Казахскому языку на тему Алгоритмдеу ж?не программалау. Процедуралар мен функциялар.
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы: Алгоритмдеу және программалау. Процедуралар мен функциялар
Күтілетін нәтиже:
Білім •Алгоритмнің негізгі құрылымдарын сипаттайды
•Программалау ұғымын тұжырымдайды..
•Программалау тілдері мен классификациясын атап шығады
Түсінік •Программалаудың тілдерінің функционалдық мәнін түсіндіреді
•Программалау технологияларын түйіндейді
•Программалау түрлеріне мысал келтіреді
Қолданыс •Программалау тілдерінің функционалдық жүйесін алгоритмнің негізгі құрылымдарымен манипуляция жасайды
Анализ •Программмалау технологияларының түрлерін сызбанұсқа түрінде бейнелейді
Синтез •Программалау түрлерінің қолданысын алгоритмнің негізгі құрылымдарымен қиыстырады
Баға •Программалау тілдерінің функционалдық жүйелілігін қарастырады. Кодтық программалауды үйренеді
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (15 мин.)
ІІ. Алғашқы бекіту (5мин.)
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (13 мин.)
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (9 мин.)
V. Бағамдау-бағалау (3 мин.)
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
•Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
•Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
•Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға мысалдар көрсету
•Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге беру. Түсінбеген жағдайда дұрыс жауапқа бағыттау
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
•Алгоритмнің негізгі құрылымы. Программалау тілдерінің функционалдық жүйесі. Программалау технологиялары. Параллель программалау тілі. Модульдік программалау. Құрылымдық кодтау. Жоғарыдан төменге қарай жобалау
Оқушыда дағды қалыптастыру:
•Жаңа тақырыпты толық игеру
•Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
•Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
Ақпарат көздері:
1. Бөрібаев Б., Нақысбеков Б., Мадиярова Г. 2013. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы. Мектеп.
2. http://dipls.ucoz.kz/publ/algoritmdeu_zhne_programmalau/1-1-0-2
Оқушы жетістігін бағалау:
Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындауы қажет
Үй тапсырмасы:
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
Негізгі түсінік пен анықтамаларды жаттау
Сыныпта орындаған есептерге қосымша талдау жасау
Үйге берілген тапсырмаларды орындау
• Бонус-балл тапсырмасы
Программалау технологияларының әр түріне жеке тоқталып кет. Мысал келтір.
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу Тақырып жоспары:
1. Алгоритмнің құрылымдық негіздері. Программалау ұғымы
2. Программалау тілдерінің функционалдық жүйесі
3. Программалау технологиялары
Слайдтар:
1-слайд (титул)
2-слайд Сабақтың мақсаты
3-слайд Тақырып жоспары
4-слайд Алгоритмнің негізгі құрылымдары
Блок сызбалар: тізбектік немесе сызықтық, тармақтық немесе альтернативтік, қайталану немесе циклдік.
5-слайд Тізбектік немесе сызықтық құрылым
6-слайд Тармақталу немесе альтернативалық құрылым
Тармақталу немесе альтернативалық құрылым-шарттың орындалуына немесе орындалмауына байланысты тармақталып келетін алгоритмді айтады. Тармақталу немесе альтернативалық құрылымының өзі шарт қойылуына байланысты толық, қысқа, таңдау болып үшке бөлінеді.
7-слайд Программалау
Программалау тілі деп, орындаушы ЭЕМ үшін жазылған алгоритмді сипаттайтын тілді айтамыз. Ал бағдарламалау деп алгоритмді бағдарламалау тілінде жазу процесін айтады.
Программалардың мынадай түрлері бар: ЭЕМ-ге арналған программалар, станокты, роботтарды және басқа кұрылғыларды басқаруға арналған программалар.
8-слайд Программалау тілдері және негізгі классификациясы
Қазіргі кезде 3500-ден жоғары әр түрлі программалау тілдері бар және осылардың ішінен шектелген саны ғана программалық бөлімді құруға жаппай қолданылады. Программалау тілдерінің саны көп болуына байланысты олардың бірнеше классификациясы бар.
9-слайд Программалау тілдері және негізгі классификациясы
Программалау
тілдерінің
классификациясы
Функционалдық Программалау
мәнітехнологиясы
10-слайд Программалау тілдерінің функционалдың мәні
Программалау тілдері фукнционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді:
программалауға үйретушіжалпы мәндіпроблемалық-бағытталғанпараллель программалаушы11-слайд Программалауға үйретуші тілдер
Қазіргі жоғары деңгейлі тілдерді осы классикацияға сәйкес қарастырамыз.
Программалауға үйретуші тілдер қатарына жататын жоғарғы деңгейлі тілдердің негізгілері Logo, Basic және Pascal. Logo тілі 60-шы жылдардың аяғында С.Пейперттің басшылығымен құрылды және ЭЕМ жаңа қолданушыларға, балаларға программалаудың негізін үйретуге бағытталған. Үйретуге арналған жоғары деңгейлі тілдердің ішіндегі кең тарағаны 1965 жылы Д.Кемени мен Т.Курц құрған Basic тілі. Дербес компьютерлерге бірінші қолданылған жоғарғы деңгейлі тіл және операциялық ортасы – Basic тілі. 1971 жылы Н.Вирт құрылымдық технологияға үйретуші Pascal тілін құрды.
