Механикалы? ?оз?алыс. Сана? денесі. ?оз?алысты? салыстырмалылы?ы. Планеталарды? ?оз?алысы
Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі
Ашық сабақ
«Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Планеталардың қозғалысы»
Павлодар қаласы, 2016ж
Пәні: Физика
Сынып:
Сабақ тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Планеталардың қозғалысы.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға механикалық қозғалыс, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы туралы түсіндіру; Оқушыларға планеталардың қозғалысы туралы түсіндіру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі : жаңа материалды меңгеру.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, электрондық оқулық, тест тасырмалары, суреттер
Пәнаралық байланыс: математика, жаратылыстану, география.
Сабақ барысы:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.(2мин)
2. Үй жұмысын тексеру(5 мин)
3. Жаңа сабақты түсіндіру.(32мин)
4. Жаңа сабақты бекіту. (2 мин)
5. Сабақты қорытындылау.(1мин)
6. Оқушыларды бағалау.(2мин)
7. Үйге тапсырма.(1мин)
ІІ. Өткен тақырыпты қорытындылау:
Заттың тығыздығы деп нені айтады?
Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?
Қай күйдегі заттың тығыздығы көп, қай күйдікі аз? Неліктен?
Денелердің өзара әрекеттесуі деген не?Мысалдар келтіріңдер.
Масса дегеніміз не? Оның бірліктерін ата.
Массаны қалай анықтаймыз?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қозғалып бара жатқан денелердің суреттерін топтамасын көрсету, «Бұл денелерге ортақ не тән?» деген сұрақ қою арқылы ой тастау. (оқушы жауабы: қозғалыс)
Біз өміріміздің алғашқы күндерінен бастап-ақ айналамыздағы болып жатқан алуан түрлі өзгерістерге, әсіресе дыбыс, қозғалыс сияқты физикалық құбылыстарға ерекше назар аударамыз.
Бізді қоршаған әлемнен әр түрлі қозғалыстарды жиі бақылауға болады. Мысалы, аспандағы қалықтаған бұлтты, ұшып бара жатқан ұшақты, жүріп келе жатқан машинаны, піскен алманың жерге құлап түскенін, үстел үстімен қозғалаған арбашаны, серіппеде тербеліп тұрған шарды және тағы басқаларды көреміз. Бұл жағдайлардың бәрінде де дене қозғалды дейміз. Зейін қойып қарасақ, осы келтірілген мысалдардың барлығына ортақ құбылыс-дененің басқа денелермен салыстырғанда бастапқы орнының өзгеруі болып табылады.
Бұл мысалдардан мынадай маңызды тұжырым жасауға болады: денелер уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады.
Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады. Дене тұтасымен қозғала ма?
Әлде кейде оның бөліктері де қозғала ма екен?
Сергіту сәті – бәріміз орнымыздан тұрамыз қолымызды алға созып тігінен тұрамыз да 3 рет отырып тұрамыз.
Бұл тәжірибеден не байқадыңыздар?
Оқушылар жауабының жобасы: аяғымызбен бірге қолымызда қозғалды.
Олай болса бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен
салыстырғанда бұрынғы орнын өзгерте алады.
Физиканың механика деп аталатын бөлімі денелердің: жүретін, әуеде ұшатын, суда жүзетін көліктердің; зымырандардың, планеталардың, олардың жасанды серіктерінің; аспан денелерінің қозғалысын зерттейді. Бұл денелердің қозғалысын механикалық қозғалыс деп атайды.
Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.
Санақ денесі – қозғалмайды деп есептелетін басқа дененің қозғалысы соған қарап салыстырып қарастырылатын дене. Демек кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы. Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ.
Ал, онымен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгертетін дене қозғалыстағы дене деп аталады.
Қозғалыс-барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.
Санақ жүйесі. Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін дененің уақытқа байланысты өз орнын қалай өзгертетінін білу керек. Ол үшін санақ денесімен байланысқан координата жүйесін сызамыз.
Координата жүйесі суретте көрсетілгендей, өзара тікбұрыш жасап қиылысатын үш түзу сызықтан тұрады. Санақ денесі осы түзулердің қиылысу нүктесінде, яғни О нүктесінде қиылысқан деп есептеледі.
Санақ денесімен байланысқан сызықтар жүйесін координа жүйесі деп, ал сызықтардың қиылысу нүктесін санақ басы немесекоордината басы деп атайды.
Сонымен, санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтамыз.
Ғаламшарлар:
Жерге ұқсас ғаламшарлар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс.
Алып ғаламшарлар: Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.
Меркурий.
Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар.
Диаметрі Жерден 2,5 есе кіші.
Күнді 88 тәулікте айналып өтеді.
Күнге қараған жағының температурасы өте жоғары+3000С, қарама-қарсы жағы өте суық -2000С.
Шолпан
Күннен қашықтығы 108 млн. шақырым.
Жерден сәл кіші.
Күнді 225 тәулікте айналып өтеді.
Беткі температурасы 5000С
Марс
Диаметрі Жерден екі есе кіші.
