Матаны пішуге дайындау.Пішу технологиясы
Сабақтың тақырыбы: Матаны пішуге дайындау. Пішу технологиясы
Сабақтың мақсаты:
білімділік: бұйымды әрлеу барысында орындалатын элементтер туралы білім – біліктерін қалыптастыру: өңдегенде бұйымның түрі, пішіні және түсі ескерілуі керек екенін айтып түсіндіру
дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасауға, шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау.
тәрбиелік: ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, бастаған ісін тиянақты аяқтауға
тәрбиелеу
Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: белдемше лекалосы,мата, бор, ине, жіп, қайшы, см таспа
Сабақтың мазмұны: І-ІІІ кезеңдік тапсырмалар
Сабақтың әдіс – тәсілдері: І кезең сұрақ – жауап. ІІ кезең оқулықпен жұмыс жасау, нұсқау картасымен жұмыс, ІІІ кезең үш деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқыла бағалау әдістері.
Формасы: І кезең – фронтальды, жеке;
ІІ кезең - а) фронтальды
б) ұжымдық
в) топтық
ІІІ кезең - жеке ұжымдық
Көрнекіліктер: І кезең – жұмыс дәптер, тақтадағы ашық журнал, мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары; ІІ кезең- а) оқулық, бисердің түрлері, сым түрлері, нұсқау карточкалары, бисерден тоқылған бұйымдардың схемалары, ІІІ – кезеңде жұмыс дәптер, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары
Сабақтың өту барысы:
І кезең а) ұйымдастыру; б) үй тапсырмасын тексеріп тақтаға ашық журналға белгілеу; в) «көпір тапсырмаларын» тексеру;
ІІ кезең: а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші тапсырмаларға оқулықтан жауап іздеу. Мұғалімнің тақтаға «ашық журналдаығы» алдында өткен тақырып бойынша жиналған жалпы ұпай санын өзінің жеке журналына және сынып журналына баға түрінде тіркеу.
б) мұғалімнің көмегімен алжапқыштың сызбасын сызуды үйрету дйскуссия жүргізу:
в) тақтамен, оқулықпен, нұсқау карточкасымен жеке жұмыс
І кезең
«КӨПІР» тапсырмалары
(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді) Сарамандық жұмыс
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Белдемше сызбасын түсіру үшін қандай өлшемдер алынады?
Жауап: бұйымның ұзындығы, артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы,
белдің жарты орамы, жамбастың жарты орамы.
Тік белдемшені құрастырғанда қандай орамға қосымшалар беріледі?
Жауап: бел және жамбас орамдарына қосымшалар беріледі.
Белдемше неше бөліктен тұрады?
Жауап: белдемше екі алдыңғы және артқы бөліктен тұрады
ІІ кезең: Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?) Сұрақтарға жауап беріңіз:
Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды қандай топқа бөлуге болады?
Жауап: белдікті және иықты
Белдікті топқа қандай киімдерді жатқызамыз?
Жауап: белдікті топтағы бұйымдар – шалбар, белдемше, шорты
Иықты топқа қандай киімдерді жатқызамыз?
Жауап: иықты топтағы бұйымдар - көйлек, блуза, камзол, халат
Белдемше ненің бөлігі болуы мүмкін?
Жауап: белдемше кастюмнің бөлігі, өзіндік бұйым немесе көйлектің
бөлігі болуы мүмкін
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неге?
Неліктен? Себебі? Не үшін?) Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз:
Артқы бөлігі алдыңғы бөлігіне қарағанда, енсіз болып келеді;
Киімді тіккен кезде жан тігісті жақын артқы бойға орналастырады, ол пішіннің мүсінін көбен қарағанда жинақы және сымбатты қылып көрсетеді.
Қымтырмаларды көбіне былай орналастырады: екеуі алдында, екеуі артында және бір – бірден бел сызықтарында орналасады.
