ағаш тамырымен мықты» дейді, орыс мақалы «Друзья познаются в беде» деп айтады.
Қазақ мақалы «Аз болса да, саз болсын » дейді, орыс мақалы « Мал золотник, да дорог» деп айтады.
- 2 –ші кезеңімізге көшейік. Ол «Жүйрік» деп аталады. Осы кезеңде мақалдың жалғасын тез айтып беру керек.
1 – топқа:
Күш –білімде, білім –(в книге)
Күш –білімде, білім- кітапта.
Туған жер- алтын (колыбель)
Туған жер- алтын бесік.
Өмір- үлкен ........
Өмір- үлкен мектеп.
Отан оттан да ........
Отан оттан да ыстық.
2 – топқа:
Ат- адамның қанаты, ас- адамның (сила)
Ат- адамның қанаты, ас- адамның қуаты.
Тату үйдің тамағы ..........
Тату үйдің тамағы тәтті.
Татулық табылмас.........
Татулық табылмас- бақыт.
Мектеп –кеме, білім-(море)
Мектеп –кеме, білім- теңіз.
- 3 –ші кезеңімізге көшейік. Ол «Даналық ойдан дән ізде»деп аталады. Бұл бөлімде сандарды ретімен орналастырсаңдар, мақал-мәтел оқисыңдар.
 
1 топқа: кему ретімен.Мектептің жүрегі – мұғалім.М – 22,  і – 2,  е –21,  л – 3,  к – 20,  а – 4,  т – 19,  п – 17,  ғ – 5,  ң – 14,  ұ – 6,
ж – 13,  г – 9,  ү-12 ,  р – 11,  е-18,  т-16,  е-10,  і-15,  м-1,  і-8,  м-7.
2 – топқа: өсу ретімен.Мектеп – кеме, білім – теңіз.
М-10,  і-23,   з-29,  е-17,    м-18,  е-14,   п-15,   м-24,   т-25,   е-19,   б-20,   е-11,  к-12,   е-26,       л-22,   і-21,  т-13,  к-16,  ң-27,   і-28
КӨРЕРМЕНДЕРМЕН ОЙЫН ЖҮРГІЗУ.
1.Жизнь-өмір,уголь-.............
Число-сан,кровь-.........
Молоко-сүт,жди-............
Человек-адам,ручка-...............
Таможня-кеден,пол-.................
Зуб-тіс,дело-.............
2.Возьми-ал,мед-..............
Рыба-балық,народ-...............
Дверь-есік,колыбель-.............
Город-қала,ребенок-...................
Лето-жаз,гусь-...............
Игра-ойын,шея- ...............
Жеңгеңдерді марапаттау.
- 4 –ші кезеңімізге көшейік. Ол «Жалғасын тап» деп аталады. Бұл кезеңде әр топ жылдамдығымен мақалдың жалғасың табады. Кім белгіні тез көтереді, сол топ жауап береді. Дұрыс болса, балл алады, дұрыс болмаса кезегі екінші топқа ауысады.
1. Еңбектің наны тәтті,… (жалқаудың жаны тәтті)2. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсың)
3. Отансыз адам (ормансыз бұлбұл)
4. Тазалық – (денсаулық кепілі)
5. Білекті бірді жығады (білімді мыңды жығады)
6. Ұяда не көрсе (ұшқанда соны іледі)
7. Мектеп кеме (білім теңіз)
8. Жеті (атасын білмеген жетесіз)
9. Жақсының аты өлмейді, (ғалымның хаты өлмейді)
10. Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас.
11. Ағасы бардың жағасы бар, (інісі бардың тынысы бар).
12. Ер есімі (ел есінде).
- 5 –ші кезеңімізге көшейік. Ол «Суретке қарап, мақал айт» деп аталады.
Суретке қарап әр топ мақалды айтады. Бір дұрыс жауап бір балл.
Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
«Арық атқа қамшы ауыр»
Балық іздесең көлге бар,
Береке іздесең елге бар.
Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
Көзқорқақ, қол батыр.
Жақсы қыз - жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.
Ексең егін ішерсің тегін.
- 6 –шы кезеңімізге көшейік. Ол «Мақал сөздің мәйегі» деп аталады.
Сөздерден мақал құрастыру. Тапсырманы оқушыларға беру. Уақыт 1 минут.
1.Құрмет, тілге ,құрмет-елге. 2.Ұяда, ұшқанда ,соны іледі, не көрсе  1. 3.Мектеп, білім- теңіз кеме . 4.Мыңды жығады ,білекті ,жығады , бірді, білімді. 5.Табылмас, бақыт, татулық. 6.Денсаулық, кепілі, тазалық.
- 7 –шы соңғы кезеңімізге көшейік. Ол «Мықты болсаң, тауып көр» деп аталады. Бұл жұмбақ сайысы.
1.А)Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас
(жұлдыз)
Б) Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама
(кітап )
В) Сырты тәтті,іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты
(алма )
2.А) Бар ма,жоқ па,оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің
(ауа)
Б) Аяғы жоқ, қолы жоқ.
Бірақ сурет салады.
(аяз)
В) Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді
(қалам)
- Ал топ басшылары өз ұпайларыңызды санап, қанша қай топ жинағаның тыңдайық.
- Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен – деп сөзімді аяқтап уақыттарын бөліп бүгінгі сайысқа қатысуға келген қонақтарымызға, сайыскерлерімізге үлкен рахметімді айтып, «Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей, бәріміз бірлесе отырып «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарса» алынбайтын асу бар ма? Бүгінгі бастамамыз әрі қарай жалғасын таба берсін. Рахмет.