Статья Эссе о Робототехнике
Оспанова Асель Абдугапбаровна
мұғалім
№7 орта мектебі
lefttop Қызылорда қ.
Қызылорда обылысы
asel_n84.84@mail.ru
Соңғы жылдары компьютерлік телекоммуникациялық техниканың және технологияның рөлі мен орны түбегейлі өзгерді. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру бүгінгі күндері әркім үшін өте қажет. Қазіргі технологияның дамуы мен оның қолданылуының деңгейі материалдық базасының дамуымен ғана емес, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілеті мен де анықталады.Бүгінгі таңда ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқу үрдісінде қолдану әлемдік ақпараттық - коммуникациялық білім беру кеңістігіне қосылуды қамтамасыз етеді. Логикалық бағдарламаның идеялық тамыры - математикалық логикада, формуланы және формалді анықтау әдісін қолдана отырып, автоматты түрде нәтиже алуға және есепті формалді сипаттау әдісін ашуға септігін тигізуінде.
Бүгінгі технологиялар дамыған заманында, адамның сауаттылық туралы түсінігі күн сайын өзгеріп турады десек те болады. Осыдан 10 жыл бурын адамның сауаттылығы оқу мен жазу көрсеткіштеры арқылы бағалайтын болса, казір компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі маңызды болып саналады, ал ертеңгі күні әр сауатты адам робот пен жұмыс жасай білу қажет.Казіргі таңда - автоматтық құрылғыларды, немесе адам баласының алдын - ала қондырылған бағдарламаларына бұйрық арқылы орындауын робот деп атайды.Бүгінгі күні робот өмірімізге нық қадам басып кіріп келеді, өйткені қазір барлық салаларда роботтың көмегіне сүйеніп түрлі-түрлі жұмыстар атқарылады.Осыған орай ЛЕГО компаниясы 1998 жылы роботты программалауда өзінің алғаш электрондық бөлшектерінің жиынтықтарын ойлап шығарды.
Курс кезінде «Роботты техникасы» элективті курсының бағдарламасының негізгі мақсатмен таныстырылды. Тренер сабақ жүргізу барысында әр түрлі әдіс тәсілмен жаңа сабақты жеткізді. Құрастылған роботқа арнайы бағдарлама енгізу арқылы, әртүрлі командамен бұйрық беру арқылы жүргіздік. Курс аясында үйренген барлық әдіс тәсілімді балаларға көрсетіп, өз сабағымда пайдаланамын. Оқушыларға әр түрлі роботтарды жасатып, оларды жүргізіп, солға, оңға, бұрылыстарды үйретіп элективті курста қолданамын.
Қорыта келсек Робототехника элективті курсы балалардың қызығушылығын арттырып, жасалған модельдер бойынша көптеген халықаралық жарыстар мен олимпиадаларға, жобаларға қатысуға мүмкіндік береді.