Ашы? саба? Бастауыш сынып м??алімдеріне 2 сынып


Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Сабақтың мақсаты:А) білімділік: Оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру.Ә) дамытушылық: Ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой - өрісін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.Б) тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке, бірін - бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап.Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбек.Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі:- Оқушылардың назарын сабаққа аудару- Оқу құралдарын дайындату
-Оқушылар, тақтадан не көріп тұрсыңдар?
Ия, бұл Маңғыстау өлкесі. Бүгін біздер Маңғыстау облысының пайдалы қазбаларымен танысамыз. Әр тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар жаңа пайдалы қазбалардың түрлері ашылып отырады. Ол үшін сендерді үш топқа бөлемін. Барлығымыз топ болып ауызбіршілігімізді, білімділігімізді, бірлігімізді корсетіп сабаққа бар ынтамызбен қатысып отырайық.
І топ «Геологтар» ІІ топ «Кеншілер» ІІ топ «Өндірушілер»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
346-жаттығу.
-лар, - тер, - дар жалғаулары жалғанатын сөздер тауып жазу.
(әр топтағы бір оқушыдан сұрау)
Өткенді еске түсіру
- Зат есім дегеніміз не? - Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.- Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір- Зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі деген не?
Пайдалы қазбалардың бірі шығады.(мұнай)
ІІІ.Жаңа сабақ.
348-жаттығу. (ауызша орындалады)
Жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді табу.
Жекеше: арқар, елік, қарақұйрық, ақбөкен, марал
Көпше: құстар, сауысқандар, ала қарғалар, торғайлар.
IV.Топтық жұмыс .
349-жаттығу.
Әр топ керекті сөздерді теріп дұрыс жалғауға апарып жабыстырады.
І топ: - тар
ІІ топ: -лер
ІІІ топ: -дер
Сөздер: балық, сабақ, құжат, парақ, қап, әнші, кенші, суретші, биші, әже, сөз, өзен, гүл, сілеусін, көл.

Пайдалы қазбалардың бірі шығады.(газ)
Ереже. i.mektep.kz сайтынан «зат есімнің жекеше және көпше түрі» ережісін көрсету.
V. Дәптермен жұмыс.
Күннің жады: Ақпанның он тоғызы
Сынып жұмысы
Кітап (көркем жазу)
350-жаттығу. Жаңылтпашты дәптерге жазу.
Ара, ара, аралар,
Орманның бойын аралар.
Гүлден сорып бал алар,
Бал тәтті ғой, балалар!
VI. Сергіту сәті.
3-Пайдалы қазбалардың бірі шығады (ұлу тас)
351-жаттығу.
Әр топқа тапсырма. Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау.
352-жаттығу. Мәтінді оқып, екінші бөлікті көшіріп жазып, зат есімдерге талдау жасау.
(слайдтан үрлемелі аспаптардың түрлерін көрсету)
Қазақ халқында үрлемелі музыка аспаптары көп. Олар: сыбызғы, сазсырнай, үскірік, керней, қамыс сырнай, мүйіз сырнай.
4-Пайдалы қазбалардың бірі шығады.(ас тұзы)
VII.Ой толғаныс.
«Ойлан, тап» ойыны.

Тест тапсырмалары.1. Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?А) Сын есім Ә) Сан есім Б) Етістік В) Зат есім2. Зат есім қандай сұраққа жауап береді?А) қайтті? Ә) кім? не? Б) неше? қанша? С) қандай? қай?
3. Дәптер сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?А) – лар Ә) – лер Б) – дар В) – тер
4. Жалқы есімді тап.А) сырға Ә) асық Б) Ақтөбе В) қалам
5. Жалпы есімді тап.А) Қазақстан Ә) қасық Б) Ақтөс В) Елек
5-Пайдалы қазбалардың бірі шығады. (марганец)
VIII.Сабақты қорытындылау.
-Еліміздің қазба байлықтарын үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге бізге білім қажет! Сондықтан күнде зор ынта-ықыласпен сабаққа зейін қойып тыңдап, ізденіп, талпыну керек. Сонда ғана елімізді гүлдендіріп, дамытатын үлкен азамат болып өсесіңдер!
Үйге тапсырма беру: 353-жаттығу. «Менің оқу құралдарым» тақырыбына әңгіме құрау.
Бағалау.