Әр қымтырмалардың ені және ұзындығы бірдей емес, ол белдемшенің тік дененің қай бөлігін қынап тұр, соған байланысты көбіне жан қымтырмалары ұзынырақ, ендірек, алдыңғы қымтырмалары жіңішке және қысқа болып келеді.
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек ) Сөзжұмбақты шеш:
Б о р и н е к в и л и н г
ө ң д е у е т е к
м а т а
п і ш у к е с т е Матаға сызба сызатын құрал
Жіп серігі
Қағазды ширату арқылы жасалатын жұмыс түрі
Ылғалды – жылулы ......
Бұйымның ұзындығы
Бұйымның бөлшектерін мата бетіне орналастырып оны .....
Тігіс түрі
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т.б. түрінде)
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз:
Белдемшенің кеңеюіне қарай негізгі топтарға бөлінеді:
Белдемше түрлері
Клеш үлкен клеш
Кішкене орташа
Колокол полусолнце
солнце
ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау
І деңгей (5 балл)
Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?) Сұрақтарға жауап беріңіз:
Артқы бойдың бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейінгі өлшемді қалай атаймыз?
Жауап: БҰ- бұйым ұзындығы
Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы қалай өлшенеді?
Жауап: өлшем бел сызығынан жамбас сызығына дейінгі
арақашықтықтың осы өлшемнің жартысына тең болады.
Белбеудің ұзындығын және қымтырмалардың енін не арқылы есептейді?
Жауап: БЖО- белдің жартылай орамы.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырма)
Сарамандық жұмыс. (қауіпсіздік ережесі)
Құрастыру және үлгілеу алдында жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру қажет. Жұмыс орнына жарық сол жақтан түсу керек, альбоммен жұмыс істеушінің көзінің арақашықтығы 30 см болу қажет. Есте сақтаңыз қарандашты ұштағанда, циркульмен жұмыс істегенде, тесетін және қиатын құралдарын ұқыпты қолдану керек.
Матаға пішім бөлшектерін орналастыру.
ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?) Сұрақтарға жауап беріңіз:
Матаны пішпес бұрын неге көңіл бөлуіміз керек?
Жауап: Матаның түрі мен қасиеттері: қиып пішілетін жұмыстарға кіріспестен бұрын, табиғи және басқа да талшықтардан алынатын маталарды дымқылдағанда отыратынын еске түсірген дұрыс.
Матаның өңдеу кезіндегі қажеттіліктерін қалай анықтаймыз?
Жауап: Матаны бумен немесе жылы сумен өңделу, яғни жазбалау (дымқылдау, үтіктеу, кептіру) қажеттілігін анықтау.
Неге қалдырылған көлемді анықтаймыз?
Жауап: Тігіске қалдырылған шеттіктердің көлемін анықтау.
Ненің сипатына көңіл аударуымыз қажет?
Жауап: Суреттің сипатына, оның бағыты мен орналасу симитриялығына назар аудару керек.
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз, - деген тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады. Кестеде матаны пішер алдындағы жйылым түрлері
Салыстырып, кестені толтыр
Матаны бүктеу Матаны жайып
Ұқсастығы Пішу
Айырмашылығы Әдетте пішу үшін матаны бүктеп төсейді. Егер де пішілетін бөлшектердің көлемі өте үлкен немесе бұйымның ортасында тігіс, я болмаса ілмек болуы керек жағдайда мата жазылып төселеді.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады)
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз:
Белдемше өңдеудің технологиялық бірізділігі:
Матаны пішуге дайындау
Белдемшені пішу
Пішім бөлшектерін матаға орналастыру.
Пішім бөлшектерін тігіске арналған шеттік қалдыра отырып, контуры бойынша сызып шығу.
Пішім бөлшектерін қиып шығу.
ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек Ребусты шеш:
,,,, 2) ,,,, 3) ,,,,, , 4) , ,,,
п і ш у
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?) Сен қалай ойлайсың:
Мата түкті болса, матаға белдемше бөлшектерін қалай орналастырар едің?
Матаның түгін төмен бағытқа қаратып белдемше бөлшектерін саламыз