Математика. 3 сынып. Геометриялы? фигураларды? ?иылысуы


Күні: 30.04.16
Сыныбы: 1 «Б»
 Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралардың қиылысуыСабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға геометриялық фигуралармен қатар кесінді, түзу және қисық сызықтарды көрсете отырып, «қиылысатын» және «қиылыспайтын» фигуралар туралы түсінікпен таныстыру.                          
2.Дамытушылық: Сабақта түрлі әдіс-тәсіл пайдалану барысында оқушыларды математика сабағына деген қызығушылығын арттыру, құпия сандарды табу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін даыту. Шапшаң жұмыс істеуге бейімдеу.
3.Тәрбиелік: Математикалық тілде сөйлеу арқылы, оқушыларды математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттерСабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау, ойын әдісіСабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен амандасу;
- оқушыларға әнұран айтқызу;
- оқушылардың назарын сабаққа аудару;
- оқу құралдарын даярлату.
Психологиялық көңіл-күй: Балалардың бәрі көздерін жұмып, мен айтқан сөйлемнің соңын хормен қайталау керексіздер:
- Сабақта біздің көздеріміз мұқият қарайды және барлығын ... (көреді)
- Құлақтарымыз мұқият тыңдайды және барлығын ...(естиді)
- Миымыз өте жақсы ....(ойлайды)
Тірек білімдерін жетілдіруБалаларға таныс геометриялық фигураларды қайталау. Ауызша есептеуге «Не өзгереді?» ойынын өткізу.
Тақтада геометриялық фигуралармен қатар кесінді, сәуле, қисық сызық шашырап орналасқан. Фигуралардың түрлерін анықтау, әр түрінен неше фигуралар қойылғанын сұрау. Дұрыс айтқандарды мадақтау.
    - Ендеше балалар, бүгінгі сабағымыз фигуралардың қиылысуы жайлы болмақ.
ІІ. Жаңа сабақ.
Тақтаның бір жағына әр түрлі фигуралар (олардың ішінде фигуралармен қиылысқан сызықтар да бар) бейнеленген. Екінші жағында басқа фигуралармен қиылыспаған жеке фигуралар бейнеленген. Балалардан фигуралардың атауы сұралады.
Дәптермен жұмыс:
№2 тапсырма. Екі кесіндіні қиылспайтын және қиылысатындай етіп сызу.
№3 тапсырмада балаларды топқа бөліп жұмыс істеу және «Қай топ жылдам» ойыны арқылы есептің шешуін табу. Әрбір топқа бір есептен беріледі. 1- топтан 1- адам тақтаға шығып есепті шығарады.
1-топқа: □- 8 =1
2- топқа: □ + 2 = 6
3-топқа: 2+□ = 8
Қай топ жылдам, әрі дұрыс шығарады, сол топты жақсы бағамен бағалау.
Сергіту сәті:
Жаза, жаза қолымызТалып кетті көзіміз1,2,3 бойға жинап күш5-тік баға аламызҮйге қуанып қайтамыз.
 
№5 тапсырма.
Есепті толықтырып, шешуі мен жауабын табу.
а) Болғаны – 6                              ә) Болғаны - 6Сатылғаны -2                                 Алынғаны - в
Қалғаны -?                                     Қалды- ?
Шешуі:  6-2 =4                               Шешуі: 6-в=6в
Жауабы: 4                                       Жауабы: 6в
№6 тарсырма (ауызша орындату). Берілген сызықтар бір – бірімен қиылысу мүмкін бе?
ІІІ. Білімдерін тексеру кезеңі.
Тақтамен жұмыс1)Тақтадағы сәйкестендіру тестін орындау:

