Материялы? н?кте, ?оз?алыс траекториясы, Жол ж?не орын ауыстыру. 7 сынып


27.10.2015жСабақтың тақырыбы:§15,16 Материялық нүкте,Қозғалыс траекториясы,Жол және орын ауыстыру. Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға материалдық нүкте,қозғалыс траекториясы жол және орын ауыстыру туралы мәліметтер беру. Материялық нүктеМеханикалық қозғалыс туралы сөз болғанда, кей жағдайда қозғалыстағы денені нүкте ретінде қарастырады. Мәселен, дененің өлшемдері өзінің жүріп өткен қашықтығымен салыстырғанда немесе оның өзінен екінші бір денеге дейінгі арақашықтықпен салыстырғанда тым аз болған кезде, дененің әрбір нүктесінің қозғалысын сипаттаудың қажеті жоқ. Ондай жағдайда дененің өз өлшемдерін ескермесе де болады. Демек, дене қозғалысын сөз еткенде, кейде сол дененің бір нүктесінің қозғалысын сипаттау жеткілікті. Материялық нүктеМатериялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады. Шындығына келгенде, табиғатта ешқандай материялық нүкте жоқ. Ол нақты дененің ойдан алынған үлгісі болып табылады. Бұл ұғым механикадағы кейбір мәселелерді шешудің ыңғайлы әрі қарапайым болуы үшін енгізілген.Метериялық нүкте ретінде қарастыруға келмейтін жағдайлар: Кеме – жағадан аттанарда немесе жағаға келіп тоқтағандаБала – таңертеңгілік дене шынықтыру жаттығуларын жасап жатқанда Қозғалыс траекториясыДененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қозғалыс траекториясы деп аталады. Пойыз жүретін темір жол – пойыздың, тас жол (шоссе) – автомобильдің, ұшақтың артында қалған тұманды із – ұшақтың, соқпақ жол – жаяу адамның қозғалыс траекториясын көрсетеді. Траектория салыстырмалылығыҚозғалыс пен тыныштық салыстырмалы. Сол секілді қозғалыс траекториясының пішіні де санақ денесіне байланысты әр түрлі болады. Траектория қозғалысының түрлері ЖолҚандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. А пунктінен В пунктіне жеткен дененің жүрген жолы суретте S (қызыл)әрпімен белгіленген. Орын ауыстыруДененің (материялық нүктенің) орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні, яғни векторды айтады.А пунктінен В пунктіне жеткен дененің жүрген жолы орын ауыстыруы суретте S (көк)әрпімен белгіленген. Сабақты бекіту. 1.Материалдық нүкте дегеніміз не?2.Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз?3.Траекторияның қанша түрі бар?4 Жол дегеніміз не?5. Орын ауыстыру дегеніміз не?6. Үйлерінен мектепке дейінгі жолдың траекториясын салыңдар?7. 98 кабинеттен 95 кабинетке дейінгі аралығындағы қозғалыс траекториясын сызыңдар. Тест тапсырмалары {2D5ABB26-0587-4C30-8999-92F81FD0307C}I – нұсқа 1. Механикалық қозғалыс –ол А) Денені құрайтын молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалысы .В) Қозғалмайтын денелермен салыстырғанда дененің бұрынығы орнының өзгеруі.С) Ешқашан тоқтамайтын , әрқашан қозғалыста болатын дененің қозғалысы.Д ) Жауаптар арасында дұрысы жоқ2. Жүріп келе жатқан поезд вагонында жүк тұр Ол немен салыстырғанда қозғалады?А) Жермен В) Вагонмен С) Вагон еденімен Д) Ештеңемен 3. Буксир өзенде жүк кемені сүйреп келеді . Қандай денемен салыстырғанда буксирдің орны өзгереді? А) Өзенмен В) Кемемен С)Жағамен Д) Сумен 4) Қозғалысты сипаттау үшін санақ денесін қалай таңдап алу керек?А) Қозғалмайтын денені алу керек В) Қозғалыстағы денені алу керек С) Тек жерді алу керек Д) Жауаптар арасында дұрысы жоқ 5. Қозғалыс траекториясы деген не ? А) Жүретін түзу сызық С) Қисық сызық В) Қозғалыс кезінде қалдырған ізі Д) Кезіндегі жолы.6. Жолдың белгіленуіА. S. В. М. C. L Д.X7.