Геометриялы? объектілерді ??ру процедуралары та?ырыбына ашы? саба?
Бекітемін _____________
«___» ________ 2017ж.
Сабақтың жоспары
Пәні: Информатика
Сынып 9 «А»
Күні Тақырыбы: Графика. Геометриялық объектілерді құру процедуралары.
Мақсаты: Оқушыларға Паскальдің графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, геометриялық фигураларды салуды үйрету, практикалық жқмыс арқылы программа құру дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар модификатор ұғымы, оның түрлерң мен қызметі жайлы біледі
Ресурстар, көрнекіліктер: Компьютер, презентация, карточкалар, кеспе қағаздар.
Кезең Оқытудың формалары, әдістері Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Оқушылармен амандасып, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.
Оқушыларды «Шаршы», «Шеңбер», «Үшбұрыш» топтарына бөлу
Үйлестірме қағаздарда фигуралардың суреті болады (төртбұрыш, түзу, шеңбер, доға, эллипс, нүкте). Төртбұрыш, түзу таңдаған оқушылар «Шаршы» тобына топтасады, ал шеңбер, доға таңдаған оқушылар екінші «Шеңбер» тобына топтасады, эллипс, нүкте таңдаған оқушылар үшінші «Үшбұрыш» тобына топтасады. Оқушылар амандасады, топқа бөлінеді.
Үй жұмысын қайталау (10 мин)
а) Лото ойыны, (тапсырмалар)
1. Алгоритм дегеніміз не? (Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып, қажетті нәтижеге қол жеткізуді жүзеге асыратын әрекеттердің орындалу ережесі.)
2. Дербес компьютердің техникалық құрылғыларын басқаратын арнайы программа? (Драйверлер)
3. Бейнемонитор немесе дисплей дегеніміз не? (Мәтін және графикалық бейнелер щығарылатын құрылғы)
4. Экранды басқару блогы, оны дисплей адаптері немесе адаптер деп те атайды? (Бейнеадаптер)
5. Var операторының қызметі қандай? (Айнымалыларды сипаттау)
6. Пиксель дегеніміз не? (Экранның басқарылатын ең кіші элементі)
7. Readln операторының қызметі қандай? (Берілгендерді еңгізу)
8. Writeln операторының қызметі қандай? (Нәтижені шығару) Сұрақтарға жауап береді
ә) «Ойлан-Тап»
1. Француз ғалымы Блез Паскаль (1623-1663) математика, физика, информатика саласында көптеген жаңалықтар ашқан
2. Швейцариялық ғалым Никлаус Вирт Паскаль программалау тілін 1968-1971 жылдары оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын
3. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуынан шыққан Оқушылар фотосуретте бейнеленген адамды табу қажет.
б) «Ішіне-сыртына»
Internet, Paint, Writeln, Readln, WordPad, Integer, Real, Microsoft, Program, Var, Excel, Const, Power Point, begin, Word, uses graph, ClsScr, end.
Ішіне Сыртына Өзіме
Кестенің ішіне Паскаль программалау тілінде қолданылатын операторларды жазады, сыртына программалау тіліне жатпайтын сөздерді жазады, ал өзіме-өзіне қатысты сөздерді жазады.
Жана сабақ (Сөзжұмбақ) (9 мин)
топтық жұмыс, "Жигсо" әдісі
Жаңа сабақты бастамас бұрын мына сөзжұмбақты шешейік.
1 b e g i n 2 w r i t e l n 3 p r o g r a m 4 р i x e l 5 c h a r 6 i n t e g e r
7 c o n s t 1. Негізгі бағдарламаның басы
2. Шығару операторы
3. Бағдаралама тақырыбы
4. Экранның басқарылатын ең кіші элементі
5. Символдық тип
6. Бүтін санның типі
7. Алгоритмнің орындалу барысында мәні өзгермейтін шама
Ортадағы ерекше тор көздегі сөзге назар аударайық. «Graphic» сөзі ағылшын тілінен аударғанда графика деген мағынаны береді екен. Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Графика. Геометриялық объектілерді құру процедуралары».
Нүкте салу операторы
Экранның кез келген жеоіне нүкте салуға болады, GRAPH модулінде нүкте PutPixel процедурасы арқылы салынады
Оның пішімі:
PutPixel (X,Y : integer; color: word);
Мұндағы X, Y – нүкте координаторлары, color оның түсін анықтайды.