Күнді 687 тәулікте айналып өтеді.
Екі серігі бар: Фобос және Деймос.
Жазда температурасы күндіз+200С. Қыста түнде -1250С
Юпитер
Диаметрі жағынан Жерден 11,5 есе үлкен.
Күнді 11,9 жылда айналып өтеді.
16 серігі бар.
Өте тез айналады.
Сатурн
Диаметрі Жерден 9,5 есе үлкен.
Күнді 29,5 жылда айналады.
17 серігі бар.
Уран
1781 жылы неміс астрономы Гершель ашқан.
Күннен шыққан жылуды Жерге қарағанда 400 есе кем алады.
15 серігі бар.
Күнді 84 жылда айналып өтеді.
Плутон
Күннен 6 млрд. шақырым қашықтықта орналасқан.
Күнді 247,7 жылда айналып өтеді.
Серігі – Харон.
Нептун
1846 жылы француз Урбен Леверье, ағылшын Джон Адамс.
ІV. Пысықтау.
Механикалық қозғалыс деп нені айтады? Мысал келтіріңдер?
Санақ денесі деген не?
Тыныштық салыстырмалы дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
«Планета» деген сөз нені білдіреді?
Планеталардың қозғалысын қалай бақылауға болады?
Уран мен Шолпанның басқа планеталардан ерекшелігі қандай?
Әр планетаға жеке-жеке сипаттама беріңдер.
V. Қорытындылау. Тест І, ІІ нұсқа
Тест І нұсқа
1.Қайсысы зат болып табылады?
А. Жарық B. Ауа C. Трактор D. Булану
2. Физикалық шаманы көрсет?
Масса B. Темір C. Тікұшақ D. Үстел
3. Қайсысы физикалық шама?
A. Қағаз B. Дәптер С. Тығыздық D. Қайнау
4. Аспан денесін көрсет
A. Астероид B. Су C.Ұшақ D.Жарық
5. Тығыздықтың өлшем бірлігін көрсет:
A. кг/м3, г/см3, кг/см3 B. км/сағ, м/с, см/с. C. м3, см3, мм3 D. кг, г, т
6. Күн жүйесінде неше планета бар?
A. 9 B. 10 C. 8 D. 11
7. Жер Күнді қанша уақытта бір айналып шығады:
A. 12 сағат B. 24 сағат C. 365 минут D. 365 тәулік
8.Мына сандарды стандарт түрде жазылуын көрсет: 6000; 0,00003; 9250000
A. 6∙103, 3∙105, 925∙104 B. 6∙103, 3∙10-5, 925∙104 C. 6∙10-3, 3∙10-5, 925∙104 D. 6∙103, 3∙10-5, 925∙10-4
9. Диффузия құбылысы дегеніміз -
A. Бөлшектердің тез қозғалысы. B. Қатты денедегі бөлшектердің ретсіз қозғалысы.
C.Бір заттың бөлшектерінің екіеші заттың бөлшектерінің араларына өтіп таралуы.
D. Бөлшектердің баяу қозғалысы.
10. Температура нені сипаттайды?
A. Дененің қозғалыс әрекетін. B. Дененің жылдамдығын
C. Дененің жылулық тепе-теңдігін D. Дененің суыну дәрежесін
ІІ нұсқа
1.Қайсысы дене болып табылады?
A. Жарық B. Ауа C. Трактор D. Булану
2. Физикалық шаманы көрсет?
A. Доп B. Темір C. Үстел D. Көлем
3.Қайсысы физикалық шама?
A. Қағаз B. Температура С. Дәптер D. Қайнау
4. Аспан денесін көрсет
A. Комета B. Су C.Ұшақ D. Ауа
5. Массаның өлшем бірлігін көрсет:
A. кг/м3, г/см3, кг/см3 B. км/сағ, м/с, см/с. C. м3, см3, мм3 D. кг, г, т
6. Күннен қашықтығы бойынша Жер нешінші планета ?
A. 1 B. 2 C. 3 D. 4
7. Жер Күнді қандай орбитамен айналады?
A. Шеңбер B. Эллипс C. Парабола D. Гипербола
8.Мына сандарды стандарт түрде жазылуын көрсет: 60000; 0,0000003; 925000
A. 6∙104; 3∙10-7; 9,25∙105. B. 6∙103; 3∙10-5; 9,25∙104. C. 6∙10-3; 3∙10-5; 9,25∙104. D. 6∙103; 3∙10-5; 9,25∙10-4.
9. Механикалық қозғалыс дегеніміз -
A. Дененің орнының өзгеруі B. Дененің көлемінің өзгеруі
C. Дененің пішінінің өзгеруі D. Дененің температурасының өзгеруі
10. Тығыздық дегеніміз
A. Заттың массасының өзгерісі B.Заттың жылулық тепе-теңдігін сипаттайтын физикалық шама C.Заттың көлемінің өзгерісі D. Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: §11-12 оқу, өзін-өзі тексеру сұрақтары. Ғаламшарлар туралы қысқаша қызықты мәліметтер жазып келу (планеталарды бөліп беру)