Урок на тему Алтын балы?
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу ісәрекеті: Тілдамыту.
Құрастыру.Жапсыру.Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: « Алтын балық »
Дайындаған:Ұ.Оразбаева
2015-2016 оқу жыл
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті : Тіл дамыту. Құрастыру.Жапсыру. Қоршаған ортамен таныстыру.ҚҰМҚ.
Мақсаты: Балалардың жыл бойына алған білімдерін түрлі тапсырмалар орындату арқылы бекіту. Балалардың шығармашылығын, тілдерін дамытып,білгірлікке,ептілікке баулу. Ұқыптылыққа, өз ойын еркін жетілдіруге,білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Инновациялық технологияларды пайдалана отырып,балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Баланың ойын, дыбыстарды дұрыс айта білуге , балалны қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелесу,көрсету,ойындар ойнату,жұмбақ жасыру,сұрақ-жауап,жапсыру,ән айту,құрастыру.
Қостілдік компонент: кемпірқосақ -радуга-rinbow,күн-солнце-sun,жаңбыр-дождь-rain
Қажетті көрнекіліктер:Кеме,көліктер суреті,кілт,сандық,видиопроектор,
интерактивті тақта,ойын материалдары қармақ және балықтар,құстар
саңырауқұлақтар,желім,кеменің бөліктері,алтын балық,әуен.
Мотивациялық
қозғаушы Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ізденуші ұйымдастырушы Сабақ өтетін зал тақырыпқа сай безендірілген.
Тәрбиеші балаларды күтіп жүреді
-Мен балалрмен саяхатқа шығуым керек еді.Балалар кешігіп жатқан сияқты.(тәрбиеші гүлдерді қарап жүреді,балалар қатармен жүріп келеді,ұлттық классикалықсаз әуені естіледі)
-Сәлеметсіңдер ме балалар мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.
Көздеріңнен қуаныш пен шаттықты көріп тұрмын.
Шаттық шеңбері:
-Балалар,сіздерді"Шаттық шеңберіне" шақырамын.
Күн сәуле шашқаның үшін рахмет!
Бұлт,жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
Аспан,таза ауаң үшін рахмет!
-Балалар жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Көктем мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
-Ия дұрыс айтасыңдар,сонымен қатар бәйшешек гүлдер шығады,балалар жұқа киімдерін киеді.
-Жарайсыңдар!
-Мына менің қолымдағы алтын сандықшаның ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?
-Ендеше бұл сандықтың кілтін алу үшін менімен бірге"Білім еліне" саяхатқа баруымыз керек.
-Саяхатқа барғыларың келе ме?
-Ал қандай көлік түрлерін білесіңдер?(тақтамен жұмыс)
-Көліктер әуе,су,жол көлігі болып бөлінеді.
-Балалар мынау қандай көлік?
-Ұшақ қайда жүреді?
Ия ұшақ әуеде ұшады.
-Келесі көлік қандай?
-Ол жол көлігі екен балалар
-Мынау қандай көлік балалар?
-Өте жақсы олай болса,бүгін су көлігі"Болашақ" атты кемеге мініп"Чунга-чанга"әнімен саяхатқа шығайық.Кеменің капитаны сайланады.
-Балалар қараңдаршы кемеміз суда жүзіп келеді(проектордың көмегімен көрсетіледі)
-Су қандай?
-Түсі қандай?
-Су қайда болады?
-Суда нелер тіршілік етеді?(проектордың көмегімен су асты әлеміне үңіледі)
-Ия балықтар және неше түрлі өсімдіктер,балықтар өздерінің қоректерін өздері тауып жейді
-Капитан:
-Бұл "Білім елі" алтын сандықтың кілті сол елде!
-Балалар Аралға да келіп қалыппыз.(кемеден түседі)
Тосын сәт:Алтын балық келеді.
Алтын балық:Сәлеметсіңде ме балалар!"Білім еліне "қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе Алтын балық! Мұнда біз алтын сандықтың кілтін іздеп келдік.
Алтын балық: Алтын сандықтың кілті менде, мына менің кілтім бөлшектерге бөлінген, мұнда тапсырмалар бар сендер сол тапсырмаларды орындсандар кілті беремін.
Тәрбиеші: Балалар Алтын балықтың тапсырмаларын орындауға дайынсыңдарма?
(Алтын балық қорапшадан кілттің бірінші бөлігін алып береді.)
Тәрбиеші: 1-ші тапсырма
Шарты: Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар жасырылады
(кепірқосақ,күн, жаңбыр.) Әр жұмбақты шешкен сайын суреттер көрсетіледі. Жұмбақтың шешуін қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде айтуымыз керек.
1. Түрлі сәуле төгілген,
Көпір көкте керілген.
(Радуга ,кемпірқосақ ,rinbow)
2. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады. (Күн, солнце,sun)
3.Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт,мейлі
Тереземнің әйнегін жуады
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр, дождь, rain)
2. Сурет бойынша әңгіме.(Барлық балалар қатысады.)