GetPixel функциясы - координатасы көрсетілген экранның графикалық нүктесінің түсін анықтайды.
Форматы: GetPixel (х,у,С); мұндағы х,у - нүктенің координатасы, С – түсі.
Түзу сызық салу процедурасы - Экранда екі шетінің координаталары берілген кесінді сызуды атқарады.
Line (X1,Y1, X2,Y2: integer);
Мұнда ағымдағы түс бойынша координаталары X1,Y1 нүктесінен X2,Y2 нүктесіне дейін кесінді сызылады.
Бастапқы нүкте көрсетілмесе, онда мына процедура
Lineto (X,Y : integer); - курсор тұрған орыннан бастап коорданаталары X,Y болатын нүктеге дейін түзу сызық сызады.
Көпбұрыш сызу процедуралары - Көпбұрыштың бірнеше түрін сала алады.
Rectangle (X1,Y1, X2,Y2: integer); – сол жақ жоғарғы (x1,y1) және оң жақ төменгі төбелерінің координаталары (x2,y2) бойынша төртбұрыш сызады. Оның іші боялмай, экран түсімен бірдей болады.
Bar (X1,Y1, X2,Y2 : integer); - мұнда ағымдағы түспен іші боялған тіктөртбұрыш сызылады.
SetFillStyle (Pattern, Color: word); - объектінің ішін бояйды, толтыру стилі мен түсін көрсетеді. Мұндағы Pattern – толтыру стилі, ол тұрақты немесе нөмір арқылы беріледі; Color - толтыру түсі.
Доға, шеңбер және эллипс сызу процедуралары
Circle (X,Y: integer, r: word); – шеңбер сызу процедурасы, мұндағы x, y – центрдің координатасы, r – пиксель арқылы берілген шеңбердің радиусы.
Arc(X,Y: integer; B1, B2, R: word); - доға сызу процедурасы, мұндағы x, y – центрдің координатасы, В1, В2 – доғаға сәйкес бұрыштың алғашқы және соңғы мәндері, R - радиусы.
Ellipse (X,Y: integer; B1, B2, RX, RY: word); - эллипс доғасын сызады, мұндағы x, y – центрдің координатасы, В1, В2 –алғашқы және соңғы доғаның бұрыштары, RХ, RY – эллипстің көлденең және тік радиустары. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, сабақтың тақырыбын табады.
Жаңа тақырыпты топпен талдайды, әр топтан бір оқушы екінші толпқа келіп өз тақырыбын түсіндіреді.
Практикалық жұмыс (15 мин)
Жеке жұмыс Карточкаларда берілген программаны Паскаль бағдарламалау тілінде орындау, және координаталарын өзгертіп көрсету.
«Шаршы» тобы (төртбұрыш, түзу) үшбұрыштың суретін Паскальда салу.
«Шеңбер» тобы (шеңбер, доға) sin (x)–тің графигін сызатын программа құру салу.
«Үшбұрыш» тобы (нүкте, эллипс) төртбұрыштың суретін Паскальда салу.
Ақпараттық диктант.
Аталған фигура және процедураларды программалау тіліне аударып (ағылшын тілінде), сауатты жазыңдар.
1. Түс, 2. Нүкте, 3. Түзу (сызық), 4. Тіктөртбұрыш, 5. Іші боялған тіктөртбұрыш, 6. Шеңбер, 7. Экранның фонының түсі, 8. Фигура жиегінің түсі, 9. Эллипс, 10. Доға, (1.Color, 2.PutPixel, 3.Line, 4.Rectangle,5. Bar, 6.Circle, 7.SetBkColor, 8.SetColor, 9.Ellipse, 10.Arc) Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазады
Рефлексия (4 мин)
6. Рефлексия.
- мен бәрін түсіндім - менде сұрақтар бар
- тақырыпты түсінбедім Смайлик арқылы оқушылар өзінің сабақты қалай тусінгенін көрсетеді.
Үй тапсырмасы (2 мин)
7.4 тақырып (250-259 бет)
Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
Оқушыларды бағалау (3 мин)
Бағалау парағы бойынша оқушылармен бірігіп бағалау, өзара бағалау Бағалау критерийлері бойынша бағалайды, өздері баға береді
Информатика пәні мұғалімі __________________ Ә.Т. Әсен