Тренинг ?мір ??ндылы?ы (жо?ары сынып о?ушыларына арнал?ан)
«Өмір құндылықтары»
/Жоғары сынып оқушыларына арналған тренинг/
Мақсаты: «Өмір» ұғымына терең үңілуге ықпал жасау.
Болашағына жағымды көңіл-күйді тудыру.
Өзінде бар құндылықты бағалай білуге баулу.
« Өрмекші торы» жаттығуы.
Біз басқа адамдардың арасында өмір сүреміз. Басқа адамдардың пікірі біздің өзіміз туралы білімімізді молайта түседі. Кейде біздің ойларымыз қоршаған адамдардың пікірімен сәйкес келмей жатады, ол қалыпты жағдай. Бұл жаттығу басқа адамның көзімен қарауға мүмкіндік береді. Қане, ортаға шығып шеңбер құрайық. Мен қолымдағы жіпті қасымдағы адамға беріп тұрып, атымен атаймын және оның маған ұнайтын жағымды қасиетін, мінез қылықтарын айтамын. Содан кейін ол да жіпті жібермей ұстап тұрып келесі адамға оның ұнайтын жағымды қасиетін айтып лақтырады, осылайша жалғаса береді.
Жаңа ғана бізді байланыстырған жіпке қараңдаршы. Әдетте ол бізге көрінбейді, бірақ ол бар. Өмірде де бізді осындай жылы, мейірімді сөздер мен сезімдер байланыстырып тұрсын!
Тренингтің ережесін бекітіп алайық:
1. Өз ойын ашық бүкпесіз айту;
2. Өзгенің пікірін құрметтеу;
3. Шынайылық;
4. Белсенділік;
5. Өз сезімін басқара алу;
6. Уақытпен санасу.
2. Топтық жұмыс.
Адам – ұжымдық жан. Ол өзі және қоғам үшін өмір сүреді. Бұл өмір сәтті болу үшін адам қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуі, басқалармен өзара әрекет жасауды және татулық пен үйлесімділік жағдайда өмір сүре білуі керек. Олай болса өмір туралы сендердің пікірлеріңді білсек.
(топтарға постерлар, жеке нұсқамалар тарату)
1 топ: «Өмір» деген не?
2 топ: «Өмір құндылықтары» дегеніміз не?
3 топ: Жақсы өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер керек?
(Топтарға жұмыс орындауға 5-7 минут уақыт беріледі және орындаған жұмыстарын ортаға шығып қорғайды. Басқа топтар өз ойларын білдіреді.)
Біз орындаған кестеміз күнге ұқсайды. Мен әрқайсыларыңның өмірлерің осы күн сияқты ашық, әрі жарқын болуын тілеймін. Әрине күнде де қара дақтар бар, бірақ одан оның жылу беруіне, жарығын шашуға кедергі келтірмейді. Сол сияқты сіздерді өмірлеріңізде кездесетін қиындықтар мен сәтсіздіктер мойытпасын.
3. «Болашақ өміріме саяхат» жаттығуы
Армансыз адам болмайды. Әр адам мейлі ол кедей, мейлі ол бай, мейлі сау, мейлі мүгетек болсын оның асыл арманы, болашаққа талпынысы болады.
«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» дейді қазағымыз. Олай болса орындарымызда ыңғайланып, жайғасып отырып алайық , көздерімізді жұмып (баяу музыка ойнап тұрады) болашақ өмірімізге саяхат жасаймыз.
Талдау:
Болашақта өздеріңді қандай деңгейде көрдіңдер?
Қандай жетістікке жеттіңдер?
Қасыңда кімдер бар?
Яғни бұл жаттығудан байқағанымыз болашаққа өздеріңді тек жақсы нәтижелермен көрдіңіздер. Өз өмірің-өз қолыңда. Ішкі жан дүниеңнің тазалығын сақтап, тек жақсы істерге қадам басып, осы беттеріңізден таймаңыздар дегім келеді.
4. Видео көрсету
Сіздердің назарларыңызға видео ұсынылады. (Мүгедектер билейтін «қытай балеті») Тамашалаңыздар...
Мен сіздерден не сезінгендеріңізді, қандай күй кешкендеріңізді сұрамаймын. Бұл видеоны көрсеткендегі менің мақсатым сіздерді сабақ алсын деп, әркім өзі үшін бір түйін шығарсын деп, қолындағы құндылықтарын бағалауды үйренсін деген мақсатта ұсынып отырмын.
Қорытынды.
Осымен біздің сабағымыз аяқталды. «Өмір» тақырыбында өрбіткен сабақтан қандай әсер алдыңыздар, не үйрендіңіздер өз пікірлеріңді ортаға салуларыңызды сұраймын...
(Оқушылар өз пікірлерін стикерге жазып жабыстыру.)
Назарларыңызға рахмет!
«Өмір» дегеніміз не?
Күн шапақтарына жазу. Дәлелдеу.
«Өмір құндылықтары» дегеніміз не және оған не жатады?
Күн шапақтарына жазуДәлелдеу
Жақсы өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер керек?
Күн шапақтарына жазуДәлелдеу