План урока по родному языку ата ажеме хат


Сабақтын тақырыбы: Ата-әжеме хат. Ы.АлтынсаринСабақтың мақсаты :
1. Мәтінді дұрыс түсініп оқуға,жүйелі сөйлеуге үйрету. 
2. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту. Логикалық ойлау дағдыларын дамыту. 
3. Достыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.  Сабақтың түрі: жаңа сабақ         
Әдіс тәсілдері: Түсіндіру,талдауКөрнекілігі: тірек сызбалары, СТО технологиясы.
Сабақтың барысы                               
1.Ұйымдастыру бөлімі.                                                                                                                             
Психологиялық дайындықБалалар бір-біріміздің қолдарымызды  ұстап , іштеріңнен бір-бірімізге  сәттілік тілейік.                                                                                                 
2.Үй тапсырмасын тексеру.                                                                                               
«Апанаң тілін алса егер…» Ж.Смақовтың өлеңін мәнерлеп  оқыту.
Ақынның ойын толықтыру .
Апаның тілін алса егер…           
(осы ой бойынша оқушылар өз ойларын айтады)
3. Жаңа сабақ.
(Сабақты Қазыбек бидің нақыл сөзімен қорыта келе,жаңа сабақты бастаймын)                                                                                                                           Құт берекең-атаң қымбат,                                                                                               
Аймалайтын анаң қымбат.             
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың-әкең қымбат-Балалар ,айналамыздағы туысқандарымыздың бәрі де ең қымбат адамдар.Сондықтан олардың айтқан ақылдарын тыңдап, оны орындау біздің міндеттеріміз.Ж.Смақовтың өленіңде апанмыздың  айтқанын тыңдасақ қандай болады екенімізді білдік. Біздің айналамызда апамыздан басқа ақыл, өсиет айтанын тағы кімдер бар? (мысалы: ата, әже, әке, аға т.б) Осы туысқандарыңыз өздеріңізбен бірге тұрады ма?    Барлық туысқандар бір жерде тұруы шарт емес. Кімнің ата-әжесі алыста тұрады? Олармен қалай байланыс жасап жүрсіңдер?
-Дұрыс. Қазір байланыстың түрі көп. (Мысалы:интернет,хат,телефон)
Ой толғау  Аяғы  жоқ жүреді, тілі жоқ сөйлейді   (хат)
    (жұмбақты шешіп,мағынасын ашу) -Бүгін біздер Ы.Алтынсариннің «Ата- әжеме хат» әңгімемесімен танысып, ата-әжемізге хат жазуды үйренеміз.
-Хатты қалай жазу керектігін әзірге білмейтін боларсыңдар. Кітаптағы хат жазу үлгісіне назар аударайық.     (Кітаптағы хат үлгісімен жұмыс жасалады, хат туралы  түсінік беріледі)                                                                                                                        
 4. Мәтінмен жұмыс.  
Назардың атасына жазған хатын төрт бөлікке  бөліп, әр бөліктің шегін ажыратып оқытамын. 
1. Хаттың  басталуы2. Назардың оқуы.
3. Назарға айтқан атасының ақылы.
4. Хаттың аяқталуы.                  Өзің де хат жазып үйрен:
Хаттың бөліктеріҚажетті сөздерХаттың басталуыХаттың негізгі бөліміОқуың жайлыДостарың жайлыОтбасың туралы т.б. Алыстағы досым, қамқор ағамҚұрметті: __________



Амандықта бол, сау-саламат болыңыз…
5. «Жүрек жылуы»  шеңберіОқушыларға кішкентай жүректер таратылып беріледі. Әр бала өздерінің жақсы көретін адамдарын түстер бойынша таңдайды да «Жүрек жылуы» шеңберіне жапсырады.
Ескерту: туысқандарыңның барлығын жақсы көрсең, барлық түсті де таңдауға болады.
Атасын жақсы көретіндер-көкӘжесін жақсы көретіндер-қызылАнасын жақсы көретіндер-сарыӘкесін жақсы көретіндер-жасылАғасын,апасын,інісін,қарындасын жақсы көретіндер-күлгін — Олай болса, «Біз бәрін де жақсы көреміз, Отбасымыз аман болсын!» деген тілек айтайық.
Жаңа сабақты бекіту.
1.Хаттың қалай басталып және қалай аяқталып тұрғаны туралы не айтуға болады?
-Қамқор атам мен әжем!
-Қош болыңдар. Баталарыңызға үміткер балаңыз Назар. Сабақты төмендегі өлең шумағымен аяқтап, сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітемін.
Анаң- күнің, жүрегің,Әкең-өмір тірегің.Әжең-асыл ардағың,Атаң-дана қорғаның,Ағаң-қамқор асқарыңІнің-мөлдір аспаның,Қарындасың-қанатыңЕл Отаның-жаннатыңСен бақытты ұлансың.
-Айналаңдағы туысқандарың аман болсын деп тілек айтамыз. Әрқашан туысқандарыңмен хабарласып тұруды естең шығармаңыздар!