?аза?стан тарихы п?нінен логикалы? тапсырмалар ?лгісі


Тапсырма №1
Берілген сандардың орнына әріптерді қойып, негізгі сөзді тап?
1 3 5 4 7 2 3 6
2 3 4 9 10 – Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі.
6 3 5 1 8 4 3- Сарыарқаның ерте темір дәуіріндегі мәдениеті.
7 1 3 10 7 11- IX – XI ғасырларда Ертіс бойындағы қазақ жеріндегі астана.
Тапсырма № 2
Тарихи тапсырманы есепте:
«Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы» мен Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқыныңда» атты кітабы жарық көрген жылын қосып, арифметикалық ортасын табып , сол жылы қандай маңызды оқиғаны жазу.
Жауабы: (….ж. + ….ж.)/2= …. ж.
Тапсырма № 3
Елімізді танымал тұлғаларын білесің бе?
Қостанай қаласында көше атаулары тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше қазақша атаулармен атала басталды.
№ Бұрынғы көше атауы Қазіргі атауы Қосымша мәлімет
1 Социалистический Соғыс қарсаңында «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» атағы берілген педагог,-жазушы.
2 Ленин Энциклопедист -ғалым
3 Павших-Борцов ҚР тұңғыш білім министрі
4 Красноармейский «Мәншүк» поэмасы; Ақын апамызға «Қазақстанның құрметті жазушысы» берілді.
Тапсырма №1
Берілген сандардың орнына әріптерді қойып, негізгі сөзді тап?
1 2 3 5 8 6 8 9 4 6 7
1 2 3 4 13 5 5 6 7 - Инвестор. Шарт бойынша мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жақсарту және тиiмдi пайдалану мақсатында уақытша иеленуге және пайдалануға беру. Шарттың қолдану аясында Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын объектiлердi қоспағанда, экономиканың барлық салаларындағы объектiлер берiле алады.
8 6 8 9 10 - дәреже, атақ.
5 9 11 5 6 13 6 7- көмек, демеу, қаржы – мемлекеттік бюджет есебінен‚ көбінесе ақшалай нысандағы бір жолғы қайтарымсыз жәрдемақы.
Тапсырма № 2
Артығын тап:
Сүткент
Сығанақ
Сарайлы Жанкент
Асынас
ЖентБаршынкент
Себебі:__________________________________________________________________________________________________________________________
Тапсырма № 3
Аса көрнекті тарихи қайраткерлерді олардың өмір –деректерінен үзіндісімен сәйкестендір:
А) Қоғам және саяси қайраткері. Санкт-Петербордағы орман-техникалық институтының экономика факультетінің түлегі. 1917 жылы Уақытша Үкіметтің Қазақстандағы комисары болып тағайындалды. Алаш партиясын құрылтайшыларының бірі.
В) ақын, түріктанушы – ғалым, аудармашы, ағартушы-педагог, публицист, қоғам қайраткері, тілтанушы, қазақ филологиясының негізін қалаушы. Орынбор мұғалімдер семинариясының түлегі. Алаш партиясын құрылтайшыларының бірі.
С) Журналист, публицист, ақын, ағартушы-педагог, аудармашы. Педагогикалық курстарын тәмәмдаған, аулыдық мектепте мұғалім болған. «Оян, қазақ» жинағының авторы. Оның өмірі мен қызметі Алаш партиясымен тығыз байланысты.
Д) Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері. Санкт-Петербор университетінің заң факультетінің түлегі. 1907 жылы Орал облысынан ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты ретінде сайланған.
Е) Қазақтың тұңғыш кәсіби инженері. IV Төтенше мұсылмандық съезде Қоқан Автономиясының Уақытша үкіметінің премьер-министрі болып сайланған. 1919 жылы Кеңес өкіметі жағына өтті.
А. Байтұрсынов ___
М.Дулатов___
М.Тынышпаев ___
Ә.Бөкейханов___
Б.Қаратаев___
Жауаптары:
Тапсырма №1
Берілген сандардың орнына әріптерді қойып, негізгі сөзді тап?
Негізгі сөз -маслихат
Халық
Тасмола
Имақия
Тапсырма №2 Жауабы: 1998+2010/2=2004 жыл
Тапсырма № 3
Елімізді танымал тұлғаларын білесің бе?
Қостанай қаласында көше атаулары тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше қазақша атаулар мен атала басталды. Сәйкестендір:
№ Бұрынғы көше атауы Қазіргі атауы Қосымша мәлімет
1 Социалистический С.Кубеев Соғыс қарсаңында «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» атағы берілген педагог,-жазушы.
2 Ленин Әл-Фараби Энциклопедист -ғалым
3 Павших-Борцов Ш.Шаяхметов ҚР тұңғыш білім министрі
4 Красноармейский М.Хакимжанова «Мәншүк» поэмасы; Ақын апамызға «Қазақстанның құрметті жазушысы» берілді.
Жауаптары:
Тапсырма №1
Берілген сандардың орнына әріптерді қойып, негізгі сөзді тап?
Негізгі сөз - конституция
концессия
титул
субсидия
Тапсырма № 2
Артығын тап:
Сүткент
Сығанақ
Сарайлы Жанкент
Асынас
ЖентБаршынкент
Себебі: Сарайлы артық , ол Кеңгір өзінінің бойында орналасқан , қалған қалалар Сырдария өзенінің бойында орналасқан орта ғасырдағы қалалар.
Тапсырма № 3
А. Байтұрсынов _B__
М.Дулатов__C_
М.Тынышпаев __E_
Ә.Бөкейханов__A_
Б.Қаратаев_D__