Есту м?шесі ж?не анализаторлары
Сабақтың тақырыбы: Құлақ - есту мүшесі.Жалпы мақсаттар: Есту мүшесінің қызметі жайлы түсінік беру. Құлақтың құрлысымен таныстыру.Міндеттері: Есту мүшесінің гигиеналық ережелерін сақтау. Қоршаған ортаны есту арқылы танып - білу.Оқыту нәтижесі: Есту мүшесінің гигиеналық ережелерін сақтайды. Қоршаған ортаны есту арқылы танып біледі.Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, кестелер, парақшаларI. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.Оқушыларды шаттық шеңберіне жинау, сабағымызға сәттілік тілеу.Орнымыздан тұрайық, жылы жүзбенБізге келсін қуаныш нұр іздегенШуақ толған жанымыз жүрегімізҮлгі алсын, көрген жан мына бізден!II. Топқа бөлу.Оқушыларды бойлары бойынша топқа бөлу. Топ басшылары сайланып, оларға бағалау парақшалары беріледі.III. Үй тапсырмасын тексеру. Менен сұрақ, сіздерден жауап.1. Көз қандай мүше?2. Көздің қорғанышын ата.3. Көздің қорғанышы қандай қызмет атқарады?4. Қандай көз ауруларын білесің?5. Көзді дұрыс күте білудің ережесін айт.Формативті бағалау. Қол шапалақтау.IY. Жаңа сабақ.1. Білу. Үнтаспадан құстың дыбыстарын естиді. Балаларға сұрақтар қойылады:Не естідіңдер? Бұл ненің дыбысы? Оны қандай сезім мүшесі арқылы аңғардыңдар?Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Құлақ - есту мүшесі.Көршіме айтамын әдісі.Құлақ туралы не білеміз?2. Түсіну.Электронды оқулықпен жұмыс. Оқулықтан құлақтың құрылысы туралы толық мағлұмат беріледі.Біз әр түрлі дыбыстарды, шуды, музыканы, құстардыңәнін, көптеген сан алуан дыбыстарды құлақпен естиміз. Дыбыстарды тыңдау арқылы біз айналада не болып жатқанын білеміз. Құлақ - құлақ қалқаны бастың екі жақ жанында орналасқан. Біз сонда екі жақтан да шығатын дыбыстарды қабылдаймыз. Құлақ үш бөліктен тұрады. Олар: сыртқы құлақ, ортаңғы құлақ, ішкі құлақ. Сыртқы бөлік - құлақ қалқаны деп аталады. Ол әр түрлі дыбыстарды қабылдайды және оның қайдан шыққанын анықтайды. Дыбыс құлақ қалқанына түскеннен кейін есту жолы арқылы өтіп,дабыл жарғағына барады. Дабыл жарғағының қозғалысы ортаңғы құлақ сүйекшелерін іске қосады.Құлақтың дабыл жарғағы жұқа болады. Сондықтан оған жақсы күтім керек.3. Қолдану. Оқулықпен жұмыс.Жаңа тақырыпты оқыту. Құлақты күту ережелерімен таныстыру.Y. Сергіту минуты. Ойын ойнату.Сыныпта талантты да, дарынды оқушыға тапсырма беріледі. Сол оқушы өзінің дайындап келген ойынын ойнатады.МадақтауYI. Дәптермен жұмыс. Есіңе сақта!Дыбысты жақсы есту үшін, құлағыңды күте біл!4. Талдау.YII. Сарамандық жұмыс.Құлағыңды қолыңмен жауып, көршіңмен сөйлес.Болған соң қорытынды жаса.YII. Топтық жұмыс.Әр топқа суреттер беріледі. Сол суреттерді екі топқа бөлеміз. Яғни суреттердің қайсысын көз арқылы көреміз. Ал қай суреттерді көзбен көрмей - ақ дыбысы арқылы ажырата аламыз.Формативті бағалау5. Жинақтау.Санбюллетень шығару. Есту мүшесінің гигиенасы туралы санбюллетень шығару.Құлағың сау болсын десең.МадақтауYIII. Үйге тапсырма беру, бағалау.Топ басшылары бағалау критерийлері арқылы топ мүшелерін бағалайды.