Саба? жоспары ?оз?алыс кезінде орындалатын сапты? жатты?улар
І Сабақтың тарауы ГимнастикаІІ Өткізген Тулеуов Аскарбек Каныбекович
ІІІ Өтілетін сыныбы 9 – сынып
ІV Өтілетін мерзімі V Өтілетін орны Мектептің спорт залы
VІ Сабақтың тақырыбы Саптық жаттығулар. Қозғалыс кезінде орындалатын саптық жаттығулар.
VІІ Сабақтың мақсаты а)теориялық Саптық жаттығуларды үйрету.
ә)жетілдіру Оқушылардың денсаулығын нығайтып, жұмыс қабілетін арттыру.
б)тәрбиелік Оқушылардың дене бітімін дұрыс қалыптастыру, тәртіпке тарту.
VІІІ Сабақтың типі Жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
ІХ Сабақтың әдісі Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан - жақты түсіндіру.
Х Құрал-жабдықтар Секундомер, ысқырық, белгілер.
Кезең № Сабақтың мазмұны Уақыт, мөлшер Әдістемелік ескерту
Д
А
Й
Ы
Н
Д
Ы
Қ
К
Е
З
Е
Ң
і 1 Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сынып санын түгелдеу. 8 минут Спорттық киімдеріне назар аудару.
2 Баяндама қабылдау. Рапортты дұрыс тапсыруын қадағалау
3 Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Нақты түсінікті етіп хабарлау.
4 Саптағы бұрылу жаттығуларын орындау. Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау
5 Қозғалмалы жүру жаттығулары
- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.
- Екі қол желкеде өкшемен жүру.
- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
-Екі қол алда жартылай отырып жүру.
- Екі қол тізеде, толық отырып жүру, отырып екі жанға секіру.
- Бір қалыпты жеңіл жүгіру.
- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру.
- Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру.
- Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру.
- Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырына тигізе жүгіру.
- Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.
-Алаң бойындағы сызықтарға қол тигізіп шапшаң жүгіру.
- Дем алысты қалыпқа келтіру. Аяқ ұшымен, өкшесімен, сыртқы, ішкі қырымен жүруін ескерту.
Оң және сол бүйірмен жгіруін ескерту.
Алақанға аяқтың ішкі, сыртқы қырының, өкшенің тиюін ескерту.
Отырып жүру, жүгіруін ескерту.
6 Жалпы дамыту жаттығулары
- Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.
- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.
- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.
- Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.
- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.
- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.
- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
- Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.
- Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру
- Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру. 7 минут Қатарға дұрыс тұруын ескерту.
Қолды белге ұстауын ескерту.
Дұрыс иілулерін ескерту.
Қолдың Аяққа тиюін ескерту.
Арқы тізенің бүгілмеуін ескерту.
Аяқтың қолға тиюін ескерту.
Тізені дұрыс айналдыруын ескерту.
Н
Е
Г
І
З
Г
І
К
Е
З
Е
Ң Саптық тұрыстар. «Саптал!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!» пәрмендерін орындау. Саптағы бұрылулар. «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!», «Секіріспен кері айнал!», «Жартылай оңға (солға)!» бұйрықтарын орындау.
Бір қатардан екі, үш қатар және екі,үш қатардан бір қатарлы сап түзеу. Бір колоннадан екі, үш колоннаға және екі, үш колоннадан бір колоннаға тұру.
Бір орында адымдап жүру. 1-1-1,2,3 пәрмені бойынша санға адымдау және бірге тоқтау.
Алаң бойымен саппен адымдап жүру, оң және сол жаққа бұрылып жүру.
Алаң бойымен 2-3 колонналы саппен адымдап жүру, оң және сол жаққа бұрылып жүру. 25 минут Саптағы орнын тастап кетпей, тік тұруларын қадағалау.
Белгіленген арлықты ж/е арақашықтықты сақтау.
Оқушылардың дұрыс және санға орындауын қадағалау.
Арақашықтықты сақтап, аралыққа қарауын және санға дұрыс орындауын қадағалау.
қорытынды
кезең 1 Сабақты қорытындылау. 5 минут Түгел тындауын қадағалау.
2 Оқушыларды бағалау. Сабаққа қатысуына байланысты бағалау
3 Үйге тапсырма беру. Үй тапсырмасын тыңдауын қадағалау
4 Қоштасу. Түгел қоштасуын қадағалау.
5 Бір саппен спорт залдан шығару. Бір саппен шығуын қадағалау.