Тіршілікті? пайда болуы.
Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы ,Құлан ауылы
Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі : Сүмесін Айнагүл Әбділқызы
Сабақтың тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Жердегі тіршіліктің пайда болу тарихымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
1.Оқушыларға Жердегі тіршіліктің пайда болуын түсіндіру; ежелгі адамдардың басынан өткен қиындықтар туралы әңгімелеу.
2.Жердегі тіршіліктін пайда болуы туралы тарихи құжаттарды пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту.
3.Оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу.
Көрнекілігі: Тарихи дереккөз, оқулықтағы суреттер, жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы бейнетаспа, сөзжұмбақ жазылған плакат, «Адам» деген тірек-кесте.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Психологиялық көңіл күй.
3.Өткенді қайталау.
Сөзжұмбақты шешу.
А Д А М 1.Жыртқыш аң 2.Ертегіде жыланды жеңген жәндік 3.Бал жинайтын жәндік 4.Шағатын жәндік -Сөзжұмбақтың шешуі нелердің аты? Олар туралы не айтуға болады?
-Сөзжұмбақтың шешуі болған атауларды сипаттау.
4.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-Сөзжұмбақтың тігінен белгіленген бағаны бойынша қандай сөз шықты?
-Адам.
-Бұл-біз оқитын тараудың аты. Бүгін Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы оқып білеміз. Біз Жердегі тіршіліктің пайда болған кезіне, яғни өткен өмірге саяхатқа шығамыз. Бұл керемет саяхат болмақ! Өткен өмірден қайтып оралғаннан соң, сендер оны қазіргі уақытпен салыстырасыңдар.
5.Тірек-сызба құрастырылады.
274320053975Өткен өмір00Өткен өмір
331470046355003886200160655Археологтар00Археологтар1257300160655Тарихшы ғалымдар00Тарихшы ғалымдар
27432009969500
468630015303500
240030092075001257300920750012573009207500
308610031115Тарихи құжаттар00Тарихи құжаттар457200031115Қазба жұмыстары00Қазба жұмыстары205740031115Музейлер00Музейлер91440031115Мұрағаттар00Мұрағаттар
6.Оқулықпен жұмыс.
1.Мәтінді оқыту. Оқушылар мәтінді оқи отырып, жаңа мәліметтерді, өздеріне түсініксіз сөздерді белгілеп отырады.
2.Топпен жұмыс.
Оқушылар Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы сызбаны толықтырады. Бұл жұмысты барлық топ орындайды.
Сонан соң оқушылар өз пікірлерін ортаға салады. Тақтаға мәтін бойынша құрастырылған сызба ілінеді.
Уақыттың барлық кезеңдері салыстырылады.
-Осы уақыт аралғында Жерде не өзгерді?
(Оқушылар табиғатта болатын өзгерістерді талдайды).
-Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы жаңа әрі қызықты қандай мәліметтермен таныстыңдар? -Осыны білудің қажеті бар ма?
7.Пікір алмасу. Сабақты қорытындылау.
(Мәтін соңындағы сұрақтар қойылады).
8.Үйге тапсырма: «Тіршіліктің пайда болуы» мәтінін түсініп оқу. Ғаламтордан, тарихи жинақтардан тіршіліктің пайда болуы туралы оқып, зерттеу жұмысын жүргізу.