Сурет салу саба?ы Киіз ?й


Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастыру оқу-іс әрекет түрі: Сурет салу
Тақырыбы: Киіз үй.
Мақсаты: Оқушыларға киіз үйдің жасалуы, қолданылуы туралы толық мағлұмат беру; Оқушының жүрегін ұлттық сана – сезімге ұялату, танымдық қабілетін және ұлттық өнер жайлы білімін кеңейту; Оқушыларды халқымыздың салт – дәстүрін білуге, қадірлеуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: шашу, сулау, губкамен қолданып сурет салу.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақты қайталау
Жаңа тақырыппен таныстыру. Балалардың назарын тәрбиешіге аудару.
Іздену ұйымдастыру-
шы
Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы болып табылған. Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі десе де болады. Киіз үй — көшпенділердің тез жиып, шапшаң тігуге, яғни көшіп - қонуға ыңғайлы үйі.Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылысы. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады. Кереге жиналмалы бөлек - бөлек қанаттардан жасалады. Ал керегеден жоғары иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады. Басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы шаңырақтың көзіне шаншылады. Шаңырақ - үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған кілемшелер немесе киіздер оралады. Төбесіне түндік жабылады. Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр, ені 0, 8 метр келеді.
Киіз үйдің іші 3 бөлімге бөлінеді:1. Төр.2. Сол жақ.3. Оң жақ. Киіз үй туралы мәлімет беру.
Рефлексті коррекциялау Қорытынды. Салынған суреттерді балалардың көмегімен талқылап бағалау.
Білуі керек: Киіз үй туралы.
Болуы керек: Киіз үйдің суреті.
Баланың қолынан келуі: Суретті сала білу.