2) Тест жұмысы:
1. Ұмытылған цифрды жаз.
0...2...4
2. Сандарды салыстыр.
4  * 1
2 * 0
3  * 2
1 * 1
2 * 4
3 * 3
3. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін анықта.
2+1              2        1+3
3+1              3        0+2
2+0              4         1+2   
4. Қосуға кері амал құру.
2+1=                   1+3 =     2+0=
…                        …          ….
ІV. Сабақты бекіту.
- Оқушылардың сабақты меңгергенін анықтау үшін семантикалық картамен жұмыс істеу.
Семантикалық карта
V. БағалауОқушылардың сабаққа қатысуына, есеп шығаруына қарай бағалауVІ. Үй тапсырмасын беру.
Күні: 30.04.16
Сыныбы: 1 «Б»
Пәні: еңбекке баулу
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигураларды қолдана отырып әр түрлі мата түрлерінен композиция құрастыру
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік:  матадан «Құмырадағы гүл» композициясын құрастыруды үйрету.
2. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту; табиғи материалдарды тиімді пайдалануға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: әсемдікке, сұлулыққа ықыласын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: әртүрлі гүл суреттері, сәнді бүктемелер, табиғи материалдар - цитрусты жемістер (анельсин, мандарин, лимон), мата, қатырмақағаз, қарындаш, кәмпит қорабы, желім.
Еңбек нысаны: жеміс қабығын біркелкі аршып, оны дұрыстап желімдеу арқылы «Құмырадағы гүл» композициясын құрастыру.
Сабақтың барысы:
«Құмырадағы гүл» композициясын құрастыру үшін апельсин, мандарин немесе лимон жемістерінің қабығы қолданылады. Жеміс қабығын кептіріп, әрбір жеміс қабығынан екі гүл шоғын жасау үшін, көлемдерін біркелкі бөліктерге үнемдеп бөлеміз. Қатырмақағаз беті матамен қапталады. Кептірілген жеміс қабығынан жасалған гүлді ине-жіпнен тіккенде түбі мата түгінен көрінбей тұру үшін, мата бедерлі немесе түкті болғаны жөн. Мата түсі таңдалған жеміс қабығының түсіне сәйкес болғаны дұрыс.
Мұғалім жаңа сабақты оқушыларға «композиция», «панно», «икебана» ұғымдарына түсінік беруден бастайды. Өсімдіктерден композиция жасау өнерінің тарихы тереңде жатыр. Гүлді безендіру өнері VІ-VІІ ғасырларда пайда болған. Гүлдерді әсемдеп безендіру арқылы панно және икебана жасауға болады.
«Икебана» - кептірілген табиғи гүлдер болса, «панно» - кептірілген гүлдерден қабырғаға ілуге арналып жасалатын композиция. Композиция, латынша «соmpositio» - «шығару», «құрастыру», «біріктіру», «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Гүлдерді әсемдеп безендіру өнері жапон мектебінде кеңінен қолданылды. Гүлшоғын құрастыруда, икебана, панно жасауда «Жоғарыда - аспан, төменде - жер, олардың арасында - адам» деген ұстанымды басшылыққа алған.
XIX ғасырдың соңында Германияда өсімдіктерден композиция құрастыру өнері пайда болды. Өсімдіктерден композиция жасау өнері қазіргі уақытта да кеңінен қолданылады.
Оқулықта суреті берілген гүлдердің атауын сұрап, сол гүлдер туралы, олардың қайда өсетіні жөнінде мағлұмат берген жөн. Оқушылардан өздеріне таныс, үлкендерден естіген гүл атауларын атап, ол гүлдердің бөлмеде, гүлзарда, аулада әлде далада өсетіндігі туралы сұрау керек.
Гүлдердің әдемілігі мен хош иісі барлығымызды сүйсіндіреді. Қауызын ашқан хош иісті гүлдерге көбелек, шыбын-шіркей де үйір болады. Әдемі гүлдердің бірі - раушан ақ, қызыл, сары, қызғылт түсті болады. Олар аулада бақшада, бөлмеде және гүлзарларда өседі. Гүлдің құрылысына келсек, ол: гүл, сабақ пен жапырақтардан тұрады. Раушангүл туралы аз-кем мағлұмат берілгеннен кейін, оқушыларға, үйлерінен әкелген жеміс қабығынан осы гүлді жасау тапсырылады.
Сарамандық жұмыс.
Мұғалім сарамандық жұмыста оқушылардың шығармашылық қабілетін, қиялын дамытып, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, туған жердің табиғатын сүюге баулиды.
Раушан гүлі өң ретінде алынған матаға ине-жіппен тігуге немесе ПВА желімімен жапсыруға болады. Оқушылар жеміс қабығын біркелкі етіп аршып, бір жемістің қабығын екі гүл шоғы жасалатындай етіп бөліп, тиісті орындарына дұрыс орналастыруын қадағалау керек. Оқушылар жұмыстың нобайын жасап, композициялық шешімді дұрыс таңдауға дағдыланады. Сәндік жұмыстарда қолданылатын элементтердің көлемі, пішіні бойынша үйлесімді орналасуы - композиция деп аталады. Композиция жасау нобайдан басталады. Гүлдер бірізділікпен кезектесіп, симметриялы қайталанып орналастырылып,
жапсырылады.
Табиғи материалдармен жұмыс істегенде ПВА желімін ғана пайдалану керек, себебі басқа желімдер өсімдіктің табиғи бояуын, сыртқы түрін бұзады.
Сарамандық жұмыс арасында оқушылардың қолдары шаршаса, гүлдер жайлы мақал-мәтел, өлең айтқызып; екі топқа бөліп, бір-біріне жұмбақ жасыртып, сергітіп алуға болады.
 Мақал-мәтел
Ағаш көркі - жеміс,
Адам көркі - жақсы іс.
(С. Сарайи)
Өнер, білім, қызық жайлы ойлаңдар,
Үйренер де, ол әдетке айналар.
(Ж. Баласағұн)
Жүзіне қарама, өнеріне қара.
(М. Қашқари)
Сонымен қатар, екі топ гүлдердің атын буынға бөліп, әрбір буынға бөлгенде, шатаспай шапалақ ұру керек:
Қыз-ғал-дақРау-шанЛа-ла-гүл' ' Нар-ғыз гүл.
Шартты дұрыс орындаған топ ұпай жинап отырады.