Урок Жылы ж?рек жа?сы тілек
«Т.Тоқтаров атындағы негізгі орта мектебі» КММ
«Жылы жүрек – жақсы тілек»
2015-2016 оқу жылы
Тренинг «Жылы жүрек – жақсы тілек»
Мақсаты: Оқушылардың ұйымшылдығы, бір-біріне деген жылы лебіздерін жақсы ниеттерін білдірту!
Тренинг құрылымы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Тренингтің мақсатын хабарлау
III.Негізгі бөлім
«Сәлемдеме хат» жаттығуы
«Суретті сал және екінші адамға бер» жаттығуы
«Серпіліс» жаттығуы
«Менің есімім» жаттығуы
«Қызықты оқиғалар » жаттығуы
«Келесіде кездескенше» тренингты қорытындылау
IV.Қорытынды бөлім
«Келесіде кездескенше жаттығуы»
Топта жұмыс істеу ережесі
Бір-бірімізді сыйлау, тыңдау, сөзімізді бөлмеу.
Белсенді қатысу
Әркім өз пікірін білдіруге құқылы
Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт
«Басынан» «Аяғына» дейін жұмыс істеу
«Сәлемдеме хат» жаттығуы.
Мақсаты: жағымды көңіл-күй, сынып ұйымшылдығын арттыру, эмпатия сезімін дамыту.
Нұсқау: Мен сіздерден өз сәлемдемелеріңізді жазып, мына столдың үстіне қоюларыңызды сұраймын. Ал енді бұларды араластырамын. Сіздер оны қайтадан алып, өзіңізге келген сәлемдемені оқисыздар.
Сәлемдеме жазу қиын болдыма?
Сіз сәлемдемені оқығанда өзіңіз қандай сезімде болдыңыз?
«Суретті сал және екінші адамға бер» жаттығуы
Мақсаты: Психологиялық және дене қатаюының күштенуінен арылту, топты ұйымдастыру.
Нұсқау:
Бір ақ парақ алып, ең жағымды қарандашты тандаңыз. Мен шапалақ ұрғанда, сіздер нені қаласаңыздар соны саласыздар. Шапалақ ұрғанда көршіңізге сурет пен қарандашты бересіз. Сосын тағы шапалақ ұрып келесі адамға жалғаса береді, сөйтіп қағаз иелеріне келгенше жаттығу жалғасады.
Талдау: Сурет ұнадыма?Өз сезіміңізбен көңіл күйіңізбен бөлісіңіз?Өзге адамның суретін жалғастыру қиын болдыма?
«Серпіліс»
жаттығуы
Нұсқау:
Табиғат ананың ерекшелігі,құбылыстарында.Табиғат керемет-ақ! Біздер табиғаттың қай құбылысын ұнатады екенбіз. Қанекей іс қыймылмен көрсетейік!
«Менің есімім»
Ортаға шеңбер жасап тұрамыз
Менің атым Маржан,мені Мако деп еркелетеді.
«Келесіде кездескенше»Мақсаты: Топ қатысушыларынан қайтымды байланыс алу, сенімділігін дамыту. Нұсқау: Сіздер мына стикерлерге, бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тілектеріңізді тренингке қатысушыларға арнайсыз.