Алтын балық: Жарайсыңдар балалар. Тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Кілттің бірінші бөлігін өздеріне табыстаймын.(алтын балық кілттін екінші бөлігін береді.)
2.-ші тапсырма.
Табиғат туралы тақпақтар. Алдымен тілдерімізді жаттықтырып алайық.
Тем- тем-тем
Келді нұрлы көктем.
Ді-ді-ді,
Балалар жүр көңілді.
Іп-іп-іп,
Кетті қарда еріп.
Шік-шік-шік,
Ағаштарда бүршік.
Тәрбиеші: Балалар табиғат туралы тақпақты кім біледі.
1. Көк орманда ну ағаш,
Өскен жақсы аралас.
Ең ішінде меніңше,
Құс үясы бар ағаш.
2. Табиғатсыз өмір болмас,
Құрып кетсе орны толмас.
Орман, көлмен болып жолдас,
Сақтауға сен оны қорғас.
3. Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау бақшада жайнаған,
Құстар әні төгілді.
4. Көлдің мұзын күн тесті
Аппақ тонын жер шешті,
Жан -жақтан күн күркіреп
Жаңбыр-жауды сіркіреп.
Сергіту сәті:
Ойын:"Кім шапшаң"(Алтын балықпен бірге)
Шарты:Ортаға көк мата жайылып үстіне балықтар қойылады.Балалар екі топқа бөлінеді әр балаға қармақтар таратылып балықтарды тез жинауы қажет. Ойын 1-2рет қайталанады.
3-тапсырма:
-Балалар сендер "Білім еліне "немен келдіңдер?
Олай болса балалар өз бетімізше жапсырып шығайық.
Алтын балық:
-Жарайсыңдар өздерің шебер екенсіңдер!Кілттің соңғы бөлігін де беремін.Балалар сендер менің бөлінген кілтімді құрастырып бердіңдер.Мен өз уәдемде тұрып,сендерге алтын сандықтың кілтін табыстаймын.(Алтын балық кілтті береді).Балалар сендер өте тапқыр, ақылды,әдепті балалар екенсіңдер.Олай болса мен сендердің кез-келген тілектеріңді орындаймын.
Тәрбиеші:Алтын балық мен де өз тілегімді айтсам.Мен Алтын балыққа мына отырған сендердің амандықтарыңды тілеймін ешқашан ауырмаңдар.
Алтын балық:Сау болыңыз.!Ендеше балалар балабақшамызға тез жетіп алайық.Әндетіп барайық ән"Туған жер"
Капитан:
(кемеден түсіп балабақшақа келеді)
Балалар ішке кіреді
Сәлеметсізбе апай!
Балалар ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің басталғандығын біледі.
Балалар күнмен,аспан атамен,ағашпен сәлемдеседі.
Көктем.
Үш
Күн жылынады,
ағаштар бүршік жарады,қарлар ериді.
Ия
Ия
Ұшақ
Аспанда
Жүк машинасы
жолда жүреді
Кеме, суда жүзеді
Балалар қуанады
Балалар кемеге мінеді кеме капитаны Ақжол
Су таза,көк түсті
өзенде,көлде,теңізде болады
Балықтар
Алақай! Алақай!Жер көрінді!
Ия
Тәрбиешіні тыңдап жұмбақтың шешуін табады және үш тілде айтады.
Сурет бойынша өз беттерінше әңгіме құрастырады.
- Кілттің бірінші бөлігін тақтаға құрастырады.
Балалар тілдік жаттығуға арналған өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап айтады.
Балалар тақпақтарын айтады
Балалар қимылды ойынды қызыға ойнайды
Кілттің екінші бөлігін тақтаға құрастырады
Кемемен
Кемені ақ параққа желіммен жапсырып шығады
Балалар кілтің соңғы бөлігін құрастырады.
Балалар өз тілектерін Алтын балыққа айтады
Балалар Адтын балықпен қоштасады.
Кемеге мініп
"Туған жер"жер әнін орындайды.
Алақай!АлақайБалабақша көрінді
Рефлексті коррекциялаушы
-Балалар кемемен қайда бардыңдар?
-"Білім елінде"кімді кездестірдік?
-Алтын балыққа не құрастырып бердік?
-Ақ парақшаға не жапсырдық?
-Жарайсыңдар балалар!
Алтын сандықты әуенмен ашу.Балалар алтын сандық сендерге тәттілер сыйлайды(тосын сый тәттілер үлестіру).
"Білім еліне"саяхатқа
Алтын балықты
Кілті
Кемені
Балалар қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді:қоршаған ортаның қасиеттерін ажырата білді
Нені түсінді: сұрақтарға толық жауап беруді
Қолынан келуі:желіммен дұрыс жапсыру әдіс-тәсілін