Ешкі малыны? пайдасы о?ушыны? зерттеу ж?мысы


“Ешкі малының пайдасы” атты зерттеу жұмысы Қарқаралы ауданы № 6 орта мектеп КММ Мақсаты: Ешкі малының тіршілігіне бақылау жасау.Міндеті : -ешкі малының ерекшеліктері туралы ақпараттар жинау; -қоректенуі мен көбеюі, -жануардың тіршілік әрекетін, түрін анықтау; -сүтін қалай пайдалануға болатынын зерттеу. Ешкі– мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты, күйіс қайыратын жануар. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған. Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды. Ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырады, оның бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкі жеңілтек мал деп есептеледі де, мінезі «ешкі құсап селтеңдеп» деп, ешкіге теңеп отыратыны бар. Ешкі сүті— аса бағалы тағамдық өнім. Организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 %-ы сіңеді. Ешкі сүтінің құрамында 13,4 % құрғақ зат тектер, 4,4% май, 3,6% белок, 4,9% лактоза бар. Ешкі сүті химиялық құрамы жағынан сиыр сүтіне жақын. Ерте кездерде асқазаны, бүйрегі ауыратын адамдарға ешкі сүтін беріп емдеген. Ешкіден күніне 4 литрге дейін сүт сауылады. Ешкі сүті көбінесе ірімшік, айран және т.б. тағамдар дайындауға пайдаланылады. Ешкіні жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серкедеп бөледі. Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердіңекі түрі жатады (безоар ешкісі, иір мүйізді ешкі). Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограмға дейін тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады. Сүтті ешкілер жылына 450 – 550 кг, кейбір шаруашылықтарда 1 т-ға дейін сүт береді. Сүтінің майлылығы 3,8 – 4,5%. Жүндес тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15 – 18 см болады. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Түбітті ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады Қазіргі заманда жануарлар дүниесін қорғау бүкіл жас ұрпақтың қасиетті парызы. Туған өлкенің жануарлар тіршілігін зерттеп, бақылаудың нәтижесінде мен ешкінің сыртқы орта жағдайларына бейімделуін, басқа жануарлардан ерекшеліктерін, өте сақ жануар және таза жануар екенін анықтап көрдім.Ешкінің еті мен сүтін ата – бабаларымыз бұрын қалай пайдаланды және казір қалай пайдаланатыны жөнінде анықтадым. Дана қазақ халқы «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық-мол саулық» деген екен. Сондықтан келешекте ешкі малын көп өсіру керек деп ойлаймын. Энциклопедия «Ол кім, Бұл не?» 2. Қазақ Энциклопедиясы “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998"Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999