?дебиеттік о?удан саба? +презентатция Жолбарыс пен т?лкі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Әлімбаев Жолбарыс пен түлкі
Сабақтың мақсаты:
1.Ертегідегі ойды түсіне білуге және ертегіні шебер мазмұндау дәрежесінің артуына жағдай жасау,қазіргі өмірмен байланыс жасау.
2. Оқушы қиялының дамуына, көркем әдеби сөйлеу шеберлігінің дамуына ықпал ету.
3. Адам бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, аңдардың суреттері ,музыка.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,топпен жұмыс,шығарма кестесін толтыру.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу: түрлі түсті қағаздар арқылы
1-слайд
Орман ішіне саяхат
Қызығушылығын ояту.
-- Балалар мына аңдарға көз салыңдаршы.
2 слайд
Жолбарыстың суреті
3 слайд
Түлкінің суреті
1-тапсырма.
-Балалар тапсырма жазылған қағазды алып, сондағы тапсырма бойынша жұмыс жасайсыңдар.
ІҮ топ
Адам бойындағы қасиеттерді жинақтау
ІІІ топ
Түлкі,жолбарыс туралы ертегі құрастыру.
ІІ топ
Түлкі
туралы мәлімет жинақтау.
І топ
Жолбарыс туралы мәлімет жинақтау.
Мағынаны ашу.
Жақсы, топтың барлық тапсырмаларын тыңдадық? Ендеше қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ? (ой шақыру)
4-слайд
Жолбарыс пен түлкінің суреттері
-- Дұрыс біз бүгін Мұзафар Әлімбаев ағаларыңның тәжік ертегісінің желісімен жазылған «Жолбарыс пен түлкі» ертегісімен танысамыз.
5-слайд
Мұзафар Әлімбаев туралы дерек
(өздері оқып алады да автор туралы топта талдап, ортаға салады )
2-тапсырма.
Балалар келесі тапсырманы да мұқият тыңдап алыңдар. Әр топ ертегіні бөлікке бөліп оқиды, алдарындағы сұрақтар бойынша жұмыс жасайды. Сосын ортаға шығып әңгімелейді.
6-слайд
Жолбарыс пен түлкінің суреттері
І топ Қызығып--- еңкілдеп.
Жолбарыс түлкіні қуып жетті ме?
Түлкі неге жылады?
Әрі қарай не болуы мүмкін?
ІІ топ Жолбарыс--- жасым.
Түлкінің жылау себебі неде?
Әкесін мақтаған жерін тауып оқыңдар.
Жолбарыс енді не істеуі мүмкін?
ІІІ топ От желік - жөніне
Түлкі жолбарыстан қалай құтылды?
Ертегі қалай аяқталды?
ІҮ топ Тыңдарман. Сұрақтар қояды.
3-тапсырма.
7-слайд
Шығарма кестесін толтыру
Шығарманың аты Авторы Кейіпкерлері Оқиға орны Мақал-мәтел Қорытынды
8-слайд
Сергіту сәті.
4-тапсырма.
9-слайд
Сенің сұрағың менің жауабым
- Мақтаншақтық қандай қасиет деп ойлайсыңдар?
- Өмірде бүгінгі ертегідегі кейіпкерлерімізге сай адамдар кезедесе ме?
-- Сен өзіңнің қандай достарыңмен мақтана аласың?
- Сендер қандай іспен мақтана аласыңдар?
10-слайд
Мақтаншақтық қасиет туралы
Мақтаншақтық – адам мінезіндегі жағымсыз қасиет. Негізінен өзімшіл, менмен адамдардың бойында кездеседі.
Адам өз еңбегімен келген жетістіктерін дос, жақын, туыстарына айтып, өзінің қуанышын бөліссе, оның айыбы жоқ. Оны мақтану деп айтады. Бет алды істемеген істі, жасадым деп айту, кішкентай еңбегін үлкейтіп айту, қолынан келмейтін іске масаттану, өзін өзгелерден жоғары санау – мақтаншақтыққа жатады. Бұл адамды ұятқа қалдырады.
11-слайд
Абайдың 21 қара сөзін тыңдау.
Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез - ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады. Екінші, мақтаншақ деген біреуі «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді. Ұмытпақ түгіл, әуелі іс екен деп ескермейді. Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады. Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол - надан, ләкин надан да болса адам. Екіншісі өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. Үшіншісі өз үйіне келіп айтпаса, я ауылына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол - наданның наданы, ләкин өзі адам емес.Жатқа мақталсам екен деген елім мақтаса екен дейді. Еліме мақталсам екен деген ағайыным мақтаса екен дейді. Ағайынның ішінде өзі мақтау іздеген өзімді өзім мақтап жетем дейді.
Ой толғау.
12-слайд
Эссе жазу «Менің ойымша...» бос жолдарға мақтану мен мақтаншақтық туралы өз ойларын жазады.
Үй тапсырмасы
13-слайд
Ертегіні оқып, мазмұнына дайындалу
Ертегі бойынша мульфильм жасау.
Бағалау парағын толтыру.
14-слайдОқушының аты 1
тапсырма 2
тапсырма 3
тапсырма 4
тапсырма 5
тапсырма