Тренинг Шатты??а толы ж?рекпен
«Шаттыққа толы жүрекпен» іскерлік ойыны Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілерге арналған іскерлік ойын
Мақсаты: Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік - психологиялық мәдениетін жетілдіру, тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы достық сезімін арттыру.Тәрбиешілердің педагогикалық рефлексиясын дамыту. Шығармашылыққа әртістікке, бастамашылдыққа ынтасын дамыту. Өзін- өзі тануға, педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын арттыру.Ойынның барысы.Жүргізуші: Қайырлы күн! Біздің «Шаттыққа толы жүрекпен» атты іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі ойында біз ойнап, ойланып, демаламыз, бір - біріміз туралы көбірек білеміз.Сол үшін ең бірінші бір - бірімізбен жақсы көңілмен амандасайық. Шеңберге тұрып мына күнді бір - бірімізге жылы сөз айтып береміз. (барлығы шеңберге тұрады, жылы сөз айтып, күнді бір - біріне береді).Бүгінгі ойын екі топқа бөлініп жүргізіледі. Сол үшін қазір сендер қорапта жатқан пішіндерді таңдайсыңдар (барлық педагогтар пішіндерді алып болған соң, жүргізуші пішіндерге байланысты топтарға бөлінуді ұсынады). Әділқазы (ата-аналар) ұпай қойып жеңімпаздарымыз анықталады.№ 1 Тапсырма:Сұрақ - жауап сайысы (жүргізуші сұрақтар қояды, бірінші жауап берген топқа ұпай жүреді).А) Мектепке дейінгі мекемелер бағынатын құжат (Стандарт).Ә) Жуыну, тамақтану, үстел жасау, асхана, табиғат бұрышындағы жұмыс – бұл барлығы қалай аталады?). (Тәртіптік кезең).Б) Балабақшада білім беретін бағдарлама неше бөлімінен тұрады? (5 сала бөлімі).В) «Құрастыру» бөлімі қай саладан? (Таным)Г) Балабақшадағы 2 - 3 жас аралығындағы топ қай бағдарламамен жұмыс істейді? ( ___________________________ __________)Ғ) Баланың білімін анықтайтын қорытынды сараптама қалай аталады? (индикатор)
Д) Интеграция дегеніміз не?№ 2 Тапсырма: «Ізшілер»
Балабақша нешінші жылы салынды
Балабақша меңгерушісінің мектепте сүйіп оқыған пәні?
Балабақшадағы ең жас маман және жасы үлкен қызметкер
Балабақшада қанша ер адам жұмыс жасайды?
Балабақша әдіскері "инновациялық әдіскер" номинациясымен қай жылы марапатталды?
Балмұздақ ең алғаш қай елде жасалынды?
Ең алғаш батпырауық ұшырған ел?
Отшашу алғаш рет қай елде пайда болды?
Мақта қыз бен мысық ертегісінің авторы
Тұңғыш қазақ көркем фильмі қалай аталады?
№ 3 Тапсырма: «Тәрбиешінің мәнерлеп сөйлеуін және оқуын дамыту»Парақтарға келесі сөздер жазылған (әр топтың бір қатысушысы шығып бір парақты таңдап алады, содан кейін оқиды):а/ «Мұнда кел» деген сөзді жай, дауыстап, қатал дауыспен айту.б/ «Жарайсың» деген сөзді жай, дауыстап, нәзік, риза болып, мысқылдап, қуанышпен, ғашық болып айту.№4 Тапсырма: Изотерапия элементі
Әйнек бетіне сурет салу
№5 Тапсырма: «Аспаптар» ойыны
Тәрбиеленушілер музыкалық аспаптар, ал тәрбиешілер нұсқаушы.
№6 Тапсырма: «Анама сыйлаймын»
Тәрбиеленушілер тәрбиеші көмегімен өз қиялындағы сыйлықты жасау.
№7 Тапсырма: «Аю мен аралар». Педагогтар топтасып жұмыс істеу білетіндерін тағы да тексеріп көрейік.Әр топта «Аюды» таңдайды, қалғандары «Аралар» болады. Аюды залдың сыртына шығарып, жүргізуші «балды» тығып қояды. Содан кейін «Аю» кіріп, «балды» іздейді, «аралар» тек қана «ж - ж - ж» деп дауыстап көмектеседі. «Аю» «балға» жақындай бергенде, «аралар» «ж - ж - ж» деп қуанып қатты дауыс шығарады. Ал «Аю» «балдан» басқа жаққа кетсе, «ж - ж - ж» деп ашуланып дауыс шығарады.Құрметті әріптестер, осымен біздің ойынымыз аяқталуына жетті. Енді әділқазының шешімін күтейік. Олар өз шешімін шығарғанша, осы парақтарға бүгінгі ойын туралы өз пікірлеріңізді жазуға ұсынамын.Әділқазы мүшелері ұпайларды санап, жеңімпаздарды айтады.Жеңімпаздарды марапаттау, қатысушыларға қатысқандары үшін алғыс хат беру.