Орын ауыстыру деп-А. Дененің соңғы орынын қосу.В. Денені құрайтын молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалысы .С. Қозғалмайтын денелермен салыстырғанда дененің бұрынығы орнының өзгеруі.Д. Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді.8. Сағат тілінің ұшының қозғалыс траекториясы қандай?А. Қисықсызықты. В. Түзусызықты. С.Көпсызықты. Д. Үшеуі де дұрыс9.Қозғалыс деп-А. Барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.В.Қозғалмайтын денелермен салыстырғанда дененің бұрынығы орнының өзгеруі.С. Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді.Д. Бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.10. Алып планеталарды атаңдар.А. Юпитер, Сатурн, Уран,Нептун В. Сатурн, Уран С. Меркурий, Марс, Шолпан Д. Марс, Уран, Нептун  II- нұсқа . 1. Материялық нүкте дегеніміз?А) Дененің кез-келген нүктесі . С) Жердің Центрі В) Өлшемін ескермеуге болатын дене . Д. Жауаптар арасында дұрысы жоқ 2. Траекториясының түріне қарап қозғалыстың неше түрі? А. 2 В.3 С. 4 Д. 53. Жолаушы вагон ішінде жүріп келеді дегенде , санақ денесі ретінде нені таңдап алу керек ?А) Жолаушыны С) Жер шарын В) Вагонның еденін Д) Тысқа қарап 4. Санақ денесі дегеніміз не?А. Өлшемін ескермеуге болатын дене . В. Дененің кез-келген нүктесі . С. Ешқашан тоқтамайтын , әрқашан қозғалыста болатын дененің қозғалысы. Д. Қозғалмайды деп есептелетін басқа дененің қозғалысы соған қарап салыстырып қарастырылатын дене. 5. Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы ------- А. Жол. В. Орын ауыстыру. С. Қозғалыс. Д. Жол және орын ауыстыру. 6. Орын ауыстырудың белгіленуіА. S. В. S. C. L Д.X7. Орын ауыстыру қандай шама А. Скаляр шама. В. Абсолюттік шама С. Векторлық шама. Д. Үшеуі де дұрыс8. Қозғалыстағы дене дегеніміз не?А.Санақ денесімен салыстырғанда орнын өзгертетін дененіВ. Дененің кез-келген нүктесі . С. Өлшемін ескермеуге болатын дене . Д. Орнын өзгертетін дене9. Күн жүйесінде қанша планета бар А. 8. В. 7. С. 9 Д. 1010. Трамплиннен секірген шаңғышы траекториясы қандай А. Қисықсызықты. В.Түзусызықты С. Бір сызық бойымен. Д.Үшеуінің жауабы да дұрыс  Тест тапсырмаларының жауаптары{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}№ I- нұсқаII- нұсқа1 ВВ2 АА3 СВ4 АД5 ВА6 АВ7 ДС8 АА9 АА10 АА Семантикалық карта{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}№Қозғалыстың түрлеріТүзу сызықтыҚисық сызықты1Станция платформасымен жүрген пойыз 2Планеталардың қозғалысы3Ұшып бара жатқан ұшақтың қозғалысы4Сағаттың минуттық тілі5Жол бұрылысындағы велосипедші6Ұзын трассадағы машинаның журуі7.Трамплиннен секірген шаңғысы8.Лифт кабинасынан түсіп келе жатқан адамның қозғалысы Семантикалық карта{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}№Қозғалыс траекториясының түрлеріТүзу сызықтыҚисық сызықты1Станция платформасымен жүрген Пойыз 2Планеталардың қозғалысы3Ұшып бара жатқан ұшақтың қозғалысы4Сағаттың минуттық тілі5Жол бұрылысындағы велосипеді6Ұзын трассадағы машинаның журуі7.Трамплиннен секірген шаңғысы8.Лифт кабинасынан түсіп келе жатқан адамның қозғалысы Үй тапсырмасы: §15,16Материялық нүкте,Қозғалыс траекториясы,Жол және орын ауыстыру. 1.Дененің материалдық нүкте болатын жағдайларына бес мысал келтіріңдер2.Дененің қозғалыс траекториясына бес мысал келтіріңдер3 Жол және орын ауыстыруға бес мысал келтіріңдер.