12-слайд Параллель программалау тілі
Дәстүрлі неймандық архитектурадан ЭЕМ дәстүрлі емес параллель архитектуралы есептеу машиналарына көшуіне байланысты параллель алгоритмдерді сипаттаушы инстументальды құрылғылар пайда бола бастады. Параллель программалау тілдерінің негізі – параллель есептеулерді программалау процесін ықшамдау, параллель архитектуралы есептеу машиналарына арналған
13-слайд Программалау технологиялары
Программалау процесін жақсартатын және кең қолданылатын әдістердің бірі – құрылымдық программалау. Құрылымдық программалаудың 3 бөлігі (құраушысы) бар:
1. Модульдік программалау
2. Құрылымдық кодтау
3. Жоғарыдан төменге қарай жобалау
14-слайд Модульдік программалау
Модульдік программалау дегеніміз – программаны логикалық бөліктерге бөлу процесі. Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мына 2 мақсат орындалуы тиіс:
Модулдің дұрыс болуы және оның контекстерден тәуелсіз болуы қажет;
Модулдің ішкі жұмыстарын білмей тұра әр түрлі модулдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет.
15-слайд Мысал
Мысал ретінде стандарт математикалық функциялардың есептелу программасын қарастыруға болады. Программист sin(x) функциясын программаның кез-келген жерінде қолдана алады және оған функцияның есептелуіне қай әдістің қолданып тұрғанын білудің қажеттілігі жоқ. Модуль өлшемі 60 жолдан аспауы керек және модульдер өзара тәуелсіз болуы керек. Байланысқан элементтерді бір модульге, байланыспаған элементтерді әр түрлі модульге жинау керек. Модульдерді қолдана отырып программа күрделілігін төмендетуге болады.
Pascal тілінде модуль процедуралар мен функциялардың көмегімен құрылады, Cи тілінде функциялардың көмегімен құрылады.
16-слайд Құрылымдық кодтау
Құрылымдық кодтау деп программада басқарушы конструкциялардың–шартты операторлардың, циклдің (параметрлі, цикл-әзір, цикл-дейін) қолданылуын айтады. Шартсыз көшу операторы программада сирек қолданылуы керек немесе шартты оператордың, циклдің көмегімен өзгертілуі керек.
17-слайд Объекті-бағытталған программалау
Объекті-бағытталған программалау тілдерінің негізгі концепциясы– құрылатын қосымша өзара байланысқан негізгі объектілерден тұрады. Объекті-бағытталған технологияда қолданушы үш базалық элементпен: объектілер, хабар және класстармен жұмыс істейді.
18-слайд Объектілердің өзара байланысуы. Класс
Класс дегеніміз біртипті объектілерге арналған шаблон және объектілі айнымалылар типтері мен әдістерін анықтайтын информациялардан тұрады.
Объекті-бағытталған технологияға негізделген программалау тілдері: SmallTalk/v, Object Pascal, ACT++, C++, Simula, Actor, Classic–Aga және т.б.
Объекті-бағытталған программалаудың негізгі үш принципі бар: инкапсуляция, тұқымқуалау, полиморфизм.
19-слайд Логикалық программалау
Логикалық программалау тілдері PROLOG және LISP жасанды интеллект проблемаларының есептерін шешуге арналған. LISP тілінің мәліменттерінің негізгі құрылымы тізімдер, тізімнің элементтері атомдар болып табылады. Lisp тілінің бір ерекшелігі динамикалық жаңа объектілерді құру мүмкіндігі, объект есебінде программаның өзі де қатыса алады.
іі. алғашқы бекіту Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Программалау тілдерінің
классификациясы Програмалау тілдерінінің функционалдық мәні Программалау технологиялары
Қорытынды:___________________________________________________________
ііі. құзырлылық қалыптастыру Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Алгоритмнің негізгі құрылымдарын сипатта. тізбектік немесе сызықтық, тармақтық немесе альтернативтік, қайталану немесе циклдік.
Алгоритмнің тармақталу құрылымы деген не?
шарттың орындалуына немесе орындалмауына байланысты тармақталып келетін алгоритмді айтады
Программалау тілі ұғымын тұжырымда.
орындаушы ЭЕМ үшін жазылған алгоритмді сипаттайтын тілді айтамыз
Программалау тілдері мен классификациясын атап шық.
Қазіргі кезде 3500-ден жоғары әр түрлі программалау тілдері бар және осылардың ішінен шектелген саны ғана программалық бөлімді құруға жаппай қолданылады Функционалдық мәні және программалау технологиясы
Программалаудың тілдерінің функционалдық мәнін түсіндір.
Программалау тілдері фукнционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді:программалауға үйретуші, жалпы мәнді, проблемалық-бағытталған параллель программалаушы
Программалау технологияларын түйінде. Программалау процесін жақсартатын және кең қолданылатын әдістердің бірі – құрылымдық программалау. Құрылымдық программалаудың 3 бөлігі (құраушысы) бар:
Модульдік программалау, Құрылымдық кодтау, Жоғарыдан төменге қарай жобалау
Программалау түрлеріне мысал келтір және қысқаша сипатта.Модульдік программалау дегеніміз – программаны логикалық бөліктерге бөлу процесі.
ІІ деңгей тапсырмалары
Программалау тілдерінің функционалдық жүйесінің әр түріне жеке тоқтап, мысал келтір. Мысалды блок-сызба алгоритмі арқылы жаз
ІІІ деңгей тапсырмалары
Программалау технологиялары әр түріне мысал келтір. Мысал сөзді-формулалы алгоритм түрінде болуы қажет
іV. шығармашылық әрекет Топтық жұмыс.
1-топ: 2-топ:
2722880463557874019050
Жоғарыда көрсетілген слайдты толтыр.
V. бағамдау-бағалау Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
____________________