?ОЗ?АЛЫСТЫ? САЛЫСТЫРМАЛЫЛЫ?Ы. Ашы? саба?
КҮНІ: КЛАСС: 7 ПӘНІ: ФИЗИКА
Сабақтың тақырыбы: «ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫЛЫҒЫ»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік- «Қозғалыс» тарауындағы негізгі физикалық ұғымдарды қайталап еске түсіру және оларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық- алған білімді практикамен ұштастыра білуге, формулаларды түрлендіре білуге үйрету, ойларын дамыту, қарапайымнан күрделіге жеткізу; сынтұрғыда ойлау;
Тәрбиелік- оқушыларды топтың, ұжымдық жұмысқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытындылау, білімді жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, деңгейлік, саралап оқыту.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
амандасу, түгендеу, сабаққа көңілдерін аудару
ІІ. Сабақтың мақсатын іске асыру.
«Қозғалыс» тарауын қайталап, алған біліміңдеріңді практикамен ұжымдастырып, формулаларды есептер шығаруда дұрыс қолдана білулерінді тексеру. Деңгейлік тапсырмалалар арқылы өз білімдерінің нәтижесін көріп, өздеріңді -өздерің бағалайсыңдар.
ІІІ. Үй жұмысын тексеру (Физикалық диктант)
Механикалық қозғалыс деп нені айтамыз?
Механикалық қозғалыстарға мысалдар келтіріңдер:
Механикалық қозғалыс
Су ағады
Доп ұшады
әткеншек тербеледі
Құс ұшады
Метеор құлайды
Адам қозғалады
Поезд қозғалады
Тастың құлауы
Желдің соғуы
Механикалық қозғалыс
Су ағады
Доп ұшады
әткеншек тербеледі
Құс ұшады
Метеор құлайды
Адам қозғалады
Поезд қозғалады
Тастың құлауы
Желдің соғуы
Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз?
Орын ауыстыру деп нені айтамыз?
Механикалық қозғалыс нешеге бөлінеді?
Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?
Инерция деп нені айтамыз?
Ү. Тақтаға есептер шығарту.
1 қатар 2 қатар 3 қатар
Түзу жолда тұрған бақылаушының қасынан, батыстан шығысқа қарай 12 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан велосипедші жүріп өтті. Ол бұдан 2 сағат бұрын қай жерде болды? Станциядан жүк пойызы 72 км/сағ жылдамдықпен шықты, ол 1440 км жол жүру үшін қанша уақыт кетеді? Аквариумның қабырғаларын тазарту үшін оған салып қойған ұлулардың біреуі сейсенбі күні күні 16 сағат 30 минуттан бастап, содан бейсенбінің 9 сағат 00 минутына дейін қабырға бойымен 42 см жүрген. Ұлу қандай орташа жылдамдықпен қозғалған?
ҮІ. Өз орнына қой (халықтық педагогиканы пайдалану арқылы мақал мәтелдерді физикалық тұрғыда мағынасын тауып өз орнына қою керек)
Диффузия Бір сасық құмалақ, бір қарын майды шірітеді.
Қозғалыс Басында миы жоқтың, аяғына дамыл жоқ
Инерция Тамшы тас жарады
Кенет трамвайдың жүрісі кілт баялағанда, шал ілгері лықсып, құлай жаздады
Шапшаң жүргенге шаң жұқпас
Алған бағыттан алаңдамай еңбек етсең аз күшпен, көпке жетесің
ҮІІ. Деңгейлік тапсырмалар
Деңгейлік тапсырма (1-деңгей)
1 нұсқа 2 нұсқа
Мектеп пен үйдің арасы 200м. Оқушы мектепке барып, үйге қайта келгенде қанша жол жүрді және орын ауыстыруы қанша?
Кеңістіктің негізгі қасиеттері қандай? Футболшылардың қозғалысын бақылай отырып шабуылшының ойын кезінде шамамен 12 км жүгіретінін байқадық. Орын ауыстыру мен жолын есепте?
Уақыттың негізгі қасиеттері қандай?
Дене барлық жүрілуге тиісті жолдың бірінші жартысын 15м/с жылдамдықпен, ал екінші жартысын 10м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдықты есепте?
10 с ішінде ұшақ қанша жерге орын ауыстырды? Автомобиль алғашқы 30 мин. ішінде 15 м/с жылдамдықпен, одан кейін 20мин. ішінде 10м/с жылдамдықпен қозғалды. Орташа жылдамдықты есепте?
Ай жерді айналғанда 50 км жолға қанша уақыт жіберді?
36 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан поездың вагонын, оның жүрісіне перпендикуляр бағытта атылған оқ тесіп өтті. Вагонның қабырғасындағы бір тесік екіншісіне қарағанда 3 см жылжыған. Вагонның ені 2,7м. Оқтың жылдамдығы қандай?
Үйге тапсырма: формула қайталау