Ана ?мірді? ажары т?рбие са?аты


Бекітемін: 6.03.2016 ж
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ана - өмірдің ажары
Мақсаты: 1) Аналар мерекесіне орай аналар, ұстаздар мен қыздарға құрмет көрсету,қазақ қыздарына тән адамгершілік пен эстетикалық рухта тәрбие бере отырып инабаттылыққа, парасаттылыққа баулу, мейірімділік пен қайырымдылықты саналарына сіңіруге жағадай жасау.
2) Сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін дамыту,сабырлы болуға, парасатты мен білімдарлыққа баулу
3) Халқымыздың салт-дәстүрін , өнегелі нақыл сөздері асыл қазына екенін оқушы санасына жеткізу
Сабақтың көрнекілігі: магнитті тақта,ана туралы нақыл сөздер
I Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері «Тілек айту»
Топқа бөлу: 1 топ «Мейірімді» 2 топ « Көрікті » 3 топ « Ардақты »
Мұғалім сөзі:Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада , баланың көңілі -далада» демекші , өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталдыСен деп жаздым алғаш өлең-дастандыҚуандым ба, өзің бар деп қуандым,Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.Жанарыңнан көрдім алғаш аспандыЕркелесем, бір өзіңе еркелеп,Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары!
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттыңӨміріме нәрін берді ақ сүтің,Кең құшағың аясындай гүл бақтың.Ер жеткізіп елге берген баласын,Ақылдысың, ардақтысың, данасың!Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып , 2 а сынып оқушыларының дайындаған «Ана – өмірдің ажары » атты тәрбие сағатымызды 8 –наурыз халықаралық әйелдер күніне орай аяулы аналарымыз бен ару қыздарымызға арналады.Әркімнің де өмірден аласы бар,Аласы бар адамның анасы бар.Мерекесін құттықтап аналардың,Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Ән: «Ақ мамам» Орындайтындыр: Аяужан, Нұрсаят,Гүлхан,Әділ,Аружан,Айбол
1 – оқушы: Аружан
Жүрегі – күн , жаны – нұр, жүзі – шапақ
Ана – мақтан, ана – өмір, ана – атақ
Ана – дәуір, ана абырой, ана жауһар,
Олармен күн кешудің өзі ғажап!
Аналар шаңырақтың сәулеті ғой,
Ана деген баршаның дәулеті ғой!
Адамды адам еткен ақ сүт беріп,
2 – оқушы: Назерке
Ақ арман , аппақ арман
Өзіңсің бақыт маған
Шығамын ақ сүтіңді
Қалайша ақтап анамаңа өмірге сәбиін жетелеген
3 – оқушы: Әділ
Ана бақыт ана байлық ,ана гүл
Осыны естен шығармайық достарым
Ана арқылы батыр және ақынбыз
Тіршілігін түрлендіріп даланың
Ән: «Ана -әке» Орындайтындар: Айбол,Әділ,Әлинұр,Ерасыл,Арсен
4 – оқушы: Даяна
Менің әжем сымбатты,
Әжем маған қымбатты
Құрт пен майын жинайды
Біздерге оны сыйлайды
Әжем мені «айым»дейді,
Мен мұңайсам уайым жейді
Әжем мені «күнім»дейді,
Мен қуансам күлімдейді
Сұрақ – жауап:
Ең асыл жан кім?
Қызығыңды да бұзығыңды да көретін кім?
Үнемі жаныңда періштедей қорғап жүретін кім?
Осындай үлкен мейрамда аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме?
Сонымен бүгін қандай мейрам?
5 – оқушы: Асем
Туғаннан құлыным деп аймалаған
Өзіңдей қамқор ана қайда маған
Дүние аналармен көрікті ғой
Анасыз бұлбұл құстар сайрамаған
6 – оқушы:Айбол
Анам менің ,ақ анам,
Балапанын мақтаған
Анам барда әрдайым
Қуанамын, шаттанам
Бала,бала деген
Би: «Қазақ биі»»
7 - оқушы : Нұрсаят
Ана десем, шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады
8 – оқушы: Гүлхан
Менің әжем ,гүл әжем
Алтын әжем күн әжем
Апам үшін мен үшін
Нағыз ана сіз – әже
Хор: «Анаға сәлем»
9 – оқушы : Әлинұр
Ана – бақыт,ана байлық ана гүл
Осыны естен шығармайық достарым
Ана арқылы батыр және ақынбыз
Тіршілігін түрлендірген даланың
Би: Қазақ биі. Аружан
10 – оқушы: Тұрар
Ана деген қамқоршы әрі қорғаның
Ана білсең ортаймайтын орманың
Аналардың алдында мен бас иіп
Ана жайлы жүректен жыр толғадым
Ән : « Ана » Даяна, Гүлхан,Асем,Аружан
Аналарымызға мақал – мәтеледер тапқызу.
