О?ушыны? шы?армашылы? ?абілетін дамыту


Алматы облысы
Панфилов ауданы
Кішішыған ауылы
«Кішішыған орта мектебі»к.м.м
Жылкыбаева Гулназ Омарбекқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш мектеп –оқушы тұлғасы мен санасы қуатты жүретін ,ерекше құнды қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы болып табылады.Бастауыш мектеп балаға белгілі білім беріп қана қоймай ,оны дамыту яғни сөйлеу ,оқу,қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастырады.Ойын дұрыс айтуға ,салыстыруға ,дәлелдеуге ,сөйлеу мәдениетіне үйретеді.Дамыта оқытудың басты мақсаты-баланы оқыта отырып оны шығармашылық бағытта жан-жақты тәрбиелеу.
Шығармашылық қабілет деген не?Қабілеттердің шығармашылық деңгейіне көтерілуі неге байланысты деген сұрақтар әрбір мұғалімді мазалайды.Шығармашылық әрекет өте күрделі процес және ол адамға ғана тән.
Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына,өзін-өзі тануына ұмтылуы,ізденуі.Өмірде дұрыс жол таба білу үшін адам дұрыс ой түйіп ,өздігінен сапалы ,дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Баланы жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу керек?
Мұғалім ең алдымен ,сыныпта шығармашыл көңіл- күй тудыру,баланың назарын бір нәрсеге бағыттау керек,яғни ,оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі шығармашылық тапсырма ,міндеттер,жаттығу ойын түрлерін ұсынған жөн.
Шығармашылық жаттығу ,ойын тапсырмаларының мазмұны,жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне ,қызығушылығына үйлесуі керек.Мұғалімнің ең үлкен міндеті бала бір белгілі көркемдік шешім тауып,өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назардан тыс қалдырмау,шығармашылық бағыт-бағдар беріп тұру.
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар:
«Сәтсіздікке ұшыраймын,қолымнан еш нәрсе келмейді»деген тыс қорқыныш сезім.
Өзіне –өзі тым риза болмау.
Жалқаулық.
Мұндай жағдайда баланы құтқару жолдарын табу.
.Оқушылар шығармашылықпен айналасуына мектепке ,сабақ үстінде ,үйде қолайлы жағдай жасау.
.Шығармашылық бағытта баланы жүйелі ,саналы түрде қалыптастырып отыру.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып ,олардың белсенділіктерін қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3.Логикалық ойларын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу.
4.Берілген тапсырмаларды түрлендіру бағытында жұмыс жүргізу.
5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру.
6.Қиялдау арқылы сурет салу.
7.Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру.
8.Ой шапшаңдығын ,сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
9.Мәтін ,әңгіме,ертегіні өз бетінше аяқтау.
Ал, сабақтан тыс уақытта уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың түрлері :
1.Мұражайларға апару
2.Әртүрлі кездесулер ұйымдастыру
3.Әртүрлі тақырыпта пікірталас ,сайыс өткізіп ,алған әсерлерін шығарма етіп жаздырту.
4.Балаларға арналған журналдыдарды сабақ кезінде үнемі пайда
лану.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға ,шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып ,тілін байытуға ,қиялын ұштауға ,өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді..Бала бойындағы қабілетті ашу –оқушының шығармашылық бағытта дамуына жеке мән беру болып табылады.Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлануға жетелеп,қызығушылығын оятып ,шығармашылық қабілетін арттыруға ,белсенділікке ынталандырады.
-Бастауыш сынып мұғалімі-баланың екінші анасы.Шәкіртіңді анасындай аймалап ,бірақ орынды талап қойып,жүрек жылуын бәріне бірдей шаша берудің қорытындысы-бағбанның жақсы ағаштан жинаған сапалы жемісі іспеттес.
Қорыта келгенде ,бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын ,олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып,ойын ынтасын дамыта түседі.