Алма ?ыраубаева — ?дебиеттанушы ?алым, кеме?гер ?стаз ?ылыми жоба


Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты арқылы ала аласыз! Алма Қыраубаева: ”Қазақ мектебі дегеніміз қазақ тілінде оқытатын, ұлттық сананы, рухты қалыптастыратын мектеп” Алма Қыраубаеваның қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан өзіндік үлесін терең талдап, оның ұлттық мектеп құрудағы орасан зор еңбектеріне, педагогикалық көзқарастарына зерттеу жүргізіп, «Сенім» бағдарламасының өзіндік құндылықтарын айқындау. Қыраубаева Алма Мүтәліпқызы 1947 жылы мамырдың 26-да Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бірқазан бекетінде дүниеге келген. Көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы (1997), профессор(1998), Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері(1997). Алма – өз бойындағы білімді ұстаздық еңбегі арқылы шәкірт санасына құя білген жан. Ғалымдығы мен ұстаздығы таразы басын тең басып, білмекке ынтық шәкірт жүрегін алғаш көргенде-ақ баурап алатын. Жоғары мектеп ұстазы тек сабақ жүргізуші ғана емес, сол сабақты өткізу тәсілдерін жете меңгерген әдіскер де болуы тиіс.