1 топ. Ана сүтін ақтамағанды,........ (Ешкім жақтамайды)
Ана жақсылығың,... (ауырсаң білесің,)
Қайың жақсылығың (Қыдырсаң білесің)
2 топ. Ақ шашаты ана... («Жастығым»- балам дейді)
Ақылды бала ....(«Ай – күнім –анам дейді»)
Ана алақының аясы ..(Ақ шынардың саясы)
3 топ. Ақ жаулығы ананың .....(ақ көрпесі баланың)
Баланың білегі ауырса.. (ананың жүрегі ауырады. )
11– оқушы: Медеу
Бәрі де ана бір өзіңнен басталады
Сендер жазған ақындар жыр дастаны
Сендер жазған әндері самғай түсіп
Жүрегіміз тастар әр адамың
Ән: «Оянғанда түнде жұбатып» Асем,Айбол,Арсен
12- оқушы: Муслим
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем
Жарығыңмен шуағыңмен күн – Ана
Алып келдік жер бетіне гүл көктем
13 – оқушы: Арсен
Әнші біткен жүрсе оларға арнап ән
Шабыт қысып менде өзімше толғанам
Аналармен өмір мәңгі көрікті
Тіршілікті келешекке жалғаған
Ән: «Асыл әжем»
14– оқушы :Аяужан
Сәби үшін мұздай белін таянған
Анаға арнап жыр жазудан аянбаған
Өйткені олар өшпестей боп мәңгілік
Жүрегімнің қақ төрінен жай алған
15 оқушы Ерасыл
Әкелетін отбасына береке ең
Әз аналар арамызда көп екен
Жыл құсындай көктем сайын оралар
Құтты болсын,нұрға толсын мерекең
ӘН: « Ана ,Отқа түстім суға түстім »
Ойын: «Кімнің даусын табайық»(аналарымен)
Балалар шығады да ,теріс қарап тұрады,менің маманың даусы деп айтуы керек. Мен мамаларың қолымды көрсетсем,сол ана баласына бір сөз айтады. Мысалы: ботақаным,күнім т.б
«Барлық ана баласымен бақытты , барлық бала ата-анасымен бақытты »
Ата –аналарға топтық тапсырма:
1 топ. « Ана» туралы өлең шығарып жазу
2 топ. «Ана » туралы топпен ән айту
3 топ «Жылы сөз» балаларына деген аналық махаббатын топтастырып жазу
Ата –аналарға сұрақтар?
1.Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба?
Әлде өз қолымен жасаған бір затын сыйлағанды жақсы көресіз бе? Неліктен?
2. 1 Наурыз қандай мереке ? (алғыс айту)3. « Сұлу » деген сөздің синонимі ? ( Ару)
4. Балаңыздың жан досы кім?
5. Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын қандай салт жырларды білесіңдер? ( Той бастар, «Жар - жар», « Беташар », « Сыңсу»).
6.Балаңыз ақын, өнер адамдарынан кімге еліктейді?
7. Балаңыз қандай тағамды ұнатады?
8. Адамға не қымбат ? (Бала)
9. Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей? (Шолпы)
10. Балаңыз сыныпта нешінші партада , кімнің қасында отырады ?
11. Наурыз көже қанша тағамнан дайындалады ? (7)
12. Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз?
13. Білім алып жүрген мектеп туралы ой?
14.Балаңыздың сүйіп оқитын пәні?
15.Балаңыздың жақсы көретін әнінің аты?
«Аналар адамды бесіктен бастап баулиды,өмірдің ірге тасы солардың қолымен қаланады» деген сөз бар.
Аналар қалқып балқып аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Бүгінгі кешіміз аяқталды,
Гүл бітсің бәріңіздің қадамыңа, - дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.