?ыстырма с?з 4 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларға қыстырма сөзді таныту. Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету. Сөз туралы берілген білімді еске түсіру. Сөздердің лексикалық мағынасын байқату.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушыларға жаңабілім беру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:. Ереже жаттау
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
21717001066800080010010668000 заттың
217170045720002286000457200080010045720008001004572000Ереже: Сөз сапаның атауы.
Қимылдың
Сөз және оның мағынасы.
Мағынасы жуық сөздер. (синоним сөздері)
Мағынасы қарама-қарсы сөздер.(антоним сөздері)
Көп мағыналы сөздер.(омоним сөздері)
Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай
сөздерді қаратпа сөз дейді.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Оқушыларға қыстырма сөзді таныту.
Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету. Сөз туралы берілген білімді еске түсіру. Сөздердің лексикалық мағынасын байқату.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.
Екі бағандағы сөйлемдерді оқып, салыстыр. Не байқадың?
Құрамында сөйлем мүшесі емес сөздері бар сөйлемдерді тап. Ол сөздердің сөйлемде не қызмет атқарып тұрғанын екінші бағандағы сондай сөйлемдермен салыстыра отырып анықта.
285750010668000
Ертілес жарты жолдан қайта қайтты. Ертілес жарты жолдан қайта қайтты.
Сірә, бірдеңені ұмыт қалдырған болар. Бірдеңені ұмыт қалдырған болар.
Аспанның түсі бұзылайын деп тұр ғой. Аспанның түсі бұзылайын деп тұр ғой.
Боран соғып кете ме, қайдам. Боран соқпаса игі еді.
58-жаттығумен жұмыс.
11430092710 Өздері сөйлем мүшесі болмайтын, бірақ сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін сөздер болады. Ондай сөздерді қыстырма сөз дейміз. Мысалы: Әйтеуір, кешікпесеңдер болды. Сапар демалысқа, сірә, бүгін−ертең келіп қалар. Мен, шанымды айтайын, бұлай бола қояр деп күтпеп едім.
00 Өздері сөйлем мүшесі болмайтын, бірақ сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін сөздер болады. Ондай сөздерді қыстырма сөз дейміз. Мысалы: Әйтеуір, кешікпесеңдер болды. Сапар демалысқа, сірә, бүгін−ертең келіп қалар. Мен, шанымды айтайын, бұлай бола қояр деп күтпеп едім.
59−жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қыстырма сөздерді тап.
Сөйлемге қыстырма сөздердің қандай мағына үстеп тұрғанын айт. Қыстырма сөздерде болатын тыныс белгілерге назар аудар.
Дау жоқ, Талғат Қанаты бүгін шахматтан артық басымдылықпен ұтты. Бұл жолғы қабырға газетіміз, несін айтасың, көңілдегідей болып шықты. Болашақта мен суретші болармын, бәлкім.
Кестемен жұмыс.
Қыстырма сөздер сөйлемнің қай жерінде келіп тұрғанын, және тыныс белгісіне назар аудар.
Сергіту жаттығуларын орындау.
. Сөйлемдерді зер салып, түсініп оқы.
Қыстырма сөздңі тауып, оның тыныс белгілеріне назар аудар.
Қыстырма сөздер құрамы жағынан бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалуы мүмкін: 1) бәсе, менің, әуелі, әйтеуір, міне, тегінде; 2) амал қанша, оның ойынша, өкінішке орай, кім біледі; 3) ұмытып барады екенмін, енге екенін кім білсін.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма:. 60−жаттығу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау