Презентация по химию на тему К?кірт (9 класс)


КүкіртОрындаған: Жайнақ Әнел9 сынып Күкірт III периодтың, VI топтың негізгі топшасының элементі, реттік нөмірі 16. Олай болса ядро заряды +16, протон саны 16, нейтроны да 16; электрондарының жалпы саны 16. Күкірт – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент.Тұрақты 4 изотопы бар. Сондай-ақ жасанды жолмен алынған 6 изотопы белгілі. Күкірттің жер қыртысындағы салмақ мөлшері 0,05%, теңіз суында 0,08 – 0,09%. Қалыпты жағдайда күкірт сары түсті, бейметалл. Табиғатта бос күйінде (саф К.) және сульфидті (мысалы, пирит, галенит, антимонит, т.б.), сульфатты (гипс, ангидрит, барит, мирабилит, т.б.), т.б. минералдар түрінде кездеседі. Күкірттің бірнеше кристалдық түрлері белгілі, оның ішіндегі орнықтылары ромбылы α-күкірт және моноклинді β-күкірт. Күкірттің тығыздығы 2,07 г/см3 (α-түрі) және 1,96 г/см3 (β-түрі), балқу t 112,8°С, қайнау t 444,6°С, жылу өткізгіштігі 0,208 Вт/(м·град). Периодттық жүйедегі орныЭлектрондық құрылысы. Осы электрондар үш электрондық қабаттарда бөлініп орналасады, күкірттің электрондық формуласы:1s22s22p63s23p4Күкірт II, IV, VI - валентті бола алады, ал тотығу дәрежелері -2,0, +4, +6 болып келеді. Химиялық қасиеттеріS+O2=SO2Na2SO3+HCl=2NaCl+H2O+SO2↑Өндірісте сульфидтерді жандыру арқылы:2ZnS+3O2=2ZnO+2SO2↑2SO2+O2↔2SO3↑1) негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:SO2+Na2O=Na2SO3SO3+Na2O=Na2SO42) негізбен әрекеттескенде тұз және су түзіледі:SO2+2NaOH=Na2SO3+H2OSO3+2NaOH=Na2SO4+H2O Физикалық қасиеттеріСу жұқтырмайдыt=119CҮш аллотропиялық түр өзгерісі барҚатты кристалды затСуда нашар еридіСары түсті Жылу мен ток өткізбейдіМорт келетін қатты зат Күкірт біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын белгілі болған. Шөгінді күкірт кенінің ең көп жері — Орта Азияда (Қарақұм, Гаурдақ, Шорсу), Поволжьеде (Куйбышев қаласы маңында).Вулкандық күкірт кендері Кавказда, Камчаткада және Курил аралдарында кездеседі. Шет мемлекеттердегі күкірт кені Италияда, Сицилияда бар. Техас және Луизиана штаттарындағы (АҚШ) күкірт кендері тау жыныстарының жарығында кездеседі. Вулкандық күкірт кендері Италияда, Жанонияда, Чилиде» т. б. жерлерде бар.Кен орны Табиғатта таралуыШығыс Қазақстан облысында сульфидтер (ZnS, PbS, FeS2, т.б.) күйінде болса, сульфаттары (CaSO4 • 2Н2O - ғаныш (гипс), Na2SO4 • 10Н2O - мирабилит, FeSO4 • 7Н2O - темір купоросы) т. б. болады. Күкірт қосылыстары мұнайда және тас көмірде де кездеседі. Бос күйіндегі күкіртті тау жыныстарынан балқыту арқылы алады.Вулкан атқылағанда газбен ілесе ұшқан күкірт сыртқа шығып кристалл түрінде қатаяды. Ондай күкіртті вулканмен байланысты арасан көздерден (фумаролдардан), тау жыныстарының жарықтарынан, қуыстарынан кездестіруге болады. Табиғатта таралуы Күкірттің қолданылуы Күкірт тағам құрамында Табиғатта күкірттің үздіксіз айналу құбылысы. Күкірт өзінің оксидтері SО3 пен SО2, күкіртсутек Н2S және бос күкірт күйінде жанартаулардың атқылауы кезінде сыртқы ортаға шығарылады. Сонымен қатар табиғатта күкірт айналымына көп мөлшерде темір, қорғасын, мырыш, т.б. металдардың сульфидтері қатысады. Сульфидтер құрамындағы күкірт биосферада көптеген микроорганизмдердің әсерінен сульфаттық күкіртке дейін тотығып топырақ пен судың құрамында болады. Топырақтағы сульфаттарды өсімдіктер бойына сіңіреді.  Күкірт айналымы Адам мен жануарлардың организмінде күкірт аминқышқылдары мен белоктың құрамында болады, ал өсімдіктерде эфир майларының, т.б. құрамына кіреді. Топырақта және теңіз лайларында өлі организмдер қалдықтарының ыдырауы кезінде күкірттің өте күрделі өзгерістері байқалады. Микроорганизмдер әсерінен белоктың ыдырауы нәтижесінде пайда болған күкіртсутек әрі қарай бос күкіртке не сульфаттарға дейін тотығады. Бұл процесте түрлі микроорганизмдердің қатысуы нәтижесінде күкірттің көптеген аралық қосылыстары түзіледі. Топырақтағы күкіртсутектен түрлі сульфидтік кендер, ал сульфаттардан гипс кендері түзіледі. {5940675A-B579-460E-94D1-54222C63F5DA}SӘлсіз,екі негізді тұрақсыз қышқылH2SҚара түстіSO2Қоңыр түстіZnSКең тараған элементBi2S3Жағымсыз иісті,улыPbSАқ түстіH2SO3Ылғал тартқышSO3Тұңшықтырғыш иістіCәйкестендір: Сұрақтарға жауап бер1)Күкірттің электрондық формуласы?2)Демеркуризация дегеніміз не?3)Күкірттің физикалық қасиеті?4)Күкірт сутегі зертханада қалай алынады?5)Олеум дегеніміз не? Деңгейлік тапсырмаларH2S+SO2SO2+CH2S+MgH2S+FeOH2S+NaOHH2S+Pb(NO3)2FeS+HClSO2+H2OSO3+H2O II-деңгей1)Күкірттің оксидін су астында жинауға бола ма?2)Қышқылдық оксидтер қандай заттармен әрекеттеседі?Реакция теңдеуін жаз3)Сульфидтердің K2S,Ag2S қайсысы гидролизденеді?Реакция теңдеуін жаз4)Күкіртті газдың ауамен,сутегімен салыстырғандағы тығыздығы қандай?5)Сульфид ионына қандай ион реактив бола алады? III-деңгей1)Массасы 200г 20% -дық қорғасын нитраты ерітіндісі арқылы көлемі 10л күкіртті сутек жіберілгенде қанша сульфид тұнбаға түседі?2)Көлемі 30м3 күкірт оксиді тотығу үшін қанша көлем ауа қажет?3)Массасы 50г 2%-дық калий пермаганаты ерітіндісін түссіздендіру үшін қанша грамм натрий сульфиті қажет? Балқаш, НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!