Озы? ойлы тап?ырлар сайыс саба?
Күні: 19.11.2016 ж
Пәні: Химия
Сабақ тақырыбы: “Озық ойлы тапқырлар”
Сабақ мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Қазіргі ғылыми білім негізінде дүние жүзінің өркениет құндылықтармен қарулануға ниеттерін қалыптастыру. Оқушылардың жан-жақты білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау
Сабақ түрі: Сайыс
Сабақтың жүрілу барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Жүрілу жоспары:
Әділ қазылармен таныстыру;
1. «Бәйге» 3 ұпай
2. « Полиглот» әр бір дұрыс жауапқа 2 ұпай, толық емес жауапқа 1 ұпай.3. « Жорға» 5 ұпай
4. «Ғажайып ұяшықтар» ұпай саны ұяшықта берілген
5. «Адасқан формулалар» 2ұпай
Ойынды бағалайтын әділқазылар таныстырылады.
әділқазы алқасы деп сайысымыздың алғашқы қадамын бастамас бұран, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік
І тур:
1.Мені – ай ғаламшарына теңеген. Ақ түсті жылтыр, созылғыш металмын. Тек азот қышқылында еримін. Мені құймалар, әшекей заттар, тұрмыс бұйымдарын, өткізгіш заттар жасауға пайдаланады.
(Күміспін)
2.Мені - Юпитер ғаламшарына теңеген. Жылтыр, ақ күмістей созылғыш, ауада баяу тотығатын металмын. Мені дәнекерлеу, құймалар жасау үшін пайдаланады.
(Қалайымын).
3.Мені - Сатурн ғаламшарына теңеген. Жұмсақ, майысқақ, күңгірттеу, сұр түсті металмын. Аккумуляторлар, химиялық аспаптар аппараттар жасауда пайдаланады.
(Қорғасынмын)
4. Мені – Меркурий ғаламшарына теңеген. Металдардың ішіндегі сұйығымын, әрі ауырмын, ақ түсті, жылтыр металмын. Мен химиялық өнер кәсіпте катод есебінде катализатор ретінде, жарық беретін электр шамына, медицинада т.б жерлерде пайдаланады. ( Сынып)
5. Мені – Марс ғаламшарына теңеген. Мен өте иілгіш, күмістей
ақ металмын. Ерекшелігім магниттік қасиетім бар. Мені темір құймаларын, шойынмен болат өндіруде пайдаланады. (темір)
Мен машина жасау өнер кәсібінің негізгі шикізатымын.
6. Мені ертеде Күн ғаламшарына теңеген. Сары түсті жылтыр, созылғыш металмын. Қалыпты жағдайда оттегі, фосфор, күкірт, т.б элементтермен, сондай-ақ қышқылдармен, сілтілермен әрекеттеспеймін. Негізгі валюта есебінде қолданыламын. Менен әшекей бұйымдарын жасайды.Ешқандай қышқылдарда еріп кетпеймін деп мына шумақты өзіме арнадым.Бұл шумақтың шешуін сіздерге қалдырдым. (алтын)
ІІ тур
Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді « ауа , воздух, air »
Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың. «тұз, соль, salt»
Қыздырып соқсаң иленеді,
Балға мен төстен именеді. «темір , железо, феррум »
Көрегендер көрші отырып,
Бірін-бірі көрмейді. «көз, глаза, eyes»
Өзі ауыр металға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады «қорғасын, свинец, плюмбум »
Ең жеңіл элемент саналады,
Периодтық жүйе осыдан бастау алады. «сутек , водород, гидрогениум »
Үй ішінде 32 батыр,
Кіргендерін отап, турап жатыр «тіс, зубы, teeth»
Жанды мотор сынбайды,
күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін,
Дәрігерлер тыңдайды «жүрек, сердце, heart »
ІІІ тур
1. Қандай металдар керосиннің астында сақталады (сілтілік)
2. Консерві қалбыры қандай металдан жасалады (қалайы)
3. Адам алақанында балқитын металл (цезий)
4. Заттың құрамы мен қасиеті сақталатын ең кіші бөлшегі (молекла)
5. Атомның планетарлық моделін ұсынған қай ғылым (Резерфорд)
6. Адам бойының өсуінен әсер ететін химиялық элемент (мырыш)
7. Сұйық металл (сынап)
8. Ең созылғыш металл (алтын)
9. Электролиттік диссоциация териясын ашқан ғалым (С.Аррениус)
10. Медицинада емдеумақсатында қолданылатын сәулелік ванна (радон)
IV тур «Ғажайып ұяшықтар» ұпай саны ұяшықта берілген
V тур «Адасқан формулалар» 2ұпай
Қорытынды.
сонымен біздің “ Озық ойлы тапқырлар ” туралы кешіміз аяқталды. Әділ қазылар алқасына сөз беріп, ойынымыздың жеңімпазы атанған топпен танысайық.
Қонақтардың ішінен белсене қатысқандарды атау. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар.